Жаңалықтар.

Іс- шара өзектілігі:

Жыл сайын 31-ші мамырда ДДҰ Дүниежүзілік темекісіз күнді атап өтеді, соның шегінде темекі пайдалану салдарынан денсаулықа келетін қауіпке назар аудартылады, әрі оны қолдануды азайту саясатының нақты шаралары насихатталады. Темекі шегу Жаһандық деңгейдегі өлім себептерінің (гипертензиядан кейінгі) екіншісі болып табылады және қазіргі уақытта бүкіл әлемде он ересектің біреуі осыдан өледі. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ еліміздегі медициналық Жоғарғы Оқу Орындары арасындағы әлеуметтік денсаулық сақтау мәселелері бойынша көптеген іс- шаралардың бастаушысы болып отыр. Өткізілетін дөңгелек үстел, қала жастары арасында шылым шегудің зиянын, алдын- алу шараларын ұйымдастыру бағытында ықпалдаса жұмыс істеуді көздейді

Басталуы: 31 мамыр, сағат 14.30

Іс- шара Қысқаша түсініктеме Уақыты
1 Қатысушыларды тіркеу Қонақтар мен БАҚ өкілдерін тіркеу 30 мин.
2 Ашылу Қонақтар мен әкімшіліктің құттықтау сөздері 10 мин.
3 Баяндама «Шылымның шығу тегі» 7 мин.
4 Көрініс «Курение- вред» атты мектеп оқушыларының сахналық қойылымы 10 мин.
5 Баяндама «Шылымның адам ағзасына зияны» 10 мин.
6 Танымдық ойын «Шылымға қарсымыз» атты топтық, мобильдік ойын 15мин.
7 Қорытынды Қатысушылар мен сарапшылардың қорытынды сөздері. 15мин.
8 Жабылуы Баяндамашылар мен белсенді қатысушыларды марапаттау, естелік суретке түсу. 10 мин.

 

Орны: Алматы қаласы,  Төле би көшесі 94 (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №1 оқу ғимараты, Х.Досмухамедов атындағы ЖҚДМ конференц залы)

Қатысушылар: Алматы қаласының Жоғарғы және Орта Оқу Орындары, ҚР жастар ұйымдары

Ұйымдастырушылар: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ, Х.Досмұхамедов атындағы ЖҚДМ-нің ЖДО.

Қолдаушылар: «Нұр Отан» ХДП-ның АҚФ, «Жас Отан» ЖҚның АҚФ.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *