Оқытушының Ар кодексі С.Ж.Асфендияров атындағы Ғылыми кеңесі бекіткен (№9 Хаттама, 25.05.2010ж.), университеттің адамгершілік құндылықтар және этикалық ұстанымдар ережелерінің жиынтығы.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысы – педагогикалық, ғылыми-инновациялық, клиникалық және тәрбиелік жұмысты белсенді атқаратын өз ісінің кәсіби білікті шебері.

  • Оқытушы білім беру мен ғылыми зерттеулердің жоғары сапасының, жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар және студенттерге ғылыми жетекшілік жүргізудің жауапкершілігін сезінеді.
  • Оқытушы оқу бағдарламасын және стандарттарды қатаң қадағалап, оқу-білім беру  үдерісінің бекітілген тәртібіне өз бетінше өзгерістер енгізуге болмайтынын түсінеді.
  • Оқытушы өзінің кәсіби біліктілігін ұдайы арттырады, заманауи жаңа инновациялық технологияларға сәйкес  ғылыми зерттеу проекттарын атқарады, академиялық интернационализацияда белсенді тұлға болып табылады.
  • Оқытушы университеттің дәстүрлі конференцияларына (Мамыр, Тамыз конференциялары және «Университет күндері») белсене қатысады.
  • Оқытушы тұлғаның әлеуметтенуіндегі тәрбиелік аспектінің аса маңызды екенін, оның адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы барысындағы жауапкершілігін түсінеді. Бұл педагогикалық қызметті жүзеге асырудың мақсатын, міндетін, университеттің әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының қатарына ену жолындағы стратегиясын және саясатын бағамдайды.
  • Оқытушы халықаралық университеттік қауымдастыққа студенттердің кірігуін жандандыру үшін және кәсіби тұрғыда өзін-өзі көрсетуі үшін оңтайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
  • Оқытушы студенттің бойына Отанына, оның ұлы тарихи өткеніне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарына деген мақтаныш сезімін, адалдығын, аса мәртебелі құрметін сіңіреді.
  • Оқытушы жоғары азаматтық-патриоттық, құқықтық және конфессияаралық ынтымақтастық мәдениеті туралы көзқарас қалыптастыру барысында әлеуметтік-құқықтық белсенділік танытуға міндетті болып табылады.
  • Оқытушы студенттің бойына адамгершілік, моралдық-этикалық құндылықтарының қалыптасуына және университеттің дәстүрлерін сақтауына; бостандыққа деген құрметтің, абырой- ардың дамуына бейімдейді, ол тәртіпсіздік пен жауапкершіліксіздіктің кез-келген көрінісін жоюы тиіс.
  • Оқытушы жемқорлықтың кез-келген көрінісіне (алаяқтық, пара алушылық, жемқорлық әрекет, өзінің қызметтік дәрежесін асыра пайдалану және т.б.) және университет беделіне және жоғары рейтингін арттыру міндетін және университет стратегиясын дамытудағы кедергілерге қарсы тұрып, оның жойылуына ықпал етуі тиіс.
  • Оқытушы — патриот, Университет саясатының және корпоративтік әрекеттің белсенді қолдаушысы, ол өзінің әрекеті арқылы жоғары оқу орнының көп қырлы қызметінің беделін, имиджін нығайтады әрі сақтайды.
  • Оқытушылар этикалық-моралдық қағидаларды бұзғандығы үшін Этикалық кеңес комиссиясының қарауына ұсынылады.
  • Ар кодексінде және Жарғыда, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарда қарастырылған ережелерді бұзғаны үшін тәртіптік және әкімшілік сөгіс шаралары қабылданады (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс), тіпті университеттен шығарылуы да мүмкін.