IMG_8291Тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар мен халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректор

Джумашева Рахима Тажибаевна

биология ғылымдарының докторы, профессор

 

Джумашева Рахима Тажибаевна 1959 жылы туған, ұлты – қазақ. 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін тамамдағаннан соң ҚазҰМУ-дың Орталық ғылыми-зерттеу лабораториясының ғылыми қызметкері болып қабылданды. 1992 жылдан молекулалық биология және генетика кафедрасының ассистенті, доценті, меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2006 жылы ҚазҰМУ-дың оқу-әдістемелік жұмыстар басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2007 жылдан қазіргі уақытқа Р.Т. Джумашева оқытушы-профессорлық құрамда 300-ге жуық адамы мен 5000-дай студенттері бар болып табылатын жалпы медицина факультетінің деканы болып келді. Оның ұйымдастырушылық  пен көшбасшылық қабілеті, жоғары аналитикалық қабілеттері, көзделген мақсаттарды жоғары деңгейде орындауы ҚазҰМУ-дың «жалпы медицина» мамандығын ҚР БҒМ-ның барлық рейтингтері бойынша жылда бірінші орындарды иемденуге және де институционалдық пен мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуге көмектесті. Бүгінде жалпы медицина факультеті ҚазҰМУ-дың «ең үздік факультеті» болып табылады.

Р.Т. Джумашева биология ғылымының докторы, 118 еңбегі жарияланған. Халықаралық және республикалық конференциялар (Германия, Корея, Қытай, Ресей, Өзбекстан және т.б.) жұмысына қатысқан .

Соңғы жылдарда біліктілігін арттырып, оқыту семинарларына қатысқан:   «Медициналық білім берудегі менеджментті жетілдіру»  Орвил Адамс,   ҚазҰМУ, Алматы,2012; «Білім беру сапасын қамтамасыз етуде ішкі ЖОО жүйесін құрастыру» Семинар-тренинг, 2012, АРТА, Алматы; «Болон процесі: Қазақстандағы университетерге мүмкіндік», 21-22 қыркүйек 2012, КИМЭП, Алматы; “Criteria and indicators of  QS rating” Тайпей  университетінің ректоры Питер Чанг жетекшілігімен, Малайзия.21.- 25.02.  2015;  «QS seminar: performance improvement strategies for universities» June 15, 2015; «Білім беру мекемелеріне қатысты Microsoft-тың жаңа шешімдері», Microsoft  ҚР БҒМ мен ҚР жоғарғы оқу орындарының ассоциациясы қолдауымен. 19.02.2016ж., Алматы; ҚР жоғары оқу мекемелері қызметкерерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг. Назарбаев университеті, Астана, 20-24 маусым, 2016 ж.

БҚММУ-дың қызметін тексеру бойынша ҚР БҒМ мемлекеттік аттестациялық комиссиясының құрамында болды (2012); АМУ АҚ (2014). БСҚА-ның  ХҚТУ-дің мамандандырылған аккредиттеуден  ішкі аудиті бойынша эксперттік топтың жетекшісі болды (2014).

Медициналық білім беру мен ғылыми жұмыстардағы атқарған ерең еңбегі үшін Р.Т. Джумашева ҚР ДСМ-нің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен (2013), ҚР ұлттық бизнес-рейтингінің «Қызметтік еңбектегі нетижелілігі үшін» медалімен (2013), Луи Пастердің (Еуропалық жаратылыстану ғылымдары академиясы, Германия, 2015) медалімен марапатталған.