Жаңалықтар.

«Аксай» РБКА базасындағы №1 балалар  аурулары кафедрасында 2011 жылдың 28 ақпан куні  «Шылым шегу және балалар» атты дөңгелек үстел  өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.,  проф. Сарсенбаева С.С., кафедра ассистенттері және педиатрия факультетінің 6 курсының 611-3к тобы, жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттерінің 013-1к, 013-3к, 014-2к топ студенттері  қатынасты. Дөңгелек үстелде 013-1к топ  студенттері Кусаинова Сания, Айтуғанова Камшат, Узганбаев Орақ, 014-2к топ студенті Жабагов Дамир және 611 топ студенті Кожаханова Айгерим белсене қатынасып өз ойларын ортаға салды.  Соңында  кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.,  проф. Сарсенбаева С.С. қорытынды  сөз сөйледі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *