Жаңалықтар, Жаңалықтар.

Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында «Біз-Тәуелсіздік жастарымыз!» атты көркем сурет өнерінен студенттер арасында бәйге өткен болатын.

Бәйгенің басты мақсаты — бейнелеу өнері арқылы жастар арасындағы азаматтық және патриоттық тәрбиені нығайту және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлім мен студенттердің ақпараттық-шығармашылық орталығы ұйымдастырған суреттер бәйгесіне жалпы медицина, стоматология, фармацевтикалық факультеттерінен студенттер өз шырғармаларын көрмеге қойып, бәйгеге қатысты.

Қазылар алқасының алдарына келген туындылардың басым бөлігінде жастардың Отанға, елге деген сүйіспеншіліктері, жалпы Қазақстан азаматы ретіндегі патриоттық сезімдері көрініс тапқан. Қазылар алқасының құрамы бәйгеге қатысқан студенттер өз еңбектерінде дамыған, гүлденген Қазақстанды көрсетуге тырысқандығы жайлы айтып өтті.

«Біз-Тәуелсіздік жастарымыз!» көркем сурет бәйгесі мамырдың 20 күні өз мәресіне жетті. Стоматология факультетінің 1 курс студенті Исрайылов Қ. өзінің екі туындысымен ерекше көзге түсіп, І орын иегері атанды. Стоматология факультетінің 1 курс студенттері Имамниязова Г. және Исабекова С. ІІ орынды өз ара бөлісті. ІІІ орынға жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Тұрғанова М. және жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Атыраубаева А. ие болды. Өнерлі студенттер сыйлықтармен марапатталды.

Аталған іс-шара барысында біздің студенттеріміз болашақ дәрігер ғана емес, көркем сурет өнерінен де хабарлары бар екендігін дәлелдеді.

 

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлім.

 

І орын иегері — Исрайылов Қ. — стоматология факультеті, 1 курс студенті

ІІ орын иегері – Исабекова С. - стоматология факультеті, 1 курс студенті

ІІ орын иегері – Имамниязова Г. - стоматология факультетінің 1 курс студенті

ІІІ орын иегері - Тұрғанова М. жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті

ІІІ орын иегері - Атыраубаева А. жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті

Поисковые слова:


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *