Оқуәдістемелік бірлестік Республикалық оқу әдістемелік кеңестің–Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) мамандықтар тобы бойынша С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің базасында

Оқу-әдістемелік бірлестік (бұдан әрі ОӘБ) –  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім саласындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік мәселелер бойынша консультациялық-кеңестік орган, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің құрамына кіруші (бұдан әрі РОӘК) Қазақстан Республикасы Білім және ғылы Министрлігі.

ОӘБ РОӘК Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) мамандықтар тобы бойынша С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің базасында 2016 жылы шілдеде құрылған.

ОӘБ РОӘК қызметі медициналық мамандықтар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №353 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша шаралар туралы» бұйрығымен белгіленген.

Қазіргі уақытта ОӘБ РОӘК С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің базасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 14 мамандық бойынша әдістемелік қамсыздандыруды ұйымдастырады.

Мамандықтар тобы Мамандықтар атауы және коды
бакалавриат магистратура докторантура PhD
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) X 6М110100 Медицина 6D110100 Медицина
5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау 6М110200 Қоғамдық денсаулық сақтау 6D110200 Қоғамдық денсаулық сақтау
5В110100 Мейіргер ісі 6М110300 Мейіргер ісі X
5В110300 Фармация 6М110400 Фармация 6D110400 Фармация
5В110400 Медико-профилактикалық іс 6М110500 Медико-профилактикалық іс X
5В130100 Жалпы  медицина X X
5В130200 Стоматология X X

— Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру  (медицина) мамандықтар тобы бойынша ОӘБ РОӘК қызметі Республикалық оқу-әдістемелік кеңеспен үйлестіріледі және бағыттылады:

  • халықаралық талаптарға сай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуды қамсыздандыру;
  • әлемдік білім беру кеңдігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу;
  • өзгермелі жағдайлар мен жаhандық талаптарға сәйкес білім беру барысында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу

— Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) мамандықтар тобы бойынша ОӘБ РОӘК басшылық қызметтері

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректор м.а., медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ. Хамзина – төрайым.

ОӘБ төрайымының орынбасары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Қаптағаева.

Ағымдық ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу, құжаттар және іс-қағаздарды жүзеге асырушы ОӘБ ғылыми хатшысы С.І. Сыдықова

Байланыс.тел: +7 (727) 338-70-50

e-mail: umo.rums.med@gmail.com

— Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) мамандығы тобы бойынша, ОӘБ РОӘК құрамына кіретін ұйымдардың тізімдемесі

  1. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы;
  2. Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті;
  3. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті;
  4. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті;
  5. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті;
  6. Қазақстан медициналық университеті «ҚДЖМ»;
  7. Қазақстан-Ресей медициналық университеті;
  8. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті;
  9. Астана медицина университеті;
  10. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің медициналық факультеті;
  11. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті;
  12. Каспий университетінің гуманитарлық ғылым Жоғары мектебі.