Жаңалықтар.

04.11.2010 ж. өткен Ғылыми Кеңесте «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-нда КАЙДЗЕН үздіксіз жақсарту стратегиясын жүзеге асыру Ережесі мақұлданған және бекітілген. КАЙДЗЕН – барлық еңбек ұжымын үздіксіз жақсарту үдерісіне тарту үшін Жапонияда құрастырылған

бағдарлама.

Енді Университеттің әрбір жұмыскері өз модернизациясы немесе рационализациясы бойынша қандай да бір үдерістің немесе процедураның нәтижелілігін, тиімділігін және нәтижелер сапасын жақсарту мақсатында Идеясын ұсына алады.

Ереже – Идеяны рәсімдеумен, берілуімен және қарастырылуымен байланысты барлық процедураларды және де Идея үшін және оның жүзеге асырылғандығы үшін  жұмыскерді материалды марапаттау тәртібін реттейді.

Ереже мәтіні университет сайтында Сапа менеджмент Бөлімі айдарында орналастырылған, сондай-ақ Сіз құжаттың электрондық түрін СМЖ бөлімінен ала аласыз.

Идея авторы өз Идеясын арнайы бланк толтыру арқылы құжатты түрде рәсімдеу керек (Ереженің 1 Қосымшасы). Бланктің үзбелі бөлігін ректораттың кіру есігінің оң жағында орналасқан арнайы KAIZEN жәшігіне саласыз. Бланктің екінші бөлігін Идея авторы өз авторлығын растау үшін өзінде сақтайды.

Университеттің интеллектуалды өміріне белсенді қатысыңыз және өз қазынаңызды көбейте беріңіз! Барлығына сәттілік тілейміз!!!

Қосымша ақпаратты СМЖ бөлімінен алуға болады (ректорат, 229 бөлме, ішкі тел.111, [email protected]).


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *