Қазақстан Республикасының

 Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы

ТАЛАПКЕРДІҢ ЖАДЫНАМАСЫ

Талапкерлердің кешенді тестілеуі

www.testcenter.kz

 

 

  1. 1. Тестілеуге өтініш беру

x  Талапкерлердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) қатысуға өтінішті талапкер 20 маусым мен 9 шілдеге дейін береді.

x  Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.

x  Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында, шығармашылық мамандық бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлаған ЖОО-да тапсырады.

x  Өтініштерді қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

x  Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

þ  белгіленген үлгідегі бланкідегі өтініш;

þ  аттестат немесе кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (түпнұсқа);

þ  тестілеу өткізу ақысын төлегендігі туралы түбіртек (квитанция);

þ  3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

þ  086-У нысанындағы медициналық анықтама;

þ  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

x  Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін талапкерге:

þ талапкердің тіркелгендігі туралы анықтама;

þ тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.

Тіркелу анықтамасын алғаннан кейін аты-жөніңіздің дұрыс жазылғанын тексеріңіз, себебі бұл мәліметтер сертификатта және білім беру грантының куәлігінде жазылады және жеке басыңызды куәландыратын құжатқа сәйкес келу қажет.

 

  1. ТКТ-ны өткізу тәртібі

x  ТКТ 4 пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және мамандыққа байланысты таңдау пәні (география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі).

x  ТКТ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ТКТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

x  Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны — 25.

 

  1. Тестілеудің мерзімі мен ұзақтығы

x  ТКТ базалық ЖОО-да 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

x  ТКТ-ның басталу уақыты  – сағат 09.00.

x  Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.

x  Тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге шығуға болады.

 

  1. 4. Апелляция

x  Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті талапкер тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір күн ішінде қарастырады.

x  Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ТКТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек.

x  Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсетуі керек.

  1. 5. Сертификат

x  ТКТ тапсырған талапкерлерге ТКТ нәтижесі туралы сертификат беріледі.

x  Сертификаттың жарамдылық мерзімі — ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

x  Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады. Ламинатталған сертификаттар ауыстырылуы қажет.

  1. 6. Білім беру гранты

x  Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.

x  Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.

x  Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.

x   Конкурсқа қатысу үшін 50 баллдан («Жалпы медицина» мамандығы үшін 65 балдан төмен емес), ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан төмен жинамауы тиіс («Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ветеринария» бағыттарының мамандықтары үшін 60 балдан төмен емес), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ТКТ пәндерінен 4 балдан төмен болмауы керек.

Білім беру грантының иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады.

x  2014 жылы күндізгі оқу түріне бір орынға ең үлкен конкурс келесі мамандықтарда болды:

 1

         Күндізгі оқу түріне бір орынға ең төмен конкурс келесі мамандықтарда:

2

x  2014 жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесі бойынша межелік балы 100 болған мамандықтар тізімі:

þ  Қазақ бөлімі:

  • 5В030100 «Құқықтану»
  • 5В030400 «Кеденісі»
  • 5В051000 «Мемлекеттікжәнежергіліктібасқару»
  • 5В051100 «Маркетинг»
  • 5В051300 «Әлемдік экономика»
  • 5В071900 «Радиотехника, электроника жәнетелекоммуникациялар»
  • 5В090100 «Көліктіпайдаланужәнежүкқозғалысы мен тасымалдаудыұйымдастыру»
  • 5В100200 «Ақпараттыққауіпсіздікжүйелері»
  • 5В110300 «Фармация»
  • 5В110400 «Медициналық-профилактикалықіс»
  • 5В130200 «Стоматология»

þ  Орыс бөлімі:

  • 5В011500 «Құқықжәне экономика негіздері»
  • 5В030400 «Кеденісі»
  • 5В050700 «Менеджмент»
  • 5В050800 «Есепжәне аудит»
  • 5В051400 «Қоғамдықбайланыс»
  •   5В090900 «Логистика (сала бойынша)»

 

Назар аударыңыз!!!

x  Талапкер тестілеуден өту үшін базалық ЖОО-ға рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен бірге келесі құжаттарды алып келуі керек:

þ  ТКТ-ға кіруге рұқсаттама;

þ  жеке басын куәландыратын құжат;

þ  қара сиялы қалам;

x  ТКТ кезінде талапкерге:

þ  сөйлесуге;

þ  орнынан тұруға;

þ  орын ауыстыруға;

þ  кез-келген материалдар және заттарды алмастыруға;

þ   калькуляторларды, фотоаппараттарды, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, т.б.), ноутбуктар, плейерлер,  шпаргалкалар және анықтамалық құжаттарды (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқа) аудиторияға алып кіруге және қолдануға тыйым салынады.

Көрсетілген материалдар мен құралдарды пайдалануға аудиторияларда ғана емес, базалық ЖОО-да тестілеудің барлық кезеңінде тыйым салынады.

x  Тестілеу кезінде тәртіп бұзушылықтардың алдын алу және тестіленушілерді қорғау мақсатында тестілеуге кіргізу барысында металліздегіштер, тестілеу кезінде ұялы байланыс желісін сөндіру құралдары  мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады.

x  Талапкер аудиториядағы тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін Министрлік өкілінің шешімімен қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.

x   Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде (2,5 сағат) талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді.

x  Тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған жағдайда, ұсталған тұлға да және орнына бөтен тұлғаны кіргізуге заңсыз әрекет жасаған талапкер де  тестілеуге  жіберілмейді.

ТКТ кезінде талапкер:

þ Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс. Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;

þ Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарланады;

þ Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ТКТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдарының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

þ Ойыңды жинақтау! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

þ Қорықпау! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

þ Тапсырманы соңына дейін оқу!  Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

þ Тексеру! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.

x Есте сақтаңыз! Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, нақты тапсырма бойынша Сіздің апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

ТКТ нәтижелерін емтихан өткен күні ҰТО сайтынан (http://res.testcenter.kz/) көруге болады. Нәтижелер тестілеу тапсырған ЖОО-да емтихан жұмыстарының өңделуі аяқталғаннан кейін және емтихан ведомостарын көпшілік назарына ілінгеннен кейін сайтта жарияланады.

 

 

Сіздің

Талапкерлердің кешенді тестілеуінде

өз біліміңізді дәлелдейтін нәтижелерге

 қол жеткізуіңізге тілектеспіз!

 

 

ЖАДЫНАМА

 

Талапкерлердің кешенді тестілеу нәтижелері бойынша  апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімі

 

 

 

www.testcenter.kz

  1. 1. Апелляцияға өтініш беру

x  Тестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтінішті берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін береді және ол өтінішті апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

x  Апелляцияға өтініш Базалық ЖОО-да  тестілеу тапсыру орны бойынша беріледі.

x  Өтініш беруге қажетті құжаттар:

þ жеке басын куәландыратын құжат;

þ талапкерлердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) кіруге рұқсаттама.

Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.

x  Апелляцияға барлық тест тапсырмаларын қарау жөнінде түскен өтініште әр тапсырма бойынша дәлелдемелер (толық түсіндірулер, есептердің толық шешулері) көрсетілмесе, ол өтініш  қарастырылмайды.

  1. Апелляцияның түрлері

x  Апелляция ТКТ қорытындысы бойынша екі түрлі болуы мүмкін: тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша.

 Тест тапсырмаларының мазмұны  бойынша апелляция мынадай жағдайларда  беріледі:

þ тест тапсырмасы дұрыс  құрылмаған;

þ дұрыс жауабы жоқ;

þ бірнеше дұрыс жауабы бар.

Техникалық себептер бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:

þ дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

þ дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

  1. 3. Апелляцияға өтініш беру үлгісі

x  Апелляцияға өтініш арнайы үлгі бойынша беріледі:

  1. тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш;
  2. техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш.

x  Апелляцияға берілетін өтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде Базалық ЖОО-да алуға болады.

3 4

  1. Апелляцияны қарау тәртібі.

x Апелляциялық комиссия бітірушілердің өтініштерін     тестілеу  нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ден бастап  қарайды.

x   Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

x   Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.

x   Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.

x  Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

þ   Жергілікті жердегі апелляциялық  комиссия бекітілген нысанға сәйкес мәліметті толтырып Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді;

þ   республикалық апелляциялық комиссия апелляцияға берілген тест тапсырмаларын қарастырады және шешім қабылдайды, қабылданған шешімді Базалық ЖОО-дағы жергілікті жердегі апелляциялық комиссияға жібереді.

þ    Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі соңғы    шешім болып табылады.

x   Жергілікті апелляциялық комиссияның шешімімен техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініш қанағаттандырылған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:

þ   апелляциялық комиссия қажетті мәліметті Ұлттық тестілеу орталығына (ҰТО) жібереді.

þ   ҰТО барлық мәліметті қарап шешім қабылдайды, қабылданған шешімді Базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияға жібереді.

 

 

 

ТАЛАПКЕРДІҢ

ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС БОЙЫНША

ЖАДЫНАМАСЫ

 

Талапкерлердің кешенді тестілеуі

www.testcenter.kz

 

    

  1. Талапкерлердің кешенді тестілеуі кезіндегі емтихан материалдары туралы жалпы ақпарат

x Талапкерлердің кешенді тестілеуі (ТКТ) кезінде  келесі емтихан материалдары  пайдаланылады:

þ сұрақ кітапшасы – талапкерге емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған  арнайы емтихан құжаты;

þ жауап парағы – талапкер өз жауаптарын белгілейтін, нәтижелерді бағалау мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк;

þ  жауап парағының көшірмесі – талапкер өз жауаптарын белгілеген, тестілеуден кейін балдарын өз бетінше санауға арналған арнайы бланк.

x  талапкерге тестілеу кезінде ең алдымен  жауап парағы, жауап парағының көшірмесі, содан кейін сұрақ-кітапшасы беріледі.

Емтихан материалдарын аудитория кезекшісі аудиторияда береді және оны аудиториядан алып шығуға тыйым салынады.

  1. Жауап парағын толтыру

x  Жауап парағы екі бөліктен тұрады:

þ жауап парағының қызметтік секторлары – тестіленуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), тестіленушінің жеке коды (ТЖК), лек, аудитория, орын және нұсқа нөмірлері сияқты жеке мәліметтерді толтыруға арналған жауап парағының арнайы секторлары;

5

þ пәндер бойынша жауаптарға арналған секторлар –

пәндер бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының арнайы секторлары;

6

x  Жауап парағының барлық секторлары, сонымен қатар  әрбір тест тапсырмасына жауап нұсқасы торкөздегі сандық белгілерге тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы толтырылады:

x  Жауап парағы таратылғаннан кейін қызметтік секторларлар келесі тәртіппен толтырылады:

þ 1-секторда талапкернің Т.А.Ә. жазылады;

þ 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен талапкернің  рұқсаттамасында көрсетілген талапкердің жеке коды жазылады, әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.

þ  3 және 4-секторларда емтихан тапсыру кезінде талапкернің отыратын орны және оның сұрақ-кітапшасының нұсқасы боялады;

þ  5-секторда  талапкер ТКТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі толтырылады. Сұрақ-кітапшасының мұқабасы толтырылғаннан кейін және емтихан басталғандығы хабарланғаннан кейін пәндер бойынша тест тапсырмаларына жауап бергендігіне байланысты пәндер бойынша секторлар толтырылады.

þ 6, 7, 8, 9 секторларда Қазақ тілі, Орыс тілі, Қазақстан тарихы, Математика пәндеріне сәйкес жауаптар боялады;

þ  10-секторда таңдау пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;

þ  11-сектор кешенді тестілеумен шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін қарастырылған.

þ   12 секторда жауап парағының нөмірі көрсетілген және боялмайды;

þ  13 секторда талапкер жауап парағында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растап қол қояды.

  1. Сұрақ-кітапшасының мұқабасын толтыру

8

x   Сұрақ кітапшасының мұқабасында талапкер келесі мәліметтерді толтырады:

þ Т.А.Ә.;

þ ТЖК;

þ Жауап парағының №

þ Лек;

þ Аудитория және  отырғызу орнының нөмірі;

þ Төртінші пәннің атауы  (таңдау бойынша пән).

x   Сұрақ-кітапшасының мұқабасын толық толтырғаннан кейін талапкер қолын қояды.

x   Сұрақ- кітапшасымен жұмысты бастамас бұрын талапкер кітапшаның беттерін түгендейді және типографиялық ақаудың болмауын тексереді. Ақау болған жағдайда  аудитория кезекшісіне хабарлайды.

  1. Сұрақ-кітапшасы нұсқасының 4-санын анықтау тәртібі

x      Сұрақ-кітапшасын тарату барысында оның мұқабасында тестілеу нұсқасы үш орынды санмен берілген, нұсқаның 4-ші саны жасырын болып табылады.

x   Тестілеу аяқталуға 15-20 минут қалғанда  ҰТО электрондық почтамен Базалық ЖОО-ға кезекшілердің аудиторияларға хабарлауы үшін нұсқаның 4-ші санын анықтайтын қажет мәліметті жібереді.

x   Нұсқадағы 4-сан сұрақ-кітапшасының мұқабасында орналасқан матрицаның көмегі арқылы анықталады.

x   Мысалы: ҰТО-дан И17 белгісі келсе, онда нұсқаның төртінші саны 17 баған мен И тұрған жолдың қиылысында тұрған сан, яғни 9.

7

Бұл жерде талапкерлерге жауап парағында бояйтын  нұсқаның 4-ші саны – 9.

  1. Емтихан материалдарын тапсыру

x   Әр талапкер емтихан материалдарын (жауап парағы, сұрақ кітапшасы) жауап беруді аяқтауына қарай немесе тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін аудитория кезекшісіне орындарында отырып, жеке-жеке тапсырады, жауап парағының көшірмесі талапкердің өзінде қалады;

x   Аудитория кезекшісі  талапкердің жауап парақтағы барлық қызметтік секторлары мен сұрақ кітапшасының мұқабасын толтырылғандығын тексергеннен кейін талапкер аудиториядан шығады.

Есте сақтаңыз!!!

x  Жауап парағы қара пастасы бар  қаламмен толтырылады.

x  Нәтижелерді өңдеу үшін арнайы қондырғыдан өтетіндіктен жауап парағын ластауға,бүктеуге және жыртуға болмайды

x  Жауап парағын толтырған кезде корректор сұйығын қолдануға рұқсат етілмейді.

x  Жауап парағын бояуға жеткілікті уақыт қалдыру үшін тестілеудің уақытын дұрыс бөлу қажет;

x  Тест тапсырмаларына берген жауаптарыңызды жауап парағына көшірмес бұрын  бұл сектордың Сіз жауап беріп отырған пәнге сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз.

x  бір тапсырмаға 2 немесе одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды.

x  Жауап парағы — тестілеу материалдарын өңдеу жүзеге асырылатын негізгі құжат, сондықтан оны қате және түзетулер жібермей,  мұқият толтырыңыз.

x  Жауап парағының  қызметтік секторларын   дұрыс толтыру емтихан материалдарын өңдеуге кететін уақытты үнемдейді және көпшілік назары үшін ілінетін тестілеу нәтижелерінің уақытын тездетеді.