Жаңалықтар.

Үстіміздегі жылдың 31 мамырында университет тарихында алғаш рет С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі, профессор Ж.Ғ. Мұстафинаның бастамасымен құрылған «Тағзым» қоғамы, университеттің Этикалық Кеңес мүшелері, жалпы медицина, стоматология  факультеттерінің бір топ бірінші курс студенттерін автобуспен Жаңалық елді мекенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына ашылған мемориалдық тарихи кешенге барып, есте қаларлықтай іс-шара өткізілді.

Атап айтсақ, мемориалдағы ескерткіш тақталардағы сол зұлмат жылдарды естіген, оларға тікелей қатысы бар ұрпақтардың естеліктері, зерттеуші журналистер әңгімелері тыңдалды. Студенттер өз тарапынан қызыл империяның құрбаны болған алаш зиялылары турлы үзінділер және өздерінің  жүрек жарды өлеңдерін оқып тағзым етіп, гүл шоқтарын қалдырды.

Маусым айының 6 жұлдызында «Тағзым» қоғамы, Этикалық Кеңес мүшелері, мұражай қызметкерлері, қоғамен  байланыс  бөлімінің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдың саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған ғылыми-тәжірбиелік  конференция өткізілді.

Конференцияда профессор Ж.Ғ.Мұстафина «Болашақ үшін сөнбес ескерткіш»,  профессор И.А.Құлманбетов  «Санжар Асфендияров ҚазММИ-дің бірінші директоры», университет мұражайының директоры А.С.Саятова «1931-1938 жж. ҚазММИ-дағы репрессия тарихы»,  профессор А.Ж.Нұрмақов «Нығмет Нұрмақов және оның уақыты»,  профессор А.А.Қабылбеков «Саяси қуғын-сүргін құрбандары мәңгілік есте», аға оқытушы Ғ.Т.Рсалдина «Алжирдегі әйелдер», м.ғ.д. Р.И. Құлманбетов «Жаңалық мемориалдық кешені туралы» баяндамалар жасап, көпшіліктің көкейіне қонымды дүниелер туралы айтты.

Конференцияда Н.Нұрмақовтың отбасылық мұрағатындағы жинастырылған деректі фильм көрсетілді. Әділ Ақбота, Қызыр Алмагүл, Қолбаева Гүлмира, Асланова Аида сияқты бірқатар студенттер саяси қуғынға ұшыраған құрбандарға және тәуелсіз  Қазақстанға арнауларымен конференцияға қатысып отырған көрермен-студенттер алдында өз өнерлерін көрсетті.

Аға оқытушы Ғ.Т.Рсалдина


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *