Аудит.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өткізілген сапа менеджмент жүйесінің сертификациялық аудиті туралы қысқаша есеп. (1-ші жылдың Бақылау аудиті)

SGS (Швейцария), UKAS management systemsхалықаралық сертификациялық ұйым2015 ж. мамыр айының 25 – 26 аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ИСО 9001:2008 халықаралық стандарт талабына сәйкес сертификациялық аудит өткізілді

Аудит қорытындылары бойынша ҚазҰМУ қызметі ISO 9001:2008 стандарт талабына сәйкес екендігін растады. Сонымен қатар «SGS», Швейцария компаниясының халықаралық үлгідегі сертификатты растады. (сертификат HU11|5879 2014 ж. 20 маусымынан 2017 ж. 19 маусымына дейін жарамды) .

Өткізілген аудиттін мақсаттары:

  • Бақылау жүйесі барлық стандарт талаптарына сәйкес екендігіне көз жеткізу;
  • Ұйым жүйені тура, дұрыс бағытта енгізіп, жоспарлағанына көз жеткізу;
  • Бақылау жүйесі ұйым ұстанатын Саясат мақсаттарына қол жеткізе алатындығына көз жеткізу.
  • Сертификация аумағы: Жоғарғы білім және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіпті білім беру қызметі, медициналық қызмет, медицина саласындағы ғылыми зерттеулер.

Аудиторлар тобы (Бас аудитор – Б.Сарбаев, жетекші аудитор – Г.Суранчиева) стандарт талап ететін аспект/тәуекел/мақсат үдерістерін қарастырып өтті.

Аудит барысында Ректормен, университеттің даму Институтының директорымен (СЖБӨ), УДИ директорының орынбасарымен, ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректормен, университеттің біріккен клиникасының директоры мен педагогикалық шеберлік мектебінің директорымен, СМЖ бөлімінің бастығымен, құжатайналым және кадрлық жұмыс басқармасының бастығымен, заң бөлімінің бастығымен сұхбаттар өткізілді. Тексеріс барысында 6 кафедра қарастырылды (оның ішінде 2-уі дипломнан кейінгі білім беру институтының кафедралары).

Қызмет түрлері, үдерістер аудит кестесі және матрицалық жоспарлау бойынша тексерілді. Былтырғы аудит қорытындысы бойынша қойылған 28 ұсыныстың барлығы толық мөлшерде орындалғаны расталды. Аудиторлар тобы ұйым бақылау жүйесін барлық стандарт талаптарына сәйкес тура бағытта ұстанатының және де  ұйым басқару жүйесін нәтижелі енгізгенін  және ұйымның Саясатында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізе алатындығына көз жеткізді.

Аудит нәтижелері мен көрсетілген қызмет түрлерінің қорытындылары бойынша жүйені сертификаттауды растау  ұсынылды.

Тапсырысшыға келесі позитивті байқаулар жеткізілді:

  1. Басшылықтың СМЖ жетілдіру мен қолдау жетекшілігі.
  2. СМЖ үздісіз жақсаруға деген қасиетін көрсету.
  3. KPI жүесінің енгізілуі және оның функционалды жұмысы.
  4. Клиникалық жұмыс, ғылым және оқытуда инновациялық үдерістерді белсенді қолдану.
  5. Қызметкерлерді СМЖ бойынша оқуға және университеттің инфраструктурасын жақсартуға қаражат бөлу.
  6. Қызметкерлердің СМЖ үдерістері мен ішкі аудитті өткізуге қатысуы.
  7. ПОҚ жеке істерін мониторингтеу мақсатында ақпараттық жүйе енгізілгені.
  8. Тәрбие-патриоттық іс-шаралардың басымдығы.
  9. Құрылымдық бөлімшелерде СМЖ сұрақтары бойынша қызметкерлердің біліктілігі.

Сәйкессіздіктер табылмады.

Тапсырысшыға келесі жақсартуға ұсыныстар берілді:

  1. Университеттін стратегиялық жоспарлары мен сапа менеджмент жүйесі арасындағы байланысты толығырақ қарастыру. Мысалы, сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттары және ҚазҰМУ даму стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары арасындағы байланыс. 4.1 т.
  2. Педагогикалық шеберлік мектебінің үдерістер картасында жеткізушілердің қызметін бағалау қызметін қарастыру. т. 4.1.
  3. Сапа жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, сертификаттауда берілген СМЖ қолдану аумағын нақтылау. Заң бөлімі. т. 4.2.2.
  4. Үдерістер бойынша есептерді құрастыруды өзара салыстырып қарастыру . Мысалы, 20/5 үлгі және 27/5 үлгі. т. 4.2.3.
  5. Университеттің қызметін регламенттейтін сыртқы құжаттардың жаңартылуын бақылау. Заң бөлімі. т.4.2.3.
  6. Ішкі нормативтік құжаттамалардың бақылау тізбесін қайта қарастыру уақытын/шығу уақытын анықтау. Настоятельно рекомендуется уточнить периодичность/ частоту пересмотра Контрольного перечня внутренних нормативных документов. Юридический отдел.п.4.2.3.
  7. Құрылымдық бөлімшелер деңгейінде үдерістер картасын сәйкестендіру.т.4.2.3.
  8. СМЖ бөлімінде орналасқан коммутаторлардың өндірістік ортасын анықтау.Ақпараттық технологиялар департаменті. т.6.3.
  9. Емдеу кабинетінің ылғалдылығына мониторинг жүргізетін қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату. УБК-1. т.6.4.
  10. Психометриялық гигрометрдің тексеру дәрежесін анықтау үшін идентификациясын жақсарту. УБК-1. т.7.6.
  11. Сапа саласындағы мақсаттарды анықтау және қызметкерлерге жеткізу. Кадрлық жұмыс және құжатайналым басқармасы. т.5.4.1.
  12. Ішкі аудит нәтижелерін тіркеу үшін қолданылатын үлгілердің редакцияларын анықтау. СМЖ бөлімі. т. 8.2.2.
  13. Білім берудің болашақта сапасын жақсарту мақсатында оқушылардың жеке жоспарларының оқытылып жатқан тематикалық жоспарларына сәйкестігін силлабустарда анықтау. т.8.4.
  14. Ішкі аудит нәтижелері бойынша сәйкессіздіктерді тіркеу хаттамаларында, сәйкессіздіктерді жою әрекеттерін талдап, жақсарту.СМЖ бөлімі. т.8.5.2.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *