Жаңалықтар.

DSC_4703   IMG_2600

9 желтоқсан күні университет күндері аясында Джо Асвалл атындағы аудиторияда профессор Қ.А. Төлебаевтың төрағалығымен «Белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды сұрақтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға ДДСҰ-ның Европа аймақтық бюросының Қазақстандағы офисінің жетекшісі доктор Мария Кишман, Нагасаки университетінің профессоры Набору Такамура қатысты. Конференцияда Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры, профессор Қ.А. Төлебаев, Қазақ Тағамтану академиясының вице-президенті, профессор Ю.А. Синявский, ҚазҰМУ-дың қартаюға қарсы мәселелерді зерттеу лабораторясының меңгерушісі профессор А.Т. Маншарипова, ішкі аурулар оқу департаментінің директоры профессор Б.Г. Исаева, №3 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі профессор А.С. Ибадильдин, лабораториялық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасының профессоры Н.Р. Аблаев, инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының мамандары м.ғ.д. Э.К. Мұхамеджанов, М.Е. Құлманов, клиникалық психология, психотерапия, коммуникативті дағдылар кафедрасының меңгерушісі профессор М.А. Асимов баяндамалар жасады. Конференция соңында баяндамалар талқыланып резолюция қабылданды. Конференция жұмысы бойынша материалдар жинағы жарық көрді, қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Конференцияның өз деңгейінде өтуіне Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұжымының қосқан үлесі зор болды.

 

IMG_2535  IMG_2550


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *