Жаңалықтар.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Республикамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты аталып өтілуіне орай арнайы студенттік флеш-моб өтті.

2015 жылдың 05 ақпаны күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қолдауымен университеттің «Мәңгілік ел» алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Республикамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты аталып өтілуіне орай арнайы студенттік флеш-моб өтті.

Ұйымдастырушылар: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚАзҰМУ «Бірлік» Кіші Ассамблеясы, «Демеу» студенттік кәсіподақ ұйымы, Университеттің студенттік үкіметі.

Іс-шараға 200-ден астам студенттер, оқытушылар және университет әкімшілігі қатысты.

Университетіміздің «Мәңгілік ел» алаңына жиналған студенттер Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлттардың ұлттық билерін билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шараның мақсаты студенттердің бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, рухани құндылықтарын арттыру,толеранттылықты дәріптеу , өзге ұлттарға деген жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру,қазақстандық патриотизм мен университетіміздегі ұлтаралық достықты дәріптеу.

Флеш-мобтың қатысушылары қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық, бейбітшілік, бірлік ұғымдарын ұран етіп, барша қазақстандықтарды  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен құттықтады.

Флеш-моб соңында студенттер түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырып, бейбіт аспанымыздың астында ынтымақтастың  мәңгілік екенін көрсетті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *