Жастар саясаты басқармасы



Басқарма басшысы:

Жолдасбай Нұржан Асқарұлы

Телефон:8(727) 3387073 (ішкі 7799)

Email: [email protected]

 

 

 

Басқарма туралы

Басқарма Университет құрылымының оқшауландырылған бөлімшесі болып табылады. Басқарманың құрылымына Университеттің құрылымдық бөлімшесінің дербес түпкілікті құқықтық негізде құрылған Тәрбие жұмысы және студенттерді әлеуметтік қолдау бөлімі мен Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту тобы, сонымен қатар «ART» орталығы кіреді.

Басқарма қызметінің негізгі бағыттары:
  • ҚазҰМУ-да ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру
  • ҚР азаматтарының жалпы ұлттық бірлігін насихаттау, студенттерді толерантты болуға, өзге халықтардың дәстүрлерін сыйлауға үйрету
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау және жастардың Отанға деген патриоттық сезімін нығайту
  • Студенттік ортада кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм және терроризмнің таралуының алдын алу жұмыстары
  • С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде қалыптасқан дәстүрлерді сақтау, университет тарихын және бейнесін кеңінен насихаттау
  • Жалпы университеттік тәрбие жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, университеттің стратегиялық жоспарын дайындауға ат салысу
  • Студент жастардың әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық мәселелерін шешуге ат салысу

 

Басқарма  құрылымы

  • Тәрбие жұмысы және студенттерді әлеуметтік қолдау бөлімі
  • Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту тобы
  • Шетел студенттерімен жұмыс жасау бөлімі