УНИВЕРСИТЕТ КЕЛЕСІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША АБИТУРИЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

ЖОҒАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ МАМАНДЫҚТАРЫ
  Оқу мерзімі
Коды Мамандықтың аталуы Клиникалық практикамен айналысу құқығы жоқ Клиникалық практикамен айналысу құқығы бар
5В130100 Жалпы медицина (күндізгі) 5 5+2
5В130200 Стоматология (күндізгі) 5 5+1
БАКАЛАВР МАМАНДЫҚТАРЫ
Коды Мамандықтың аталуы Оқу мерзімі (жыл)
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау (күндізгі) 5
5В110300 Фармация (күндізгі) 5
5В110400 Медицина-профилактикалық ісі (күндізгі) 5
5В110100 Мейірбике ісі (күндізгі) 4
ӘЛЕУМЕТТІК  ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС
5В050700 Менеджмент (күндізгі)  4
5В050700 Менеджмент (күндізгі, дистанционды) 2
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы (күндізгі) 4

 

ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

5В130100 «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫ

5В130100-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды аяқтаған бітірушіге заң тұрғысынан бекітілген жалпы дәрігерлік практика немесе гигиена эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес практикалық қызмет етуге рұқсат беріледі. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқу бітіруші магистратура немесе резидентурада білімін жалғастыруға құқылы. 5В130100-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды аяқтаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр» академиялық дәрежесіндегі  диплом беріледі.

6 және 7-курс студенттеріне білім беру интернатура түрінде ұйымдастырылады:

  1.  жалпы дәрігерлік практика
  2. гигиена және эпидемиология
  3. ішкі аурулар
  4. хирургия
  5. педиатрия
  6. акушерлік және гинекология

 

5В130200– «СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ

5В130200-«Стоматология» мамандығы бойынша (5+1) оқу бітірушіге жалпы деңгейдегі стоматолог-дәрігер біліктілігі бар жоғары базалық білімі туралы диплом және интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі. 5В130200-«Стоматология» мамандығы бойынша 5 жыл оқуын аяқтаған бітіруші клиникалық практикаға қатысы жоқ мамандық бойынша жұмыс істегісі келсе, оған стоматология бакалавры  дипломы беріледі.

 

БАКАЛАВР  МАМАНДЫҚТАРЫ

5В110100— «Мейірбике ісі» мамандығы

5В110100— «Мейірбике ісі» мамандығы (4 жыл) бойынша бітірушілерге «Мейірбике ісі бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. «Медицина мейірбикесі-менеджері»  біліктілігі және жоғары базалық білімі туралы диплом беріледі.

5В110400 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы

5В110400 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы (5 жыл) бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «Қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесін берумен жоғары білімі туралы диплом беріледі.

5В110300 – Фармация мамандығы

5В110300 – Фармация мамандығы (5 жыл) бойынша оқуын аяқтаған бітірушіге жоғары фармацевтикалық білімді «фармация бакалавры» академиялық дәрежесі мен «жалпы практика фармацевті» біліктілігі дипломы беріледі.

5В110400 – «Медицина-профилактикалық ісі» мамандығы

5В110400 – «Медицина-профилактикалық ісі» мамандығы (5 жыл)бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «бакалавр» дипломы беріледі.

5В050700 – «Менеджмент» мамандығы

5В050700 – «Менеджмент» мамандығы (4 жыл) бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «менеджмент-бакалавры» академиялық дәрежесі және жоғары білімі туралы диплом беріледі.

.