«Тілдарын-2014»




30.09.2014

2014 жылдың 30 қыркүйегінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да жалпы университеттік «Тілдарын-2014» олимпиадасының ақтық мәресі өтті. Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне орай өткізілген мереке шымылдығын академиялық жұмыстар департаментінің директоры М.А.Абирова құттықтау сөзімен ашты. Ректор кеңесшісі Ж.Ғ.Мустафина студенттерге ақ жол тілеп, білім алушыларға ғибратқа толы өнегелі сөздерін жеткізді. Сондай-ақ тіл мерекесіне жалпы білім беру оқу департаментінің директоры З.А.Ноғайбаева, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі О.Я. Сүлейменова, қазақ және орыс тілдері кафедрасының өкілдері, ағылшын тілі оқытушылары, тілдік даярлық орталығының әдіскерлері қатысты.

Әр факультет студенттерінен жинақталған 14 студент 5 кезең бойынша тілді меңгеру деңгейлерін паш етті. Студенттер үш тілде «Мен және менің мамандығым» тақырыбында эссе жазып, презентацияларын көрсетті.

Тілдік сайыста мәреге жеткен студенттер университет әкімшілігі тарапынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі сертификаттармен марапатталды.

 

ТДО