ОРЫС ТІЛІ КАФЕДРАСЫ




26.01.2015

ОРЫС  ТІЛІ  КАФЕДРАСЫ   

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының тарихы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тарихы қалыптасуымен тызыз байланысады.

Әр жылдары орыс тілі кафедрасын аға оқыт. К.Е.Бреусова (1950-1975), доц.А.И. Судакова  (1975-1986), проф. С.Е.Тілегенова (1986-2007) басқарған, сонымен кафедра  «Кафедра русского и казахского языков, «Кафедра русского языка как иностранного», «Кафедра русского языка с курсом общетеоретических дисциплин», «Кафедра языковой подготовки» деп аталған.

Кафедраның дамуында қатысқан алғашқы оқытушыларының ішінде  Смирнова А.Г., Мусатова В.В., Шәкенова О.Б., Подкотилова Л.С., Садиева В.Г.  Болашақ дәрігерлерді даярлауда үлкен үлесті латын тілінің оқытушылары Тё Р.Б., Георгиади В.Г., Васильченко В.Н., Галиева В.А., Абульхаирова Н.У., Жантасова С.У.қосты, олар медициналық ЖОО студенттері үшін латын тілі бойынша оқу-әдістемелік базасын: 4 типтік және оқу бағдарлама (1999; 2002), 7 оқу құралы мен тест тапсырмаларының жиынтығы.

1983 жылдан бастап  кафедра оқытушылары шетел студенттерін оқытады. Аталмыш мерзімде  (Тлегенова С.Е., Подкотилова Л.С., Сексеналинова Х.Х., Лазариди Е.И., Каимова Д.Б., Искакова Н.А., Лутковская Т.В., Бердалиева Т.К. және өзгелері) кафедра қызметкерлерімен әзірленген және шетелдік үйренушілерге   көптеген оқу құралдары, әдістемелік нұсқауларды, мәтіндер мен жаттығулар жиынтықтарын  басып шығарды. Шетелдік студенттер орыс тілі бойынша жыл сайынғы олимпиадаларда  үнемі жүлделі орындарға ие болған. (Мәскеу, Алматы). Қазіргі таңда дайындық бөлімшесінде Ауғаныстаннан келген студенттер оқып жүр.

Кафедра ауқымды тәрбие жұмысын жүргізеді: атақты тұлғалармен кездесулер, экскурсиялар, орыс әнінің, өлең оқырмандарының сайыстары және т.б. ұйымдастырылып тұрады.

Кафедра мүшелері үнемі халықаралық, республикалық пен ЖОО арасында Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Ростове-на-Дону қаласында, Ереванда, Львовта, Белгородта, Ташкентте, Андижанда, Бишкекте және т.б.  конференцияларды ұйымдастырып тұрады.

Кафедра ұстаздарының жұмысы универсиеттің әкімшілігімен еңбектеріне қарай лайықты бағаланады: аға оқыт. Е.И. Лазариди   «Отличник здравоохранения Республики Казахстан» деген кеудебелгісімен марапатталған, көптеген оқытушылар Құрмет мадақтамаларымен бірнеше рет марапатталған. 2009 жылдың қараша айынана бастап орыс тілі кафедрасын  Педагогика ғылымдарының докторы,  профессор, Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының академигі (Ресей, Мәскеу)    басқарады, ол қазақ тілінде оқыту мектептерінің  5,7,10-шы  сынып оқушылары үшін орыс тілі бойынша қолданыстағы бағдарламалары мен оқулықтарының авторы болып табылады. Қазіргі таңда кафедраның ғылыми бағыты оқытудың кредитті жүйесі жағдайында  орыс тіліне болашақ мамандығына бағыттап оқытып-үйретуіндегі проблемаларды зерттеу болып табылады.   ПОҚ негізгі міндеті  – болашақ медик студенттердің коммуникативтік құзыретін, сөйлесу қызметінің негізгі салалары мен түрлерінде коммуникативті міндеттерін орыс тілі құралдарымен шешу қабілеттерін, кәсіби құзыреттерін қалыптасуына ықпалын тигізетін ақпаратты алу үшін мамандығы бойынша ғылыми әдебиетті қолдана алуын қалыптастыру.

 1

Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі –  п.ғ.д. профессор Ұ.А.Жанпейіс

Жанпейіс Ұлтай  Ахметжанқызы

1955 жылдың 19 қаңтарында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қазақ.

1976  жылы Абай атындағы ҚазПИ филология факультетін үздік белгісімен бітірген, орыс тілі және әдебиет оқытушысы болып, Ы.Алтынсарин ат. ПҒҒЗИ КҒК, АҒК болып жұмыс істеді.  1985  жылы орыс тілін оқыту әдісі бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

            1987  жылдан бастап – Абай ат. ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиетті оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі.

1999 жылы  Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі  ( бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі орыс тілі)   – 13.00.02  мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

            1997-2005 ж.ж. Абай ат. ҚазҰПУ орыс тілін және әдебиетті оқыту теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі, 2005-2009 ж.ж. Абай ат.ҚазҰПУ профессоры.

2009 жылдың қарашасында С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасының меңгерушісі лауазымына конкурс арқылы тағайындалды.

Педагогика ғылымдарының докторы,  профессор, Педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының академигі Ұ.А.  Жанпейіс    150 астам ғылыми жұмыстары : монографиялары, оқулықтары,   типтік бағдарламалары, әдістемелік оқу құралдары, әзірлемелері, оқу сөздіктері бар. Ол тек республиканың ЖОО үшін ғана  емес педагогика ғылымдарының 28 кандидатын және  и  педагогика ғылымдарының 3 докторды сондай-ақ алыс шетел: Оңтүстік Корея, Германия үшін қорғатып шықты.Ұ.А.Жанпейіс Қазақстандық лингводидактикасын дамытқанына байланысты  қосқан үлесі үшін  «Қазақстан Республикасының жетекші ғалымы» атағына ие болды. (2005).

Жоғары оқу орындары жүйесінде «Казахско-русский тематический словарь» (2011), «Русско-корейский тематический словарь» (2011),  «Методика преподавания русского языка в модулях»   (2005), «Методика изучения лексики и фразеологии русского языка» (2006), «Методика изучения морфемики и словообразования русского языка» (2007) деген оқу құралдары нәтижелі қолданылуда, оқулық «Русский язык-1», «Русский язык-2», медициналық жоғары оқу орындарына арналған.

«Русская речь для 5 класса» (2000, 2005), «Русская речь для 7 класса» (2012), «Русский язык для 10 класса общественно-гуманитарного направления» (2006-2010), «Русский язык для 10 класса естественно-математического направления» (2010) деген қазақ және ұйғыр тілдерінде оқытудың жалпы білімс беру мектептерінің жаңа буыны оқулықтарының авторы.

Профессор  Ұ.А.Жанпейіс – орыс тілі бойынша 12-жылдық оқыту бойынша жобаның жетекшісі,  «Русская словесность в школе»

«Почётный работник образования Республики Казахстан»(«Қазақстан Республикасының білім берудің құрметті қызметкері») медалімен марапатталған. (2005).    С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ орыс тілі кафедрасы үшін ол 2 педагогика ғылым кандидатын: Н.А.Өзекбаева мен Р.Ж.Дәркембаеваны  даярлады.

        2

    Оспанова Жанат Айқынқызы – оқу ісінің меңгерушісі

 

1970 жылы 5 шілдеде Алматы облысы Шелек селосында дүниеге келген. Қазақ.

1994 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірген. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

2007 жылы ҚазҰМУ-не орыс тілі пәнінің оқытушысы қызметіне қабылданды.

2011-2012 оқу жылынан бастап орыс тілі кафедрасының оқу ісі меңгерушісінің қызметін атқарады.

2013-2014 оқу жылына арналған орыс тілі кафедрасының құрамы

 

1. Жанпейс Ұлтай Ахметжанқызы педагогика ғылымдарының докторы,  профессор, педагогикалық білім беру ғылымдарының Халықаралық академиясының академигі (Ресей, Мәскеу)  кафедра меңгерушісі.
2. Оспанова Жанат Айхимовна қазақ бөлімшесі бойынша оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы
3. Чумбалова Гульмайра Мухамедовна филология ғылымдарының кандидаты , доцент
4. Дәркембаева Роза Джамхановна педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
5. Өзекбаева Назым Асылгазиевна педагогика ғылымдарының кандидаты, доценттің  м.а.
6. Балтабаева Эльмира Ондасыновна аға оқытушы
7. Бекпентаева Ляйле Сандыбаевна аға оқытушы
8. Ботатаева Ұлжан Ақылтаевна аға оқытушы
9. Ефименко Альмира Галимовна  аға оқытушы
10. Көкенова Закира Қонысбекқызы  аға оқытушы
11. Байбурина Құралай Ахановна аға оқытушы
12. Бердалиева Тамара Құндызбаевна аға оқытушы
13. Исқақова Нұрия Ақпаевна аға оқытушы
14. Қаимова Дидар Баяновна аға оқытушы
15. Арқабаева Гүлсім Сейіткәрімқызы оқытушы
16. Тойғанбекова Мөлдір Ерлановна оқытушы
17. Тұрысбекова Гүлмира Жұмақанқызы оқытушы
18. Яхина Хаят Харисовна оқытушы
19. Котлярова Ирина Васильевна тағылымдамадан өтуші оқытушы
20. Нусупова Гульнур Манаповна оқытушы

КАФЕДРАНЫҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫСЫ

Кафедраның  оқу-әдістемелік жұмысындағы инновациялығы оқу- кәсіби қызметі саласындағы үйренушілердің бір мезгілде тілдік (когнитивтік), сөйлесу (операциялық), коммуникативтік (аксиологиялық), құқықтық құзыреттерінің, ал сонымен қатар студенттердің  білімін өзі дамыту құзыретін бір мезгілде қалыптастырылуына және  дамуына бағытталған медициналық білім берудің жаңғыртылған жүйесі жағдайында  орыс тіліне  оқыту үрдісінде студентердің  болашақ мамандығына бағыттау құзыреттерін қалыптастырудың әдістемелік тұрғысынан негізделген білім беру стратегиясы мен тактикасын құру болып танылады.     Орыс тіліне кәсіби- бағыттап оқытуда оқу үрдісін оңтайландыру және құзыреттілікке жақындатып оқытуды жүзеге асыру мақсатында, оқытушылармен  студенттердің  болашақ мамандықтарын есепке алуымен танымдылық мүдделерін және қажеттіліктерін көрсететін коммуникация  үрдісінде студенттердің белсенді сөйлеу қызметін ынталандыратын  интерактивті әдістері  кеңінен қолданылады.    Оқытудың инновациялық  әдістері мен тәсілдері  медициналық  ЖОО-да  оқытудың құзыретті оқытудың  замануи талаптарына сәйкес  пәннің мақсаттары мен міндеттержүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелік сабақтарында  мамандықтары бойынша студенттердің кәсіптілік  тіліне үйретуде қүзыреттілікке жақындатып оқытуды жүзеге асыру үшін  мәтіндерінің базасында  студенттердің сын ойын дамыту технологиялары, кластер әдісі қолданылады; оқытудың интерактивті тәсілдері мен нысандарының жүесі жетілдіріледі   (практикум-сабақ, тренинг-сабақ, коммуникативті  тренинг).   Әдістер  нысандары өзге тілдерден енгізілген, бірақ  «Орыс тілі» пәні медициналық профилін есепке алуымен және  бакалавриат студенттерінің  5 маңызды құзыреттерін  дамыту шеңберінде проф. Ұ.А.Жанпейіспен әзірленген.

Сын ойының даму технологиясы  «О методической стратегии преподавания русского языка в медицинском вузе» мақаласы («Көптілдік білім беру: инновациялық технологиялар және жетілдіру жолдары» ХҒТК материалдарында) жарық көрді. Енгізу акті бар. Аталмыш технология  кәсіби- бағыттау коммуникативтік құзыреттерді қалыптастыру мақсатында,  орыс тілі  пәнінің тәжірибелік сабақтарында қолданылады, студенттердің оқу мен кәсіби саласында тілдесуде когнитивті- тілдік және операциялық- сөйлесу құзыреттерінің деңгейін айтарлықтай арттырады.

Кластерлік әдіс  тілдік емес ЖОО-да орыс тілін оқытып- үйретуде ерекшелігін есепке алуымен  әзірленген.  Кластерлік әдісті  қолданудың  әдістемелік негіздемесі «О  кластерном методе изучения медицинской терминологии на занятиях по русскому языку» («Модель медицинского образования КазНМУ: предварительные итоги, проблемы и перспективы») ХҒТК материалдарында жарық көрген.  Кластер әдісі бір мезгілде  медициналық терминдермен маңызды  қисынды, синтагматикалық, парадигматикалық пен деривациялық байланыстарымен өзгешеленеді, өйткені сол әдіс сөйлеу барысында ойлау қызметін ынталандырады, себебі олардың  мазмұны үйренушілердің  болашақ кәсіби мамандығын есепке алуымен құрылады, сонымен студенттердің мотивациялық негізінде коммуникативтік құзыреттерін  қалыптастыру  үрдісін іске асыруға мүмкіндік береді.

Тәжірибелік сабақтарында кеңінен кәсіби- бағыттау коммуникативті тренингі қолданылады, ол тәсіл  п.ғ.д. проф. Ұ.А.Жанпейіспен   «Об организации различных видов профессионально-ореинтированного коммуникативного тренинга на практических занятиях по русскому языку» («Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында») РҒТК материалдарында әдістемелік негізделген.

Инновациялық әдістерді  қолдану  орыс тіліне оқытып- үйретуде тиімділікті арттырады, құзыреттердің негізгі түрлерін қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізеді.

Орыс тілі кафедрасы   ОМБС  сәйкес барлық оқу-әдістемелік материалдарымен: 1 курстың барлық факультеттерінің келесі мамандықтары: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, фармация, фармацевтикалық өндірісінің технологиясы, мейірбике ісі, менеджмент бойынша оқу бағдарламаларымен, силлабустарымен қамтамасыз етілген.

         Тәжірибелік сабақтар мен ОСӨЖ  модуль жүйесі бойынша жүргізіледі:

1 модуль  – «Орыс тілінің кіріспе курсы»,

2 модуль – «Сөйлесудің функционалдық стилі»,

3 модуль – «Ғылыми мәтін. Ғылыми мәтіннің компрессиясы».

4 модуль – «Кәсіби  саласында  сөйлеу әрекетінің мәдениеті».

         Студенттің оқу жетістіктеріндегі бағалары  5 маңызды құзыреттері бойынша  (100-баллдық межелік) оқу журналында тіркеледі. Оқу журналы «білімі», «тәжірибелік дағдылары», «коммуникативтік дағдылары», «құқықтық құзырет», «студенттің өзіндік жұмысы» бөлімдеріне құрымдалған.

         Құқықтық құзырет   бойынша  алғашқы сабақтарының  4 лексикалық тақырыптарында:  «Тіл және оның негізгі функциялары», «Қазақстан Республикасы», «Қазақстанда  медициналық білім беру», «Медицинадағы заң мен құқық» бағаланады. Өз білімін дамыту құзыреті  бір семестрде СӨЖ түрлерін орындағаны  арқылы  бағаланады.

        Студенттердің өзіндік жұмысының  тақырыптық жоспарында  тақырыптары берілген, тапсырмалардың мазмұны, СӨЖ өткізу түрлері және әр тақырып бойынша сағат саны айқындалған.  СӨЖ бағалау мөлшерлемелері  силлабуста ұсынылған.

        Кафедрадағы ЖОБ ұсынылған тақырыптары бойынша   СӨЖ  жеке түрлерінің тұсаукесер  электронды нұсқаларының қоры бар. Студенттерге  СӨЖ  орындауының  түрлерін таңдау немесе  тілдік, сөйлеу мен коммуникативтік құзыреттерінің қалыптасуын есепке алуымен олар үшін бейімделген деңгейінде жұмысын орындау мүмкіндігі беріледі.  Олар келесі жұмыс түрлері: баяндама, конспект, реферат, эссе, тұсаукесер өткізу, ғылыми мәтіннің ( таңдаған мамандығы бойынша мәтіннің) лингвистикалық талдауы , медицина тіл терминологиясының лингвистикалық  талдауы, терминологиялық сөздікті жасау, аңдатпа, пікір, сын-пікір, түйіндеме-қорытынды және т.б.

         Сондай-ақ  СӨЖ   түрлі нысандарын белгілеу кезінде деңгейлік жолдары  жүзеге асырылады. Сонымен репродуктивті деңгейде ғылыми ақпараттың  қайта  өңделуіне, компрестелуіне, ақпараттың өңделіп, ұсынылуына, жоспар  құрылуына, тезистер әзірлеуіне, конспектілеуіне және т.б. бағытталған  тапсырмалар  ұсынылады.

         Шығармашылық деңгейінде   СӨЖ  бойынша келесі сипатындағы тапсырмалар орындалады: «Қазақстанның шипажайлары», «Менің болашақ мамандығым», «Деонтология»,»Дәрігерлік этика» тақырыптарына  эссе  жазу; «Медик ғалыммен  ғылыми жаңалық ашу», «Медицинаның нышандары мен эмблемалары»  тақырыптарына тұсаукесер әзірлеу.