«E-Learning. Technology Enhanced Learning in Medical Education» атты семинар болып өтті




03.06.2015

2015 жылғы 14 мамырда «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттеріне «Көкірек қуысының радиологиясы» атты біріктірілген-интерактивті дәріс өткізілді. Дәріске ағылшынша оқитын топтан 19 студент қатысты. Сонымен қатар дәріске оқу департаменттерінің директорлары, ҚазҰМУ-нің біріккен оқу орталығының кафедралары мен модульдерінің клиникалық және негізгі биомедициналық пәндерінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

2015 жылғы 15 мамырда професор Го По Санмен «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша 1 және 2-ші оқу жылының резиденттеріне «Сәулелік диагностика. Көкірек қуысы органдарының ауруларын рентгенологиялық зерттеу» тақырыбында дәріс өткізілді. Семинарға «Сәулелік диагностика» кафедрасының, Біріккен оқу орталығының қызметкерлері және Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебінің сарапшылары қатысты.

2015 жылғы 16 мамырда ҚазҰМУ әкімшілік-басқарушылық қызметкерлеріне, кафедра меңгерушілеріне, модуль жетекшілеріне «Сингапур университеттерінде білім беру тәжірибесі»  (Сингапур Ұлттық университетінде оқыту тәжірибесі, өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу) атты тақырыпта жиналыс түрінде семинар өткізілді.

17-21 мамыр аралығында ПОҚ және ӘБҚ арналған төмендегі тақырыптар бойынша семинар өткізілді:

  • Жоғары оқу орындарында электрондық оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері. Электрондық оқыту оқу орындарында білім беру үдерісін басқарудың ажырамас бөлігі ретінде.
  • E-Learning медициналық білім беруде қолдану. E-Learning технололгиясы шегінде интерактивті оқыту әдістерін енгізу жолымен білім беру сапасын жоғарылату.
  • Жоғары медициналық білім беру жүйесінде дәстүрлі және электрондық білім беруді бір тұтастандыру. Оқу бағдарламаларына E-Learning технологиясы негізінде қосымша материалдарды енгізу. АКТ дағдылары бөлігінде медициналық университеттің ПОҚ және тәжірибелік денсаулық сақтау жағындағы қызметкерлердің құзіреттілігін дамыту.
  • Жоғары медициналық білім беруде электрондық оқыту модельдері. Әлем бойынша университеттерде электрондық оқыту модельдеріне салыстырмалы түрде талдау жасау.
  • E-Learning негізінде оқу үдерісін басқаруды ұйымдастыру. Медициналық университетте клиникалық және теориялық пәндер бойынша сабақтарды өткізу үшін E-Learning оқу курстарын жасау.
  • E-Learning қағидаларын меңгеруде ПОҚ тәжірибелік АКТ дағдыларының сатылары және деңгейлері, оларды медициналық білім беруде қолдану.
  • ПОҚ электрондық білімділігі: мамандарды даярлаудың барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларына E-Learning енгізудің құзіреттіліктері және тәжірибелік дағдылары.
  • Flipped Classroom моделі. Медициналық білім беруде маңызы. Flipped Classroom – дәстүрлі дәрістер және E-Learning дәрістері.
  • Технологиялық тұғырнамаларды тәжірибелік қолдану және мәселелерді Flipped Classroom арқылы шешу.

Семинар соңында қатысушылардың барлығы оқу үдерісіне  оқу бағдарламаларының әртүрлі тақырыптары бойынша интерактивті алаң жасап енгізді. Семинарға қатысқан кафедра/модуль оқытушыларының жеке интерактивті блогы құрылды. Ары қарай кафедра/модуль оқытушыларын интерактивті оқыту әдістерін жасау бойынша каскадтық оқыту жоспарлануда.