Жаңалықтар Қазақ тілі кафедрасы.

Республикалық пәндік олимпиада.

26-28 наурыз 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститеті қабырғасынада Республикалық төрт турдан тұратын пәндік олимпиада болып өтті. Аталмыш шараға С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының төрт секциясы: Қазақстан тарихы – «Ибн Сина», саясаттану – «Абзал жандар», философия – «Демикандиум» және әлеуметтану —  секциялары тарапынан командалар жасақталып айтулы шараның белді қатысушылары болып қайтты.  Олимпиада қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен саясаттану пәні бойынша доцент Рсалдина Ғ.Т., аға оқытушы Исаева М.И., Мәлік  Ғ.А. — ғылыми жетекшілігімен «Абзал жандар» командасы: Айтмат Маржан – Стоматология факультеті 2- курс, Искалиева Венера Стоматология факультеті 2- курс, Нұрмахамбетова Жанерке Стоматология факультеті 2- курс, Ануарбекова Сымбат Стоматология факультеті 1- курс ағылшын бөлімі,  барлығы сегіз команданың ішінен жүлдеділі үшінші орынды және олимпиада кубогымен марапатталды.Философия пәні бойынша Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент Бисембаева З.У., аға оқытушы Абдразакова Н.А., Турсунбаева С.Д.- ғылыми жетекшілігімен «Демикандиум» командасы: Қамидолла Елнұр, Чайниет Айзат, Ибрагимова Альмара, Әскербек Әйгерім, Қалмықанова Еркежан –  Жалпы медицина факультеті 2- курс студенттері барлығы сегіз команда ішінен жүлдеділі үшінші орынмен марапатталды. Әлеуметтану пәні бойынша доцент Нагайбаева з.А., Алдубашева Ж.М. ғылыми жетекшілігімен «Абзал жандар» командасы: Мардисадыкова Айгерім, Құлмахан Толғанай Жалпы медицина факультеті 2-курс студенттері қатысушылар сертификатымен, Қазақстан тарихы пәні бойынша т.ғ.к., аға оқытушы Дауытбекова М.Қ., оқытушы Илгидаева С.М. ғылыми жетекшілігімен «Ибн Сина» командасы: Солтанай Жәнібек, Райханова Гүлсауле, Сұлтанбек Анажан, Бозбаев Олжас, Қанат Анэль Жалпы медицина факультеті 1-курс студенттері барлығы он қатысушы командалар арасынан қатысушылар сертификатымен, ең үздік ғылыми жоба номинациясымен марапатталды.Ғылми жетекшілерге ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табыс етіліп, үлкен рахмет білдірілді. Олимпиада қатысушыларын келесі жылға республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға асыға күтетіндерін жеткізді.

  Осындай ғылыми деңгейі жоғары республикалық студенттер сайысында жүлделі орындарға ие болған университетіміздің ғылыми әлеуеті жоғары студенттерімізді толағай табыстарымен құттықтаймыз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *