Жаңалықтар, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі.

С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, құқықтық дағдыларды меңгеру — мамандар даярлаудағы негізгі компетенциялардың бірі болып табылады. Осыған орай, 2011 жылғы 13 мамырда Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйымдастыруымен, «Денсаулық сақтау саясаты және басқару», «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг, құқық негіздері» кафедраларының, Этикалық кеңес және Жастар ұйымдарының атсалысуымен «Денсаулық адвокаты» клубының щеңберінде «С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерінің Ар-намыс кодексі» тақырыбында дебат режимінде семинар-тренинг болып өтті.

Аталған шараның негізгі мақсаты — ҚазҰМУ студенттерінің Ар-намыс кодексін студенттер арасында насихаттаудағы ақпараттық жұмысты белсендіру, этикалық принциптер мен адамгершілік құндылықтарды дамытуға қолдау көрсету.

Семинарды Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры, профессор Қ.А. Төлебаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, «Денсаулық адвокаты» клубының шеңберінде осындай шаралар өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Өз кезегінде, стоматология факультетінің 1 курс студенттері сабақ кезінде студенттердің өзін-өзі ұстауы жөнінде рольдік ойын өткізді.

ҚазҰМУ студенттеріне Ар-намыс Кодексі не үшін керек? — деген тақырыпта жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі, емдеу факультетінің 6 курс студенті А. Байзаханов баяндама жасап, соңы қызу талқылауға ұласты.

Семинар-тренинг соңында бас сарапшы, ҚазҰМУ Этикалық Кеңесінің төрайымы, профессор Ж.Ғ. Мұстафина жиналған қауымға студенттердің Ар-намыс этикасы туралы әсерлі әңгімелеп берді.

Іс-шара қорытындысында барлық қатысушылар тарапынан ұсынылым әзірленіп, қабылданды және ұйымдастырушылар тарапынан белсене қатысқан барлық студенттерге алғыс хаттар тапсырылды.

«Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының оқытушылары, «Денсаулық адвокаты» клубының үйлестірушілері А.М Раушанова, М.Т Байқазақова аталған шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене араласқандарын атап өтуіміз керек.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *