Жаңалықтар.

Университет өмірінің әр түрлі саласын дамытудастудент жастардың рөлі мен қатысуын жоғарылату мақсатындажылда ең үздік студентке оқу, ғылым, қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жеткені және университет беделін арттырғаны  үшін «Университет үміті» атағы беріледі.«Университет үміті» конкурсын өткізу туралы ережеге сәйкес 2015 жылы 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін өткізілді.

Конкурстың 1 айналымында  4 үміткер-«Жалпы медицина», 2-үміткер «Қоғамдық денсаулық сақтау», 2-үміткердің «Кәсіби дайындық» (интернатура) факультеттерінде құжаттарын қарастырып, ұсынған.

«Стоматология», «Фрамацевтика» факультеттері бұл конкурсқа қатысқан жоқ.

Университет деңгейіндегі  конкурстық комиссия 2015 жылы 12 қарашада факультет декандары ұсынған ІІ айналымға өтіп, келесі балл жинақтаған, төменде көрсетілген талапкерлердің құжаттарын қарастырды.

Аты жөні курс факультет балдар
1 Шәріпов Дәулет Камалидинұлы 5 Жалпы медицина 640
2 Сагымбаева Анель Абсултановна 6 Кәсіби дайындық»(интернатура) 609,15
3 Дабаров Абзал Абдихамитұлы 4 Қоғамдық денсаулық сақтау 413
4 Серик Касым 5 Жалпы медицина 393,3
5 Солтанова Мөлдір Мұратқызы 4 Қоғамдық денсаулық сақтау 371,29
6 Мирзалиева Нигора Мирзакаримовна 5 Жалпы медицина 285,64
7 Хисамутдинов Наиль Фанильевич 3 Кәсіби дайындық»(интернатура) 252,78
8 Абу Джабал Мериам Идраисовна 5 Жалпы медицина 222,6

 

Конкурс өлшемдеріне сәйкес санау қорытындысы бойынша «Университет үміті» жеңімпазы болып «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенті Шәріпов Дәулет Камалидинұлы танылды.

Конкурс жеңімпазын салтанатты марапаттау «Университет күндерін» мерекелеу шеңберінде болады. Жеңімпаз диплом мен «Университет үміті» стеласын алады

 

Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөнінде басқарма

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *