— жемқорлық құбылыстарды болдырмау, студенттік ортада және университет қызметінде сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік таныту мен құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша шаралар әзірлейді және оларды бақылайды;

— Университетте жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды анықтайды;

— Университет жұмыскерлері мен тәлім алушылары арасында этикалық, құқықтық мәдениетті арттыру және адал тәртіп нормаларын сақтау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және іс-шаралар ұйымдастырады;

— жұмыскерлердің, сондай-ақ тәлім алушылардың қызметтік мінез-құлқының жалпы қағидаттарын практикада қолдануға байланысты мәселелер бойынша Университеттің жемқорлыққа қарсы саясат субъектілеріне консультативтік көмек көрсетеді;

— Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде сапалы білім беру мен тәрбиелік үрдістерді қалыптастыруға ықпал ететін таза моральдік ахуалды құруға қатысады.

 

Университеттің Қауіпсіздік қызмет комплаенс-офицері:

ТЕЛЬТАЕВ БАУЫРЖАН ЕРЖАНОВИЧ,

Телефондарқызмет: 338-70-90 (ішкі.70-88), ұялы: 8 708 692 84 60

Қыз. бөлме – 103 (Ректорат)