2012 жылдан бастап С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Азия, Еуропа және ТМД мемлекеттерінің емдеу мекемелері үшін шетелдік азаматтар қатарынан мамандар даярлау жүзеге асырылады. Қазіргі таңда университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік азаматтарды оқыту жұмысын шетел студенттері деканаты жүргізеді. Бүгінде ҚазҰМУ-да 424-ке жуық Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Моңғолия, Ресей, Өзбекістан, Тәжікстан, Иордания, Үндістан, Түркменстан, Ирак, Ауғаныстан, Белоруссия, Сирия және т.б. мемлекеттердің азаматтары білім алып жатыр. Шетелдік студенттер санының артуын, шетелдік азаматтар арасындағы біздің университет мәртебесінің танымалдылығының артуымен, сонымен қатар білім беру сапасы және материалдық-техникалық базасының барынша жақсарумен түсіндіруге болады. Соңғы екі жылдағы шетелдік студенттер санының күрт өсуі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Ауғанстанға ресми сапары барысында Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы  арасындағы үкіметаралық келісім тығыз жасауымен байланысты.   Деканатта төмендегі бакалавриат мамандықтары бойынша студенттер даярлау жүзеге асырылады:

  • 5В130100 «Жалпы медицина» — 5 жыл + 2 жыл интернатура
  • 5В 130200 «Стоматология» — 5 жыл +1 жыл интернатура
  • 5В110400 «Медико — профилактикалық іс» — 5 жыл
  • 5В110300 «Фармация» — 5 жыл
  • 5В110100 «Мейірбике ісі» — 4 жыл
  • 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» — 5 жыл
  • 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» — 4 жыл
  • 5В050700 «Менеджмент » — 4 жыл

Шетелден келген студенттер арасында «Жалпы медицина», «Стоматология» және «Фармация»  мамандыөтары үлкен сұранысқа ие. Бүгінде ЖШС «ADAMCompany» компаниясымен Араб Республикасы (Египет), Түркия Республикасы, Иордан Хашимит Корольдігі, Кувейт Мемлекеті, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар мемлекеті, Бахрейн Корольдігі, Ирак Республикасы,  Ливан Республикасы, Ливия, Палестина және Сирия Араб Корольдігінен 50 талапкер қабылдау туралы  меморандумға қол қойылды. Университет кафедраларында  ағылшын тілінде білім берудің мол тәжірибесі жинақталды, бұл ағылшын тілінде білім алғысы келетін шетелдік және Қазақстандық студенттер арасында білім беру үдерісін ұтымды жүзеге асыруға ықпал етеді. Ағылшын  топтарында шетелдік және қазақстандық студенттердің бірге білім алуы, шетелдік студенттердің жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға, білім беру жүйесіне, өзге тілге  бейімделуіне мүмкіндік береді. Деканатта оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде тәрбие жұмысына ерекше назар аударылады. Алғашында, университетте шетелдік студенттерді оқыту өз Отанында жоғары сұранысқа ие болатын, алдыңғы қатарлы озық маман даярлау тұрғысынан тұжырымдалды. Сондықтан да,  жастардың оқу, мәдени, ғылыми, қоғамдық өмірге бейімделуі үшін,  қолайлы жағдайлар жасауға айырықша көңіл бөлінген.  Орыс тілін  білмейтін немесе жеткіліксіз деңгейде білетін азаматтар,  дайындық курстарында тілдік білімін жетілдіру мүмкіндігі бар. Дайындық курстардың ұзақтығы 8 айды құрайды.   Деканат Қазақстан азаматтарын «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша даярлауды жүзеге асырады. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім беру 2007 жылдан басталды. Мейірбике ісі мамандығы бойынша негізгі білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі– 4 жыл. Мамандардың оқуы аяқталғаннан кейінгі кәсіби қызметі халықтың денсаулығын сақтау мен қамсыздандыруға, мейірбикелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру  арқылы медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мақсаттарына және орнына сәйкес түлектердің кәсіби қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:

  • профилактика, диагностика, емдеу, реабилитация;
  • әлеуметтік күтім;
  • басқару (басқарма);
  • зерттеу;
  • бақылау;
  • оқыту;
  • ақпарат беру.

Мейірбике ісі мамандығының түлектері магистратурада оқуын жалғастыра алады. Деканат кафедралары:

  • «Мейірбикелік тәжірибені ұйымдастыру»
  • «Клиникаға кіріспе мейірбике ісі курсымен»
  • «Коммуникативтік дағдылар, психология негіздері, жалпы және медициналық психология»;
  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер»;
  • «Қазақ тілі»;
  • «Орыс тілі»;
  • «Шет тілі»;
  • «Латын тілі» модулі;
  • «Геронтология және гериатрия» модулі;
  • «ЖИТС инфекциясы және ИБ» модулі