С.Ж. Асфендияров атындағы КазҰМУ акушерия және гинекология (№3  курсы) кафедрасының доценті, м.ғ.к. 1972 ж. туылған, Джардемалиева Нуржамал Женысовнаның

 

Джардемалиева Нуржамал Женысқызы, Алматы Мемлекеттік  медицина институтын  1995 ж «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.

Институтты бітірген соң,  09.1995 — 01.1996жж. аралығында Алматы қаласындағы қалалық перинаталды орталықта біліктілігін арттырды. 01.1996 —  10.1997жж аралығында сол мекемеде акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді.

11.1997-11.2000жж. ана мен бала денсаулығын қоргау республикалық ғылыми зерттеу орталығында аспирантурасын аяқтады.

09.2001 ж. Қаз ҰМУ акушерия және гинекология кафедрасына, кафедра ассистенті ретінде жұмысқа қабылданды. Оқу процессіне жауап бере отырып (оқу ассистенті, кейін оқу доценті болды),  сонымен қоса , бакалавриат курсы және резидентура бойынша жауапты болды.

2001 ж. «Алдыңғы жүктілікте акушерлік қан кетуді басынан өткізген әйелдерде жүктілік пен босану ағымын болжау» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғады.

12.2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚазҰМУ «акушерия және гинекология бойынша интернатура және резидентура» кафедрасының доценті.  09.2016ж. кафедра «акушерия және гинекология» деп өзгертілді (курс №3).

2012 ж. – ҚазҰМУ үздік оқытушысы – 3 орын

2014 ж. – ҚазҰМУ үздік оқытушысы – 2 орын

2013-2015жж. – Оқу үдерісінде инновациялық әдістерді енгізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы.

2017 ж. тамыз айынан бастап – Халықаралық медицина факультетінің деканы.

Жалпы еңбек өтілімі – 20 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілім — 16 жыл.

Қазіргі таңда №8 ҚЕ базасындағы әйелдер кеңесінде клиникалық жұмыс жасайды. Жоғары қауіптілік тобындағы жүкті әйелдерге кеңес береді, ана және бала өлімі  бойынша жағдайларды рецензирлейді.

Мамандық бойынша осы уақыт аралығында жүктілерге, босанушыларға, босанғандарға және гинекологиялық науқастарға тексеру,  диагностикалау, емдеу мен жедел көмек беру әдістерін игерді.

Одан басқа өз өзімді жетілдіремін – медициналық әдебиеттерді зерттеп, семинарларға, қаланың акушер — гинекологтарының жиналысына, ғылыми- тәжірибиелік конференцияларға қатысты.

Қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

 

Ф.И.О. Должность Внутренний номер Электронная почта Кабинет Часы приема
1 Джардемалиева Н.Ж. Декан 7072 [email protected]

 

101 8.30-12.30

14.30-18.30

2 Мухамедиева Г.М. Заместитель декана по воспитательной работе 7270 [email protected] 109 8.30-12.30

14.30-18.30

3 Кодекова Г.С. Заместитель декана по академической работе 7573 [email protected] 103 8.30-12.30
4 Доскалиева М.А. Заместитель декана по академической работе 7573 [email protected] 103 8.30-12.30
5 Алтхай А. Специалист 7049 [email protected] 109 8.30-12.30

14.30-18.30

6 Тулегенова Б.М. Специалист 7345 [email protected] 109 8.30-12.30
7 Төлегенова Ш.М. Специалист 7344 [email protected] 109 8.30-12.30

14.30-18.30

8 Ибрагим Ж.И. Секретарь 7345 [email protected] 109 8.30-12.30

14.30-18.30