Симмуляция орталығы.

Cимуляциалық орталық (СО) 2007 жылы Білімдегі иннавациялық технологиялар орталығының базасында құрылған және бірінші басшысы — Сарсенова Л.К. Бүгінде Симуляция орталығы 700м2 ауданды алатын университеттің жеке бір бөлімшесі. Қазіргі уақытта Симуляция орталығының басшысы- Абильдаев Данияр Айболсынович.

clip_image002
clip_image004 clip_image006 clip_image008 clip_image010 clip_image012

Ведущий специалист

д.м.н., профессор

Саулебекова Лариса Ормашевна

Консультант

к.м.н.

Джель Людмила Леонидовна

Консультант

Мамышев Асхат Маратович

Консультант

Айбасова Айгерим Дархановна

Инженер-программист

Кузембекова Айнур Туребековна

clip_image014 clip_image016 clip_image018 clip_image020 clip_image022

Методист

Белтенова Айжан Галымовна

Методист

Игиликова Назым Дюсембаевна

Методист

Кышкашова Гульназ Алмасовна

Техник

Акжолов Канат Азатбекович

Техник

Жумабаев Руслан Болатович

 СО келесі миссияларды жүзеге асырады: Біз қазақстандық дәрігерлерге клиникалық тәжірибелерін жетілдіруге көмектесуді қалаймыз,дәрігерлерді клиникалық модульді ойлауға жақындату, топта жұмыс істеуге үйрету, науқастың қауіпсіздік кепілін арттыру және дәрігердің қателесу үлесін төмендету, сонымен қатар, превентивті дәрігерлік симуляция арқылы республикадағы денсаулық сақтаудың ілгерілеуіне мүмкіншілік туғызу. Симуляция орталығының қызметкерлері кеңес беру мен қатар техникалық жәрдем жасайды. Штаттық қызметкерлер құрамында бір медицина ғылымының докторы және бір медицина ғылымының кандидаты бар.

Симуляция орталығы 13 мамандандырылған класспен қамтылған, мұнда оқушылар (студенттер, интерндер немесе дәрігерлер) дәрігерлік манипуляциялардың әр түрлі техникасын меңгере алады.

Тренингтік №1 бөлме мейірбике ісіне арналған. Мұнда болашақ мейірбикелер науқастарды күту, өздерінің негізгі манипуляцияларын өткізу, бұлшық етке және күре тамырға ине егу, тамыр соғуы мен қысымды өлшеу, несеп көпіршігінің катетеризациясы, асқазанды зондпен тексеру, жараларды күту дағдыларын үйренеді.

Тренингтік №2 және №11 бөлмелер өмірге өте маңызды дағдыларды өтеу – жүрек-өкпе реанимациясына бағытталған. Студенттер мұндай манипуляцияларды жақсы меңгеруге тырысады. Мұнда ересек, 5 жасар бала және нәрестенің манекендерімен жаттығады.

Тренингтік №3 бөлмеде LapSim сияқты виртуалды тренажерлермен әр түрлі манипуляцияларды өтеуді үйренеді. Бұл симуляторлар технологиясы хирургиялық операцияларды виртуалды түрде өткізуге мүмкіндік береді, студенттер лапороскопиялық аспаптарды қолдануды үйренеді, ал экран мониторында құрсақ қуысының жағдайы көрсетіледі. Бұл симулятордың бағдарламасы камераны жургізу, екі қолды үйлестіру, клипсты салу, тігу және тағы басқа 11 дағдыны қамтамасыз етеді, сонымен қатар холецистэктамия, сальпингэктомия, жатыр миомасын тігу және тағы басқа сол сияқты толыққанды лапороскоптық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Тренингтік №4 бөлме – бала емдеу бөлмесі. Бұл бөлменің муляждарымен кіндік күретамырының катетеризациясы, бас күретамырына ине егу, люмбалды пункция, асқазанды жуу және зондпен тамақтандыру сияқты нәрестелерге жассалатын манипуляцияларды өтеу дағдыларын үйренеді.

Тренингтік №5 бөлме балалар мен ересектерге диффибриляция әдістемелерін өтеуге арналған. Оқытушы пульттың көмегімен пульстың өзгеруін берсе, студент сол потологияны анықтап, керек жағдайда жүрек дефибрилляциясын жасайды.

Тренингтік №6 бөлме интубация сияқты шұғыл дағдыны өтеуге арналған. Егер ларингоскоп жүзімен манекеннің тісіне артық күш түсетін болса немесе асқазанға қате интубация жасалатын болса, онда манекен дабыл береді.

Тренингтік №7 бөлме акушерлік және гинекология бағытындағы қалыпты және поталогиялық босануды көрсететін «Ноэль» сияқты тренажерлермен жабдықталған. Арнайы және сыртқы акушерлік зерттеулер, жатыр ішіне спираль қою, стетоскоп көмегімен нәрестенің жүрек соғысын тыңдау, Леопольд әдісі бойынша өтеу және жатыр мойнының ашылу деңгейін анықтау сияқты жаттығулар өткізуге болады.

Тренингтік №8 бөлме –хирургиялық шеберліктері мен дағдыларын өтеуге арналған. Оларға буын пункциясы, мидың қатты қабаты, өкпеқаптар, қалқанша без байланыстары жатады. Сүт бездерінің пальпациясы, простата. Қан тоқтату және хирургиялық операциядан кейінгі жараны өңдеу. Хирургиялық тігістер мен түйіндерді өтеу.

Тренингтік №9 бөлме – жалпы тәжірибелік дәрігер дағдыларын өтеу бөлмесі. Мұнда жүрек және өкпе шуларының аускультациясы, құлақ және офтольмалогиялық байқаулар дағдыларын меңгереді.

Тренингтік № 10 бөлмеде терапевт және функционалист дәрігерді дайындауға қажетті Жапондық «К»науқас симулятор жұмыс істейді. Бұл симулятор жүрек-қантамыр және өкпе жүйелерінің және тамыр соғуынан рентгенограмма мен ЭКГ түсіндіріп беруге дейін мүмкіндіктер береді.

Тренингтік №12 бөлме – шұғыл жағдайлар мен реанимациясы бөлмесі. Мұнда студенттер келесі жаттығуларды меңгереді:орталық қан тамырының катетеризациясы және реанимациялық сценаримен шұғыл жәрдем көмегінің науқасы Hall.

Тренингтік №13 бөлме тіс дәрігерлеріне арналған жапондық NISSIN манекендермен жабдықталған.Мұнда тісті егеу, көшірмелерін алу және тістің сыртқы қаптамасын құйып алу сияқты дағдыларды меңгереді. Сабақ барысында шын компрессор,сорғыш, ауа және су пистолеттері сонымен қатар австриялық әртүрлі бұрғының ұштары қолданылады.

Әрбір сынып дүниежүзілік стандарттық талаптарға сай муляждар, симуляторлар және виртуалды тренажерлермен жабдықталған. Олар заманауи полимерлі материалдардан жасалған, күрделі электроникадан құралған және кез-келген клиникалық жағдайды ұқсатуға мүмкіндік береді.


One Response to “Симуляция орталығы”

  1. Жайнаров Нұржан Ершораұлы

    Құрметті әріптестер! Мен сіздерге алдағы күнде еңбектеріңізге табыс тілеп, ғылымның биік шыңына шығуларыңызға тілектеспін. Сіздердің жұмыс, жоспарларыңызбен таныстым, маған ұнайды. Ғылымда талмас қанат тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *