1.Университет 85 жылда 70 мыңнан астам білікті мамандар дайындап шығарды. Олардың барлығы Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сәтті қызмет етуде. ҚазҰМУ Медицина университеттерінің ұлттық рейтингісінде 1-ші орында. ҚР ЖОО тәуелсіз рейтингісінде және денсаулық сақтау мен фармация мамандықтары бойынша рейтингте 1-ші орында тұр. Қазақ ұлттық медицина униерситетінде Қазақстанның әйгілі ғалым-педагогтары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылыми академиясының, Халықаралық академияның білім және ғылымға еңбек сіңірген академиктері мен дәрігер-фармацевтері еңбек етеді.

2.Қазақ ұлттық медицина университеті алыс, жақын шет елдік ЖОО-мен әріптестіктік келісім шарт жасасқан. ҚазҰМУ Қазақстандық және басқа да шет елдік ЖОО-мен серіктестік аясында студенттердің білім алмасуы бағдарламасын жүзеге асыруда.

  1. Үштілді білім беру бағдарламасы.

2010 жылдан бастап ҚазҰМУ-де «Үштілде білім беру бағдарламасы» дайындалып, жүзеге асырылды. ҚазҰМУ-да бүгінгі таңда – Қазақстаннан және дүние жүзінің 17 мемлекетінен 22 ұлт өкілдерінен 11 мың бакалавр, интерн, резидент, магистрант және PҺD докторант білім алуда.

4.ҚазҰМУ студенттеріне тағайындалған жалпыға ортақ мемлекеттік стипендиядан басқа да стипендиялар бар.

  • ҚР Президентінің стипендиясы
  • Ректор тағайындаған стипендия
  • Б.С. Михайлов атындағы стипендия
  • М. Маметова атындағы стипендия
  • .А.И. Аверинова атындағы стипендия
  • К.Р.Амрин атындағы стипендия
  • М.С. Саулебекова атындағы стипендия
  • А.Н. Сызганов атындағы стипендия
  • С.Ж.Асфендияров атындағы стипендия
  1. Жоғары ресурстық база:
  • 8 институт – Университетті дамыту институты, Б.А. Атшабаров атындағы фундаментальды және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты, Стоматология институты, Дипломнан кейінгі білім беру институты, Мейірбике ісі институты, Клиникалық фармакология институты, Фармация институты, Қоғамдық денсаулық сақтау институты.
  • 6 орталық – Коммуникативтік дағдылар орталығы, Практикалық дағдылар орталығы, Дәлелді медицина орталығы, Диабет орталығы, БМСК дамыту орталығы, Тест орталығы.
  • 3 Мектеп – Х.С. Насыбуллина атындағы ұстаздық шеберлік мектебі, Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Р.Д. Аспетов атындағы вакцинология мектебі.
  • 4 зертхана – клиникалық-эксперименталдық зертхана, Ғылыми клиникалық-диагностикалық зертхана, «Ұжымдық пайдалану орталығы» ғылыми зертханасы, Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы.
  • 6 Инновациялық ғылыми мектеп – Геронтология және гериатрия инновациялық ғылыми мектебі, «Қант диабеті» инновациялық ғылыми мектебі, «Тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерлерді басқарудың экологиялық және медициналық-профилактикалық технологиялары» Инновациялық ғылыми мектебі, «Медицина саласында молекулярлық-генетикалық зерттеулер» Инновациялық ғылыми мектебі, «Балалар неврологиясы» Инновациялық ғылыми мектебі, «Neuroscience» виртуальды институты.
  • Біріктілірген Университеттік клиника: Білім беру-клиникалық орталығы, Ішкі аурулар клиникасы, «Ақсай» университеттік клиникасы.
  • 7 оқу корпусы, 1,5 млн. қоры бар ғылыми кітапхана, 7 студентік жатақхана, Интернет-сынып (70 орын), «Concordia» Университеттік Театры, Республикалық медицина тарихы мұражайы, анатомия мұражайы, спорт залы мен спорттық алаңдар, асхана, денсаулық пункті, типография.
  1. 6. Университетте әскери кафедра бар. 1938 жылдың қаңтарында әскери кафедра ашылған. Кафедраның мақсаты – Қазақстан республикасының қарулы күштері үшін медициналық қызмет көрсететін запастығы офицерлерді дайындау.

 

  1. Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары.

ҚазҰМУ-да студенттік үкімет жұмыс істейді. Онда «ТОР-100» клубы құрылды. (клуб мүшелері «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» бойынша халықаралық қысқы мектепке тренерлер ретінде белсене қатысады).

Біздің универсиетте жұмыс істейтін студенттік ұйымдар – «Университеттің студенттік үкіметі», «Жастар ісі бойынша комитет», «Студенттік құрылыс жасағы», КВН командасы, дебат клубы.

Сонымен қатар университетте спорттық бөлім, шығыс жекпе-жегі, грек-рим күресі, бокс, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, шашки, тоғыз құмалық т.б қызметтері бар.

Жас таланттарды дамыту үшін ұйымдастырылған шығармашылық қосымшалар халық аспаптар оркестрі, хор, вокальдық-аспаптар оркестрі, би ансамблі және т.б.

«Студенттік кәсіподақ» пен омбудсмен студенттердің мүддесі мен құқығын қорғайды

Университетте АРТ-орталығы (ART-centre) жұмыс істейді.

 

  1. Студенттерді жұмыспен қамту.

ҚазҰМУ-ң бітірушілері еңбек нарығында сұранысқа ие. Бітірушілердің 92% жыл сайын Қазақстан Республикасының мекемелері мен ұйымдарына жұмысқа орналасады.