Латын тілі модулі




26.01.2015

 “Inviaest in medicina via sine lingua Latina”

Фармацевт және медицина саласында қандай маман иесі үшін латын тілі пәндердің ішінде ең маңызды пәндердің бірі. Медицина университетінде латын тілін оқытудың кәсіби мақсаты –терминологияны сауатты меңгерген дәрігер дайындау. Сол сияқты студенттердің мәдени-білімді деңгейін көтеру, ой өрісін кеңейту. Басқа пәндерді оқып үйренуде, ғылыми терминологияны меңгеріп және түсінудің арқасында өзінің жеке білім деңгейін көтеруге ынтасы зор.

Болашақ  дәрігер үшін терминология тәжірибелік белсенділік күйі арттырады. Университте латын тілі ондаған жылдар бойы өтіп келеді. Университет түлектері тәжірибелі ұстаздарды, яғни Те Роза Бонсеновна, Васильченко Наталья Николаевна, Галиева Вера Александровна, Георгиади Валентина Георгиевна, Абульхаирова Нагима Умуджановна. Аға оқытушы Жантасова Сапаргуль Урашевна осы ұстаздармен бірге жұмыс жасап, бүгінгі күнде студенттерге сабақ беріп келеді.

2012 жылы қыркүйекте С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кеңесінің шешімімен латын тілі модулі қайта құрылды.

Модуль меңгеруші – аға оқытушы Татаренко Татьяна Дмитриевна.

Бүгінгі күнде модулде 7 оқытушы жұмыс істейді. С.Ж.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ –де бұл оқытушылар  көп жыл қызмет етіп келеді ( 15 жылдан – 30 жыл )

Оқу пәні

Базалық:

– Латын тілі және медицина терминологиясының негіздері   – ЖМ, стоматология, МПІ (1курс) факультеттері -1 кредит.

– Латын тілі және фармацевтикалық  терминологиясының негіздері – фармацевтикалық факультет (1 курс)  – 1 кредит.

Электив:

-Латын тілі және фармацевтикалық терминологиясының негіздері  – ФӨП факультет

Оқу – әдістемелік жұмыс

Оқу – әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – сапалы білім беру.

Әдістемелік жұмыс шаралары:

  • Оқу- әдістемелік құжаттар;
  • Педагогикалық шеберлікті жетілдіру;
  • СӨЖ және аудиториялық жұмыстарды дамыту.

Оқу жұмысының модулі, біріншіден оқу жұмысының жоспарымен жүргізіледі және басқарылады.

Білім беру типтік және жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі, және мемлекеттік қажеттілік және басқа да ұйым нормативінің құжаттары бойынша жүргізіледі.

Барлық факультеттер үшін жұмыс бағдарламасы типтік бағдарламаның негізінде жасалынған.

Әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу бағдарламасы және жұмыс бағдарламасы бойынша құрастырылған.

Сабақ – сабақ кестесі және жұмыс бойынша жүргізіледі. Латын тілі бойынша тест тапсырмалары және оқу құралдары шығарылған.

                                             Ғылыми жұмыс

    ҚазҰМУ- да өтілетін халықаралық Ғылыми тәжірибелік конференцияларға және сырттай өтілетін конференцияларға модуль оқытушылары белсенді қатысады.

   Әр жылы мақалалар баспадан шығарылады.

2013-2014 оқу жылында  « Вестник ҚазҰМУ» журналына 5 мақала баспада дайындады.

  • Медициналық Университетте латын тілін оқытудың принциптері.

 ( Аға оқытушы: Лисариди Е.К. аға оқытушы: Нурмухпмбетова Б.Н.)

  • Вербальді және вербальсіз коммуникацияның арақатынасы

 (Аға оқытушы Нурмухамбетова Б.Н. аға оқытушы: Лисариди Е.К.)

  • Шет тілдерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану

 (Аға оқытушы Жантасова С.У. аға оқытуша: Шойбекова А.Ж.)

  • Жоғары медицина оқу орнында латын тілінен СӨЖ түрлері.

(Аға оқытушы Татаренко Т.Д аға оқытушы Токпанова А.А)

  • Латын тілі сабағында анатомиялық, фармацевтикалық және клиникалық терминология.

(Аға оқытушы Токпанова А.А аға оқытушы Татаренко Т.Д)

Модульде“Lingua latina”  студенттік ғылыми – зерттеулер үйірмесі жұмыс істейді.

     Әрбір үйірме отырысында  студенттер әртүрлі медицинаға қатысты қызықты тақырыпта материалдар талқылайды.

    Жыл сайын әр факультет арасында  «Сен латын тілін білесің бе?» атты Олипиада өткізіледі.

Тәрбие жұмысы

        Тәрбие жұмысы оқу жылында бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда университет және факультетте жоспарланған шаралар сәйкес жүреді.

       Жыл сайын жемқорлыққа қарсы «Жемқорлыққа – жол ЖОҚ!» атты студенттер арасында сауалнамалар және плакат сайыстары өтіледі.

       Қазан айында «ҚР – ның мемлекеттік рәмәздері» атты шара жоспарланған

    2013 жылдың 5 қазанында №1 жатақханада АҚ бойынша «Төтенше жағдайда алғашқы көмек» атты шара өткізілді. Шараны жоғарғы санатты дәрігер реаниматолог –анестизиолог Аукешов М.К өткізді

Оқытушылар құрамы:

«Латын тілі»  модулінің оқытушылар тізімі:

  1. Татаренко Т.Д – аға оқытушы, модуль меңгерушісі
  2. Жантасова С.У – аға оқытушы
  3. Жанузакова М.Т – оқытушы
  4. Лисариди Е.К – аға оқытушы
  5. Нурмухамбетова Б.Н – аға оқытушы
  6. Токпанова А.А – аға оқытушы
  7. Шойбекова А.Ж – аға оқытушы

1

Модуль меңгерушісі – Татаренко Татьяна Дмитревна

2

Жантасова С.У – аға оқытушы

3

Лисариди Е.К – аға оқытушы

4

Токпанова А.А – аға оқытушы

5        Нурмухамбетова Б.Н – аға оқытушы

6

Шойбекова А.Ж – аға оқытушы

7

Жанузакова М.Т – оқытушы