Дәрiгерлiктiң құқығы және мiндеттерi.

Бөлімшенің құрылу тарихы

Медициналық қызметтердің сапасын қадағалайтын бөлімше (қысқартылғанда – СҚБ) институт директорының 2008 ж. 17 наурызындағы № 41 – ИЛ «Сапаның қызметі туралы» бұйрығымен құрылды. Оның жетекшісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрімов Болат Ұрзадаұлы, ал сарапшылары болып дәрігер Анаятова Захирям Құрмоножонқызы және дәрігер Малаева Айнаш Алтмышқызы тағайындалды. СҚБ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 ж. 20 қаңтарындағы № 32 «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жәрдем көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша Ережелерді бекіту туралы» бұйрықтың талаптарына сәйкес құрылды да, ол директорға немесе оның орынбасарларының біреуіне тікелей бағынатын болады.

Бөлімше қызметтерінің негізгі бағыттары

СҚБ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі мен денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер және Институттің жалпы қызметін реттейтін ведомствалық және басқа да нормативтік актілерге, сонымен қатар бекітілген СҚБ Жағдайына сәйкес іске асырады.

СҚБ негізінде методикалық көмек пен қызметкерлерге мынадай бағыттармен білім беру мәселесін іске асырады:

  1. ұйымдағы медициналық жәрдемнің сапасын басқару бойынша бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;
  2. ұйымда іске асырылатын үдерістерді денсаулық сақтау саласындағы үлгілірге, сонымен қатар аккредитация үлгілеріне сәйкестігі бойынша бағалау;
  3. ұйымды аккредитация үдерісіне дайындау;
  4. клиникалық аудит жүйесін енгізу – белгіленген стандарттарға олардың сәйкестігіне жүргізілген емдік-диагностикалық іс-шаралардың өткен толық талдауын жүргізу;
  5. қызметтің талдама нәтижелері бойынша жұмыстың ақаулықтарын жою және олардың алдын алуға бағытталған және медициналық жәрдемнің тиімділігі мен сапасын көтеруге мүмкіндік туғызатын іс-щараларды әзірлеу.

Медициналық қызметтердің сапасын қадағалау бөлімшесінің қызметтері

СҚБ-ның қызметтері:

  1. ұйым бөлім-бөлімшелері қызметінің тиімділігін өздерінің үдерістері мен рәсімдерін бағалауы бойынша, медициналық жәрдем сапасын бағалау индикаторын қолдануы бойынша, денсаулық сақтау үлгілерін енгізуі бойынша талдау;
  2. аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметіне талдау жасау;
  3. талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпараттарды ұйым басшылығына басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткізу;
  4. ұйымның қызметкерлер құрамына медициналық жәрдем сапасымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім беру және методикалық көмек;
  5. ұйымның өз қызметкерлерінің көзқарасын білу және қызметкерлер құрамына ұйымда емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапаны жақсарту бойынша іс-шаралар туралы ақпараттандыру

CҚБ негізгі міндеттерін орындау мен өзінің қызметін іске асыру мақсатында ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат сұрауға және алуға, сонымен қатар оларға ұсыныстар енгізуге құқығы бар:

  1. медициналық жәрдем көрсетудің басқару және тәртіп жүйелерін жетілдіру бойынша;
  2. медициналық жәрдемнің сапасын жақсартуға ат салысқан қызметкерлерді ынталандыру бойынша және медициналық жәрдем сапасына кері әсер ететін немесе емделушінің денсаулығына зиянын тигізетін жағдайлар мен жүйелік бұзылыстар анықталғанда ықпал жасайтын тәртіптік шаралар қолдану бойынша;
  3. денсаулық сақтау саласында болатын аккредитация мақсатында баға беруді жүргізу үшін, сондай-ақ, клиникалық аудитті іске асыру, индикаторларды әзірлеу рәсімі, денсаулық сақтау саласындағы үлгілерге сәйкестікті талдау үшін аккредитациядан өткен тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша.

СҚБ ұйым басшылығымен бекітілген лауазымдық нұсқауларда белгіленуге тиіс жасалатын медициналық қызметінің сапасын қамтамасыз етуге жолданған ұйым қызметін қадағалайды.

Медициналық қызметтердің сапасын қадағалайтын бөлімше

Trackbacks/Pingbacks

  1.  Дәрiгерлiк қызметкердiң құқығы және мiндеттерi | С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *