Денсаулық сақтау саласында медициналық
терминология комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология
комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық
терминология комрссиясы туралы» 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367, «Қазақстан
Республикасы ҮкМетінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен
жұмыс топтарын қздру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты
бекіту туралы» 1999 жылғы 16 наурыздагы № 247 қаулыларына сәйкес
әзірленген және Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология
комиссиясының (бұдан әрі — Комиссия) міндеттерін айқындайды.
2. Комиссия медициналық терминология саласында ұсыныстар әзірлейтін
консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
заңдарын, Қазақстан Республикасының Президент мен Үкіметінің актілерін,
өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа
алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
медициналық жогары жэне орта кәсіптік білім беру ұйымдарында жэне
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық терминология мәселелері
бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды қарау;
медициналық жогары жэне орта кәсіптік білім беру ұйымдарынан және
денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп тусетін медициналық терминдерді бір
жүйеге келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жэне жүргізу.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның оның төрагасы басқарады және бекітілген жұмыс
жоспарына сәйкес отырыстар өткізеді.
6. Отырыс егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, күші бар деп 5
есептеледі.
7. Комиссияның хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді
қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.
8. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын уйымдастырушылық-
техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия
отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды,
материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш
жұмыс ісүні бүрын қосымша хаттама жобасымен комиссия мүшелеріне
жіберіледі.
9. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірі болған кезде, олардың ерекше
пікірі жазбаша түрде жазылады және ресімделеді.
10. Комиссия шешімдері аіиық дауыс беру арқылы қабылданады және
оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе,
қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген
шешім қабылдаЧн’ ды деп есептеледі.
11. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша үш жұмыс күні
ішікде хаттама жасалрды, оған тераға мен хатшы, сондай-ақ Комиссия мүшелері
қол кояды.
12. Материалдар мен хаттамалық шешімдерді есепке алуды және сақтауды
комиссияның жумыс органы ясузеге асырады.