УНИВЕРСИТЕТ КYНДЕРІ – 2018



 



5 желтоқсан

Кіші конференц-зал

Уақыты 10.00-13.00

Дөңгелек үстел: «Қазақстан Республикасындағы пневмококк инфекциясының эпидемиологиясы, клиникасының, диагностикасының жəне алдын алудың заманауи аспектілері».Модератор: Микробиология жəне вирусология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Рамазанова Б.А. Қатысушылар: Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер, дəрігерлер.

6 желтоқсан

РЕКТОРАТ, ДАҢҚ ЗАЛЫ, 2 қабат

Уақыты  14.15

Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйе (ИАДСЖ) жағдайында медициналық білім беру сапасын жетілдіру (Павалькис Д., Байльдинова К.Ж., Алтынбеков С.А.). Қатысушылар: ҚР медициналық ЖОО-дағы ҒЗИ/ҰО-ларының өкілдері, шетелдік жоғары оқу орындары – стратегиялық əріптестердің, Университеттің клиникалық базаларының басшылары, басқа да қызығушылық танытушы тұлғалар

ЖАМАҚАЕВ 99, 6 қабат, МƏЖІЛІС ЗАЛЫ

Уақыты  14.30

ИАДСЖ жағдайында медициналық білім берумен клиникалық тəжірибедегі ғылымның рөлі (Жүсіпов Б.С., Балмуханова А.В.). Қатысушылар: ҒЗИ/ҰО-ларының өкілдері, кафедра меңгерушілері, басқа да қызығушылық танытушы
тұлғалар

Практикалық дағдылар орталығы,конференц-зал

Уақыты 14.15

ИАДСЖ аясындағы клиникалық жұмыстар. ҚазҰМУ алдына қандай мақсаттар қоюы керек? (Беркінбаев С.Ф., Тажиев Е.Б., Байдувалиев А.М.). Қатысушылар: Алматы қаласы клиникалары мен емханаларының басшылары, облыстық денсаулық сақтау, жеке клиникалар – Университет базалары,

Университет клиникалары өкілдері.

№7 оқу корпусы

Уақыты 14.15

Қызыларда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш. Алназаровамен кездесу

5 желтоқсан

Ақсай университеттік клиникасы

Уақыты 08.30-14.00

Ортопедиядағы хирургиялық операциялар» Модераторлар: Пусан ұлттық университеті Госпиталінің (ПҰУГ) омыртқа орталығының меңгеруішісі, ПҰУГ-нің ортопедия бөлімінің меңгерушісі, профессор Lee Jungsub;Пусан ұлттық университеті Госпиталінің ортопедия бөлімінің профессоры Park Wonseok.

6 желтоқсан

Практикалық дағдылар орталығы,конференц-зал

Уақыты 09.00-12.00
Əйел бедеулігін талқылау мəселелері.Модераторлар: м.ғ.д., проф. В.Н.Локшин; д.м.н. Г.К.Омарова