Жаңалықтар.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі, Қоғаммен байланыс, сондай-ақ, Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалі өтіп жатыр. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отырған бұл дәстүрлі шараны қазан айының 21-і күні «Емдеу» факультеті жалғастырмақ! Университет аясында өтетін мерекелік шараның мақсаты мен мүддесі – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ана тілімізді дәріптеу, қастерлеу және болашақ дәрігерлердің ұлттық рухын ояту. Фестивалдің шарттары бойынша «…Қасиетті тілімнен түңілмедім» би-шешендердің шығармашылығынан сахналық қойылым, «Тіл – татулық тірегі» өзге ұлт өкілдерінің арасында өнер көрсетуден, «Мақсатым – тіл ұстартып өнер шашпақ…» Абайдың қара сөзін, я, өлеңін жатқа айту немесе Абай әндерін шырқаудан, «Медицина білімі мемлекеттік тіл аясында» тақырыбында бейнероликтер және т.с.с., әр түрлі қызықты тақырыптарда факультеттер сайысқа түседі. Ал, байқауда үздік өнер көрсеткен таңдаулы студенттер 14-желтоқсан күні өтетін Гала-концертке жолдама алады.
Басталуы: 21-қазан, сағат 17:00. Конгресс-хол!

Қазақтың шертпе күйлері, түрлі ұлт өкілдерінің билері мен тамаша сахналандырылған көріністердің көрермені болыңыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *