Жаңалықтар, Жаңалықтар.

 

2014 жылдың 12-18 желтоқсан аралығында проректорлар Қ.А.Төлебаев, Б.А.Рамазанова, Ф.Н.Нурманбетова, ОӘЖД директоры М.А.Абирова, Университетті дамыту институтының директор орынбасары С.С.Сарсенбаева, кәсіби білім беру факультетінің деканы А.В.Балмуханова, ХЫБ басшысы А.М.Рустемова, бас есепші Г.Б.Кожимбетова және жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті Нукпиев Д.  құраған С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ делегациясы Тайпей медицина университетінің шақыруымен және докторПитер Чанг-тың бастамасымен Тайванда болды.

16 желтоқсан 2014 ж.Тайвань Денсаулық сақтау және әл-ауқат министрі Цю Вань-да мырза ҚазҰМУ делегациясын қабылдады.   Кездесу барысында Клиникалық және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бойынша басқарманың директорының орынбасары доктор Shui-Long Lin, министрліктің және Тайпей госпиталінің қызметкерлері қатысты. Министр Қазақстан делегациясының Тайпейге келген сапары және ынтымақтастық орнату мүмкіндерінің маңыздылығын атап өтті.

Келіс-сөздер жүргізу барысында ҚазҰМУ делегациясы Тайвань денсаулық сақтау жүйесімен танысты. Қазіргі таңда Тайвандық денсаулық сақтау CNN «Басқа елдерге қарағанда Тайвань жасай алатын 10 іс» тізіміне кірді.  «Дискавери» каналының рейтингі бойынша әлемнің үздік денсаулық сақтау жүйелерінің арасында Тайвань денсаулық сақтау жүйесі бесінші орында тұр. Сонымен қатар, анықталған жетістіктермен Тайвандық денсаулық сақтауда басқа елдердегі секілді, соның ішінде  Қазақстан, ауылдық жерлерге медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі және алыс жерде орналасқан аймақтарда медициналық көмектерді алу қиындықтары сияқты мәселелері бар.

Екі елдің медициналық университеттерінің ынтымақтастығының болашағы талқыланды. Тайвань медициналық білім беру тәжірибесінде әртүрлі секторларды және жұмыс бағытын өзара нығайтуға бағытталған университеттердің-достардың бірлескен қызметі бар.

Профессор Төлебаев Қ.А. шетелдік әріптестерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйесімен, сонымен қатар, еліміздегі дәрігерлерді даярлау жүйесі туралы хабардар етті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік жұмыстардың әртүрлі бағытын дамыту бойынша өзара тиімді мүмкіндіктер туралы пікірлермен алмасты және өнімді диалогтар болды.

Аяқтау барысында профессор ТөлебаевҚ.А. ҚазҰМУ атынан Министр Цю Вань-да мырзаға ескерткіш сыйлық табыстады.

17 желтоқсан 2014 ж. ҚазҰМУ өкілдерінің Тайпей медицина университетінің (ТМУ) президентімен (ректорымен) кездесуі болды. ТМУ жеке зерттеу университеті болып табылады және 3 жылда бір сайланатын Президенттің тағайындауымен қамқорлық кеңесі басқарады. QS WUR рейтингінің мәліметтері бойынша ТМУ 350-ші орынға және QS Asia WUR рейтингінде 46-шы орынға ие. ТМУ-да білім алудың барлық деңгйі бойынша 6000-ға жуық студент білім алады, соның ішінде, 7 мектепте 4000-ға жуық бакалавр. Жыл сайын медицина мектебіне 135 студент қабылданады. Университет өзінің 3000 орынға арналған жеке клиникаларында білім береді. Университеттің клиникалары JCI-мен аккредиттелген. Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары онкология және нейро ғылымдары саласындағы зерттеулер болып табылады. Университеттің саясаты әрбір оқытушы 1 немесе оданда көп ғылыми жобаларға қатысады, университеттің болашағы зор қызметкері зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік гранттарды алады.

Осы күні ТМУ вице-президенті профессор ElbertChiou-мен, Медицина мектебінің деканы, профессор Chao-ChingHuang-мен, халықаралық кеңсе деканы, профессор Nai-WenKuo-мен, халықаралық кеңсе деканының орынбасары ShawnChen-мен, ТМУ халықаралық кеңсесінің білім беру секторының жетекшісі DawnChen-мен, сонымен қатар, ТМУ визитинг-профессоры, профессор ValeriCrawford-пен (АҚШ) кездесу өтті.

Екі университеттің халықаралық ынтымақтастығы бойынша пікірталас болды. Кездесуге Эфиопия, Индонезия, Малайзия, Кариб бассейнінің аралдарынан және Вьетнамнан студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты. ҚазҰМУ делегациясы өздерінің әлемнің 26 елінің 100-ге жуық медициналық ұйымдарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық жүргізіліп жатқаны туралы айтты. ТМУ-да 42 елден 440 шетелдік студент білім алып жатыр. Ең тығыз ынтымақтастық Индонезия университеттерімен жүзеге асырылып жатыр. Барлық дипломнан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура және докторантура) ағылшын тілінде өтеді. PhDдокторантурада даярлау бағдарламалары шетелдік студенттер үшін ақылы негізде жүзеге асырылып жатыр.

17 желтоқсан 2014 ж.Тайпей медицина университетінің территориясы бойынша тур болды. Стоматология мектебін, мұражайды, 100 мың кітаптық қоры, 10 мың электронды оқулықтар мен монографиялары, компьютерлік залдары бар  кітапхананы аралады.

18 желтоқсан 2014 ж.ҚазҰМУ делегациясы Медицина мектебінде және ТМУ университеттік госпиталінің бірінеде (TaoyuanGeneralHospital) болды. Репродуктивті медицина, нутрициология және дұрыс тамақтану, сүт бездерінің ауруларын бақылау бойынша орталықтың және т.б. бөлімшелердің жұмыстарымен танысты. Клиникалық сапардың аяқталуы барысында Питер Чанг басшылығымен ТМУ өкілдерімен пікірталас өтті.  Біздің университетіміз QS WUR рейтингіне кіруге мүмкіндік беретін ҚазҰМУ-ды дамыту аясы талқыланды.Профессор Питер Чанг әлемдік рейтингке ҚазҰМУ-ды алға жылжыту бойынша өзінің көз-қарасымен бөлісті.

Қорытынды: Тайпей медицина университетіне сапардың мақсаты беделді QSWUR рейтингіне кіру түріндегі медициналық университетті дамыту бойынша үздік тәжірибелерді зерттеу және халықаралық мойындау болып табылды. ТМУ жас университет болғанымен аз уақытта зерттеуде және халықаралық ынтымақтастықта айтарлықтай жетістіктерге жетті.  Питер Чангтың айтуы бойынша бұл жүйелі қадамдардан тұратын қиын үдеріс. Бұл жерде мемлекеттің, Денсаулық сақтау және әл-ауқат министрлігінің тарапынан, донаторлық көмек, халықаралық ынтымақтастықты дамытуда университетті басқару жағынан инвестиция (жыл сайын 1 млн.доллар), академиялық сарапшылардың күшті базасы, қолайлы зерттеу ортасы, ғылыми зерттеулердегі сауатты стратегия (әрбір оқытушы ғылыми жобаларға қатысады және жыл сайын ИМПАКТ журналдарында мақалалар шығарады), білім беру ортасының интернационализациясы (бакалавриат бағдарламалары қытай тілінде, ал барлық дипломнан кейін білім беру бағдарламалары ағылшын тілінде) үлкен рөлді атқарды.   Профессор Питер Чанг ҚазҰМУ делегациясына елдің қандай жолмен дамып жатқанын, берілген білім беру жүйесінің қандай артықшылары бар екенін, нені жетілдіру керек екенін, қазақстандық медициналық білім беру жүйесі үшін Тайванның қандай тәжірибелелері пайдалы екенін түсіндіретін білім берудің, денсаулық сақтаудың, әлеуметтік қорғаудың, сақтандырудың ұлттық жүйесінің, клиникалық медицина және Тайвань медициналық білім берудің негізгі өкілдерімен кездесуді ұйымдастырды.

ҚазҰМУ делегациясының ТМУ-ге сапарының қорытындысы мыналар болып табылды: (1) Әртүрлі қызметтер саласындағы ынтымақтастық бойынша бағдарламаның жобасын өңдеу; (2) ТМУ тәжірибесінен ҚазҰМУ қызметтерінің әртүрлі бағытын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру; (3) ҚазҰМУ жұмысының негізгі бағыттарын жетілдіру және QSWUR рейтингіне кіру бойынша кеңесші ретінде профессор Питер Чангты тарту.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *