АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар.

Дипломнан кейінгі білім беру және аймақаралық ынтақтастық жөніндегі проректор А.Д.Дүйсекеевтің төрағалығымен 2013 жылдың 12 ақпанында оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті педиатрия факультетінің деканатымен, педиатрия оқу департаментімен және педиатрия саласына қатысты кафедра өкілдерімен (балалар хирургиясы кафедрасының завучы – А.О.Момынқұлов, №1 педиатрия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының завучы – Ш.Х.Рамазанова, №2 педиатрия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі – Б.Х.Хабижанов, №2 педиатрия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының завучы – С.К.Құрманбекова, амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедрасының меңгерушісі – Е.Т.Дадамбаев, амбулаториялық-емханалық педиатрия кафедрасының интернатураға жауапты тұлғасы – К.Е.Ибраева) бірлескен мәжіліс ұйымдастырды.

Мәжіліс барысында педиатрия бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және педиатрияның даму болашағы туралы мәселелер талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *