Хабарландыру




01.12.2010

9 желтоқсан 2010 жылы сағ 9.00 да Джо Асвалл атындағы залдың ашылуы болады.

Джо Асвалл – 1985-2000 жылдар аралығында ДДСҰ-ның Европалық бюросының директоры қызметін атқарған.

9 желтоқсан 2010 жылы сағ 10.00 да С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 80-жылдығына арналған «Белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжирбелік конференция өтеді.

Конференция халықтың қартаю мәселелері, егде және қарт жастардың медико-әлеуметтік аспектілері, өмір сүруді ұзартудың тәсілдері тақырыбындағы мәселелерді талқылауға арналады. Конференцияға «Тағамтану академиясы» ЖАҚ Президенті, РМҒА және ҰҒА акдемигі Т.Ш. Шарманов, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры, профессор А.А. Ақанов, Нагасаки университетінің радиациалық эпидемиология Департаментінің профессоры Нобору Такамура қатысады.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы Төлеби көшесі 94, 1-оқу корпусы,

2-қабат №5 дәрісхана.

Жауапты:

Рамазанова М.А.,

Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық

денсаулық сақтау мектебі.

Тел:8(727)2926487, ішкі 345.