Жаңалықтар.

Университетіміздің «Арторталығында» халқымыздыңұлы ақыны, философыАбай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Адамзаттың Абайы» атты әдебисаздытанымдық кеш өтті

 

Мерекелік кештің мақсаты: өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухани құндылықтарын аша отырып, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кешке белгілі абайтанушы ғалым Ж. Шойымбет және университет  ұстаздары мен студенттері қатысты. Проф. С.Ә.Әмреев,  Р.Т. Жұмашева, Б.А.Амантаевтар Абай өлеңдерінің уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра екендігі туралы сөз қозғады, студенттеріміз ақынның қара сөздері мен өлеңдерін оқып, Абайдың әндерін шырқады.

Кеш университет ректорының кеңесшісі проф. Ж.Ғ.Мұстафина, қазақ тілі кафедрасының доценті Б.Ж. Доскеева және шет тілдері кафедрасы меңгерушісі, доцент О.Я.Сүлейменова мен аға оқытушысы А.А.Садықованың ұйымдастыруымен өтті.

Кеш барысында Абайдың шығармалары, шет тілдеріне аударылған туындылары және ақын жайлы жазылған кітаптардың шағын көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар бұл кештің ортаға салар ойы көп, өрісі кең, толғауы терең, бүгінгі жас ұрпаққа берері мол болды деп ойлаймыз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *