Жаңалықтар.

Шаруашылықты жүргізу құқығындағы

мемлекеттік мекемені тиімді басқару

«Біздің елдегі денсаулық сақтау жүйесі өздеріне жүктелген жауапты сәттер үшін тер төгуде.  Артқа шегінер жол жоқ, сондықтан біз заман талабына сай жоғары дәрежелі дәрігерлік көмек беру жүйесін жандандыруымыз керек. Біздің мақсат – денсаулық сақтау ұйымына келіп түсетін барлық қорларды тиімді қолдану».

ҚазҰМУ-дың ректоры Айқан Ақанов

(2011ж. 28 наурыздағы денсаулық сақтау менеджерлерінің біліктілігін арттыру курсын ашу салтанатындағы баяндамасынан)

Наурыздың 28-ы күні ҚазҰМУ-да медицина мекемелерінің біліктілігін арттыру мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық аймақтарындағы медицина басшыларының қатысуымен «Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемені тиімді басқару» тақырыбында 6 күндік оқу курстары басталды.

Оқытудың мақсаты – шаруашылық құқықындағы мекемелердің, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындардың, өкіметтік және өкіметтік емес ұйымдар мен медициналық  мекемелердің   басқару аймақтары туралы  білім қорын игеру  болып табылады.

Курстың негізгі тапсырмалары:

1.      Денсаулық сақтау менеджерлерінің кәсіби институттарына  бюджетті әзірлеу, стратегиялық қағиданы жоспарлау және халықаралық стандарттарды енгізу;

2.      қор сақтаушы технологияларды, сонымен қатар аурухана төңірегіндегі трансферттік технологияларды өңдеу және енгізу;

3.      денсаулық сақтау мекемелеріндегі, сонымен қатар шаруашылықты жүргізу құқығындағы медициналық мекемелердегі сатылап аудару қызметтерінің тиімділігін жоғарылату;

Менеджерлерді дайындау іс-шараларының жоспарына сәйкес ағымдағы жылда республика бойынша денсаулық сақтау менеджерлерінің 1618 мамандарын дайындау жоспарлануда, соның ішінде аурухана мекемелеріне 774 маман әр мекемеге 3 адамнан (басшы\ басшының орынбасары, экономист, бас есепші); АМСК (844 маман 4 адамнан). ҚазҰМУ 743 менеджерлерді дайындайды (аурухана мекемелеріне — 435 адам, АМСК мекемелеріне — 348 адам).

Оқытудың формалары:

—          Дәрістер;

—          Семинарлар;

—          Тәжірибелік сабақ;

—          Өзіндік жұмыстар;

—          Жобалар жасау;

—          Басқа да медициналық мекемелерге, аймақтарға шығу.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *