Жаңалықтар.

Үстіміздегі 2015 жылдың 20-шы ақпан күнінен бастап «Өнерлі факультет-2015» байқауы әртүрлі өнер саласынан өз көрсетілімдерін бастаған болатын. 1 сәуір күні «Өнерлі факультет-2015» байқауының аясында   факультеттер арасында  «Ұлттық билер», «Қазіргі заман билері», «Бал билерінің»  түрлері бойынша би жарысы, артынан екі-үш күннен соң 3-9 сәуір күндері аралығында театр қойылымдарының көрсетілімдері өтті.  Байқауға қатысушы барлық факультеттер үлкен дайындықпен келгені бірден байқалды.  Би сайысы бойынша  «Ұлттық билер» түрлерінен ансамбль топ бишілері арасында Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті              1-орынды, ал жеке орындаушылардан шетел студенттерінің деканаты иемденді. Сонымен қатар «Бал билері»  бойынша   1-орынды стоматология факультеті,  ал «Қазіргі заман билері» бойынша  1-орынды Жалпы медицина факультеті иеленді.

Үшінші сәуір мен тоғызыншы сәуір аралығында театр қойылымдары бойынша барлық факультеттер өз өнерлерін көрсетті. Жалпы медицина мен стоматология факультеттері  толық қойылымды көрермен назарына ұсынды.  Атап айтқанда осы  «Өнерлі факультет-2015» байқауына стоматология факультеті Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап, Үміт Битенованың «Пешене» атты екі көріністі лироэлегиялық драмасын ұсынды. Спектакльді көрермен қауымы өте жылы қабылдады. Қойылымда стоматология факультетінің  деканы Бақанай Амантайұлы Ұлы Отан соғысының ардагері ролін, басты рольді өзі сомдап шықты. Ардагердің ішкі жан күйзелісін актер өте дәл тапқан.  Спектакль бүгінгі күннің әлеуметтік жағдайын, адамдар мен бірге туған жақындар  арасындағы және отбасы ішіндегі қарама-қайшылықтар,  үлкендерге құрмет көрсетуде немқұрайдылықты ашуда көрермендерге ой тастайды. Спектакльге стоматология факультетінің оқытушылары мен студенттері бірігіп қатысты. Ертеңіне 9-шы сәуір күні жалпы медицина факультетінің студенттері  К.Кенжатаевтың «Алдар Көсенің айласы» атты сатиралық комедия қойылымын ұсынды. Спектакльде ойнаған әр актер өзіне тиесілі рольді сомдауда өз образдарын дәл тапқан. «Алдар Көсенің айласы» қойылымы  көрерменге жол тартқан сайын, рольде  ойнайтын студенттердің  шығармашылық қабілетінің  өсуі мен еркіндігін анық байқауға болады. Театрлық қойылымдардан орынды бөлісу жағын айтсақ, жалпы медицина факультеті мен стоматология факультеттері бірінші орынды, екінші орынды шетел студенттерінің деканаты, үшінші орынды қоғамдық денсаулық сақтау факультеті мен фармацевтика факультеттері өзара бөлісті. Екі айға созылған  университетіміздің факультеттері арасында өткен  «Өнерлі факультет-2015» байқауы 10-шы сәуір күні өз жұмысын аяқтады.

Гала-концерт жабылу салтанатында  үздік номерлер өнер көрсетіп,  байқауда орын алғандар,  қатысушылар  аттары аталып, дипломдар мен алғыс хаттар тағайындалғаны  жөнінде айтылды. «Өнерлі факультет-2015»  байқауының Бас жүлдесін жалпы медицина факультеті, 1-ші орынды стоматология факультеті, үшінші орынды шетел студенттерінің деканаты және қоғамдық денсаулық сақтау факультеті, төртінші орынды фармацевтика факультеті иемденді. «Өнерлі факультет-2015»  байқауы Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің жастар мәдени шығармашылық орталығы мен университет факультеттерінің  ұйымдастыруымен  өте жоғары дәрежеде өткізілді. Ұжым болып бірігіп жасалынған шығармашылық жұмыс өз нәтижесін көрсете алды.  Байқауға қаржылық жағынан демеу көрсеткен университет әкімшілігіне, Университет қызметкерлер кәсіподақ комитетіне, «Демеу» студенттік кәсіподақ бірлестігіне және барлық ұйымдастырушыларға, байқауға қатысып өз өнерлерін ортаға салған университет көркемөнерпаздар үйірмелеріне, өнерпаздарымызға зор алғысымызды білдіреміз. Ойымызды қорыта келе, алдағы жылы да өз өнерін ортаға салатын, көркемөнерпаздар үйірмесінің қатарын көбейтетін  студенттер саны бұдан да көп болатынына сеніміміз мол.

 

 

Жастар мәдени шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі С.А.Апсаттарова


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *