5 6

  Х. ДОСМУХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКТЕБІ

 

  Х. Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ҚДСМ) 23.12.2009ж. құрылды (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ректорының № 667 Бұйрығы).

 

Мектеб қызметкерлері:

Төлебаев Қ.А.- м.ғ.д., профессор- директор

Тұрдалиева Б.С. – м.ғ.д., директор орынбасары

Қалмаханов С.Б.- м.ғ.к., ғылыми жобалар бойынша жетекші

Измуханбетов Т.А.- м.ғ.д., профессор, жетекші маман

Байсунова Г.- халықаралық қатынас бойынша менеджер

Даулетова Д.А.- әдіскер

Х. Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мақсаты ғылыми ықпалдастық бағыттар, білімдік бағдарламалар және халықтық денсаулығын қорғау және нығайту мемлекеттік саясаты саласындағы сабақтас пәндердің тәжірибелік дағдылары негізінде қоғамдық денсаулық сақтауда мамандардың жаңа ұрпағын дайындау болып табылады. ҚДСМ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың құрылымдық бөлімі және ғылыми тәжірибелік базасы болып табылады.

Х. Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің міндеттері:

  • Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша жаңа тұжырымдама дайындау және енгізу
  • Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша сабақтас пәндердің білімдік бағдарламаларын кезең-кезеңмен ықпалдастыру
  • Ғылым, білім және тәжірибенің бірлігін қамтамасыз ету.
  • Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша білімдік бағдарламалардың үздіксіздігін, көп деңгейлігін және икемділігін қамтамасыз ету.

ҚДСМ-нің стратегиясы:

  1. Қоғамдық денсаулық сақтау бсаласында ғылыми бағыттарды ықпалдастыру
  • Қаз ҰМУ, ҒЗИ, қазақстан ҰО-ң ғалымдарын тарту арқылы қоғамдық денсаулық сақтау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша Үйлестіру Кеңесін құру.
  • Елдің және университеттің ғылыми мүмкіндігін дамыту үшін ғалымдармен бірігіп кешендік ғылыми-зерттеу жұмыстарын өккізіге магистранттарды, докторанттарды, резиденттерді, студенттерді белсенді түрде тарту.
  • Ғылыми- зерттеу қызметің қорытындыларын дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі оқу үрдісіне енгізу.

 

  1. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында біліми бағдарламаларды ықпалдастыру
  • Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша жұмыс топтарын (оқу- адістемелік орталық) құру.
  • Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі бағыттары бойынша магистранттарды, докторанттарды, студенттерді біріктірілген оқу түрімен оқытуды дамыту
  • Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу (құзыреттілік негізінде интерактивті)
  • Үздіксіз және көп деңгейлі оқу үрдісін ұйымдастыру (бакалавриат, магистратура, бизнес әкімшілік магистры, PhD докторантура)
  • Ғалымдар, мұғалімдер, магистранттар, докторанттар және студенттер арасында тәжірибе алмасу арқылы басқа елдердің Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерімен әріптестікті дамыту.

Негізгі щаралар

Х. Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жыл сайын қоғамдық денсаулық сақтау сұрақтары бойынша Халықаралық Мектептер ұйымдастырылады және өткізеді.

Мақсаты – халықаралық білім беру кеңістігіне заманауи технологияларды пайдалану және интеграция жолымен қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті сұрақтары бойынша үйренушілердің дайындық деңгейін жоғарлату.

Міндеттері:

  1. Заманауи денсаулық сақтау мәселерін дәлелді медицинаның принциптеріне негізделген қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті сұрақтары мен шешімдерін табуды оқыту.
  2. Медициналық ақпарат және жахандыру жаңаруының жылдамдығының артуын ескере отырып қоғамдық денсаулық сақтау саласында тыңдаушылардың білімін дағдыландыру.
  3. Тындаушыларда сыни ойлау дағдыларын және ғылыми ақпаратты талдауды қалыптастыру үшін қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа жолдары мен технологиясын қолдану.
  4. Әлемдік деңгейдегі ең жақсы білімді интеграциялау және жоғарғы оқу орны арасында білім кеңістігін құру.

1

ҚазҰМУ-ң жоғарғы курс студенттері және басқа медициналық жоғарғы оқу орындары үшін ҚДСМ жыл сайын  « Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті сұрақтары» халықаралық Қысқы мектеп өткізеді.

 2

Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, мұғалімдер, тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдеріне «Қоғамдық денсаулық сақтаудың таңдамалы сұрақтары» атты Халықаралық Жыл сайынғы Жазғы мектепті өткізеді.

 

ҚДСМ қоғамдық денсаулық сақтаудың түрлі аспектілері:   «Management in Public health and Evidence-based medicine», «Ғылымизерттеулердің әдістемесі», «Геронтология», «Заманауи ауруханалық менеджмент», «Дәлелді медицина» және басқа да шет елдік, отандық осы саладағы мамандардың қатысуымен халықаралық семинарлар ұйымдастырылады және өткізіледі «Visiting professor» бағдарламасына белсенді қатысады

 4

ҚДСМ жыл сайын қоғамдық денсаулық сақтауың өзекті аспектілері бойынша, соның ішінде Қазақстанның басым аурулар классының диагностикасы, емі, профилактикасының қазіргі заманғы шешімдерін табуда халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияларды өткізеді.

ҚДСМ «Қазақстанда егде жастағы тұлғалардың белсенді ұзақ өмір суруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы модельді әзірлеу» және «Ауруханалық менеджмент» ғылыми техникалық бағдарламаларының орындаушысы болып табылады. Университет қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерін, сонымен қатар клиникалық кафедралардың, республиканың ЕПМ қызметіне интеграциялау денсаулық сақтау саласы зерттеулерінің негізгі мотивациясы. Денсаулық сақтау органдарымен біргіп жұмыс жасау ғылыми зерттеулерді белсендірудің іргетасын, соның ішінде  ғылыми-тәжірибелік ойлардың, мамандардың кәсіби біліктілігінің сәйкесінше өсу факторы болуын құрайды.

Х. Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебіның үздіксіз және көп деңгейлі оқу үрдісін ұйымдастырудың стратегиялық жоспары болып болашақта МВА бойынша оқыту, ғалымдар, мұғалімдер, магистранттар, докторанттар және студенттер арасында тәжірибе алмасу арқылы басқа елдердің Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерімен байланысты дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау сұрақтарымен, инновациондық технологияларды, тәжірибелік денсаулық сақтаудағы дәлелді медицина енгізу айналысатын халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамыту.

Мекен жайы: Төле-би көшесі, 94, корпус №1, 1 қабат, Тел.: +7(727) 338 70 90, внутр. 7165, 7168, 7169. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Сайт: www.kaznmu.kz.