Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма




17.06.2010

 

image

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор,

к.м.н.,доцент Каракушикова Айгуль Садвакасовна

image image

image image

image image

image

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқармасының мақсаттары

image Дербес ойлап, іс атқара алатын, бәсекеге түсе алатын, жоғары мәдениетті,

тез өзгеріп жатқан заманауи жағдайларда тез шешім қабылдайтын

тұлғаны дамытуға ат салысу.

 

 

 

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқармасының міндеттері

  • Студенттердің арасындағы тәрбие процесін ұйымдастыру.
  • Университеттегі тәрбие ісінің әдісі мен түрлерін заман талабына сай жетілдіру
  • Жастардың бастамаларына қолдау жасап, студенттердің өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға жағдай жасау

 

 

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ің Тәрбие істерін ұйымдастыру Концепциясы
(Концепция 2009 жылдың ақпан айында Ғылыми кеңесте қабылданған)
…Концепцияға сәйкес әр курсқа қатысты жекелеген тәрбие шаралары өткізіледі:

I курс студенттерімен этикалық, эстетикалық тәрбие бағытындағы жұмыстар

2009-2010 оқу жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры А.Ақановтың бастамасымен Алматы қаласындағы мәдениттің қара шаңырақтары – Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония, Абай атындағы мемлекттік академиялық опера және балет театры, Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театры және М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрларына 1 курстың …. студенті университеттің қаржыландыруымен барды

Әсем ән мен тәтті күй…

image image

Өнердің қара шаңырығында…

image image

II курс студенттерімен қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу шаралары ұйымдастырылды

Студенттердің бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру мақсатымен университеттің 2 курсының әр студенті айына 3 сағат университет қалашығында, жатақханаларда және оқу аудиторияларында тазалық сақтауға, кітапханада кітаптарды түптеуге, электрондық каталог жасауға көмектесу арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін дамытады.

image image

III-IV курс студенттерін дәрігерлік мамандыққа бағыттау мақсатымен, мейірімділік пен науқастарға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту үшін хосписте, ардагерлер үйінде, мейірбикелік күтім ауруханасында және университет ардагерлері арасында мейірімділік жұмыстары қарастырылған

image image

 

Студенттеріміз балалар үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлықтар жасады

image image

V-VI курс студенттеріне дәрігерлердің кәсіби мәртебесін жоғарлату және кәсіби компетенттілігін дамыту мақсатымен қалалық ЖОО-ы, колледждері мен орта мектептерінде салауатты өмір салты мен әлеуметтік маңызы бар дерттерге арналған ағартушылық дәрістер оқылады

 image image

Университеттің студенттік күзгі балы

image image

 

Университет күндері – 2009
Студент қатарына қабылдау

image image

Тәрбие ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен 2010 жылдың 26 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Хочиева Людмила Хисақызымен «Әйел-отбасы-қоғам» тақырыбында ҚазҰМУ студенттерімен кездесу өткізілді

image

C.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 2008-2011 жылдарға арналған университеттің даму Стратегиясына сәйкес, жыл сайын Университеттің Студенттік Үкіметінің, Омбудсмен және Университеттің Жастар Комитетінің төрағаларын саулау үшін орталық сайлау комитеті жұмыс жасап, ашық түрде сайлау өткізілді

image image image

Елбасымыздың «Мәдени мұра» бастамасын одан әрі дамыту мақсатында, Университетіміздің 80-жылдық мерейтойына, Ұлы жеңістің 65 жылдығына орай және Наурыз мерекесінің қарсаңына университетімізде оқытушылар мен студенттер арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылды

image image

Наурыз – 2010

image image

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқарма мен студенттік ұйымдардың ұйымдастырылуымен университет қалашығында әр түрлі ұлт өкілдерінен құрылған студенттеріміздің қатысуымен мерекелік концерт өткізілді

image image

  • Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқарма, Алматы қаласының Ішкі Істер Басқармасы және Нашақорлықпен күресу Басқармасы бірлесе отырып «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты акция өткізіп, бейнеролик түсіріліп, оны 10.04.2010 жылы СТВ, 31, Таң телеарналарында көрсетті
  • Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқарма мен Университеттің Студенттік Үкіметі қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, одан түскен қаржы Қызылағашта зардап шеккен адамдарға бағытталды
  • Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқармасы ҚазҰМУ-дың студенттік ұйымдары бірігіп, эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Одан жиналған қаржы (123973 теңг) Жамбыл облысының Қордай ауданынан келген, Ақсай балалар ауруханасында жатқан 11 диагнозы бар 2 жастағы Саляма деген кішкентай қызға жіберілді

Ұлы Жеңіске – 65 жыл

  • Проф. Ж.Ғ.Мустафинаның басшылығымен тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқармасының, Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен 13-сәуір күні Университет кітапханасының оқу залында «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» ұранымен «Ұлы Жеңіске – 65 жыл» атты студенттердің ғылыми теориялық конференциясы өтті, конференцияға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Омар С.Д және Мухамеджанов Е.К. қатысты
  • Ұлы жеңістің 65-жылдығына арналған салтанатты жиынға 6 Ұлы отан соғысының, 70 еңбек және Университеттің ардагерлері шақырылды
  • Алғашқы әскери дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен әскери өлеңдер көрмесі өтті
  • Кеңес Одағының батырлары М.Мәметова мен В.Иванилов атындағы аудиториялардың салтанатты ашылды

image