Жаңалықтар.

2017 жылдың 20қаңтар күні М. Мәметова атындағы дәрісханада студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің (СӘҚҚКБ) ұйымдастыруымен тәлімгерлер мен жетекшілер кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес жастар ұйымдарымен іс-шараларды өткізу бойынша корпоративтік мәдениетті сақтау, этикалық құндылықтарды және университет дәстүрлерін қолдау  туралы СЖЖБ бастығының орынбасары А. Байзахановты тыңдады. Іс-шараларды өткізгенде студенттер ғана емес, профессор-оқытушылар құрамы да ұжымдық мәдениеттің сақталуын және заңдылығын,университеттік ерекше белгілердің (төсбелгі, галстук, кеудеше, мойын орамал) болуын ескеру керектігі атап өтілді.

Тәлімгер-жетекшілердің жүргізген жұмыстарының  тиімділігін зерттеу мақсатында академиялық топтардың тәлімгер-жетекшілерінің 1 семестрдегі тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстары туралыбарлық факультет декандарының әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары:А. Жексембиева, К. Жакупова, А. Уважанова менфармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің тьюторы                       А. Караубаеваның есебі тыңдалды.

Кеңестебарлық факультет декандарының әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары 2016-2017 оқу жылының 1 семестрдегі атқарылған іс-шаралар бойынша терең сараптама жасап, тәлімгер-жетекшілердің жүргізген жұмыстарының тиімділігін зерттеу мақсатында жасалған мониторингі талқыланды.

Кеңес отырысында стоматология факультетінің аға тәлімгері Н. Алмабаеваның өз тобының студенттерімен жүргізген жұмыстарының нәтижесіжайында баяндамасы тыңдалды.Онда аға тәлімгер студенттердің қол жеткізген жетістіктерін атап өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Әсіресе, білім алушылардың бейімділігін ашып, оны дамытуға, олардың ата-аналарымен байланыс орнатуға баса көңіл аударуды айтып өтті.

1 семестрде жүргізілген тәрбие жұмыстарын қорытындылай келе, тәлімгер-жетекшілердіңкөбінесе топ белсенділілерімен ғана жұмыс жүргізілетіні атап өтілді. Университет беделін көтеру мақсатында мүмкіндігіне қарай әр түрлі іс-шараларды ұйымдастырғанда барынша көп студенттерді белсенді қатыстыруға ұсыныс берілді.

 

Студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *