Кәсіби тілдерді дамыту оқу департаменті

Кәсіби тілдерді дамыту оқу департаменті Ғылыми кеңес шешімінің негізінде университет ректорының бұйрығымен (№ 11 хаттама, 27.05.2014 ж.)  құрылған.  Департамент РМК «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың» құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Университет жарғысының негізінде әрекет етеді.

Департамент құрамына кіреді:

  1. Қазақ тілі кафедрасы.
  2. Орыс тілі кафедрасы.
  3. Шет тілдер кафедрасы.
  4. Кәсіби тілдер кафедрасы.
  5. Латын тілі модулі.

Департаменттің тікелей басшысы, директоры оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор болып табылады. Департамент ректорға, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорға, үздіксіз білім беру және клиникалық мәселелер жөніндегі проректорға, университеттің Ғылыми кеңесіне есеп береді. Департамент өз қызметін жүзеге асыру барысында келесідей құрылымдармен өзара қарым-қатынаста әрекет етеді:

— Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаментпен – кафедралардағы оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша;

— деканаттармен – білім беру үдерісінің сапасына мониторинг жүргізу, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша;

— Білім беру бағдарламалары комитеттерімен – оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтарын, нұсқаулықтарын шығару, пәндерді оқу-әдістемелік қамсыздандыру, білім беру бағдарламаларынының жоспарлануын және олардың жүзеге асырылуын қадағалау мәселелері бойынша:

— университеттің Әдістемелік кеңесімен – оқу үдерісін әдістемелік және практикалық қамсыздандыру, оны ұйымдастыру мәселелері бойынша;

—   университеттің ғылыми комитеттерімен – ғылыми қызметті жетілдіру жұмыстары бойынша.

Департаменттің басты мақсаты – үштілдік білім беру бағдарламасы және кәсіби тілдерді оқытудың интеграциясы тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы кәсіби тілдік құзіреттілікті дамыту арқылы білім беру үдерісінің менеджментін жетілдіру болып табылады.

Департамент қызметінің басты міндеттері:

— тіл кафедраларында/модулдарда оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;

— білім алушылардың өз бетінше білім алуы және оқуға деген жауапкершіліктерін қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының моделін және әдістемелік тәсілдерді анықтау;

— тілдік кафедралардағы/модулдардағы білім беру бағдарламаларының сапалы жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу;

— университет кафедраларында/модулдарда үш тілдік білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуы бойынша оқу департаменттерінің  жұмысын үйлестіру;

—  университет кафедраларын/модулдарын қазақ/ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамсыздандырылуы бойынша оқу департаменттерінің жұмыстарын үйлестіру;

— университет кафедраларын/модулдарын ағылшын тілді мамандармен, оқытушылармен қамтамасыз ету бойынша оқу департаменттерінің жұмыстарын үйлестіру;

— ағылшын бөлімдерінде үш тілдік білім беру аясында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу департаменттерінің жұмысына талдау жүргізу;

— кәсіби тілдерді оқытудың интеграциясы тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша кафедралардағы кәсіби тілдерге жауаптылардың жұмыстарын ұйымдастыру;

— сәйкес мамандықтар бойынша кәсіби тілдерді оқытуға арналған оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;

— университет кафедраларында/модулдарында кәсіби тілдер және бағдарланған шет тілі бойынша жүргізілетін оқу үдерісіне талдау жүргізу.

Департменттің алғашқы директоры К.А.Булыгин болды.

 Қазіргі таңда департамент директоры Жанкалова Зульфия Мейрхановна —  медицина ғылымдарының докторы, «Болашақ» степендиатының иегері,  UCL (London, United Kingdom) және Людвиг  (Freiburg, Deutchland) университетінің университеттік клиникасында тағылымдамадан өтті.

1

 Байланыс телефондары: 87026043940, zulfiya-zhankalo@mail.ru. Зульфия Мейрхановна кәсіби тілдер кафедрасын да басқарады.

Кәсіби тілдер кафедрасының оқытушы-профессорлары: профессор У.А.Жанпейс, Даркембаева Р.Ж., Озекбаева Н.А., Казбек Г.К., Шыныбекова А.К., Толеева Н. А., Мезгелбаева З.М., Кайбалдиева Б.М., Калханова М.Ж., Куралова А.Т.

2Ұлтай  Ахметжановна Жанпейс, педагогика ғылымдарының докторы, педагогикадағы білім беру саласындағы Халықаралық академиясының академигі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры республикамыздың ғылыми қауымдастығына кеңінен танымал тұлға. Ғалым жоғары және орта білім беру жүйесінде орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдіс-тәсілдерін әзірлеу және жетілдіру ісіне орасан зор үлес қосты.

            Ұ.А. Жанпейс әзірлеген көптеген оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлері үшін ең басты әдістемелік құралдар болып табылады. Профессор Ұ.А. Жанпейс 200-ден астам ғылыми жұмыстың авторы: монографиялар, оқулықтар, типтік бағдарламалар, әдістемелік құралдар, оқу сөздіктері. Ғалымның жетекшілігімен 3 педагогика ғылымдарыны докторы, 26 Ғалымның жетекшілігімен 3 педагогика ғылымдарыны докторы, 26 ғылым кандидаттары әзірленді. Шәкіреттері тек республика аумағында ғана емес, Оңтүстік Кореяда, Германияда табысты еңбек етіп жатыр.

            Ұ.А. Жанпейс «Қазақстан Республикасының жетекші ғалымы» атағының иегері, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздік қызметкері» наградасымен марапатталған.

Шет тілдер кафедрасы

Шет тілдер кафедрасы 1934 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі — тіл маманы Кенесбаев Исмет Кенесбаевич (1934-1936 жж.) болған.

Ал 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін  шет тілдер кафедрасын ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР неміс тілі мұғалімдері ассоциациясының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменова Оран Яхметқызы басқарады.

О.Я. Сулейменова 90-нан астам ғылыми еңбектің авторы болып табылады. Шет тілдері бойынша типтік оқу бағдарламаларын (Алматы қ., 1999ж, Астана 2003ж.), 3 оқу құралын әзірледі. 2006 жылғы МББС сәйкес пәннің оқу-әдістемелік кешені бойынша жұмыс бағдарламаларының қосалқы авторы болып табылады.

«ҚазҰМУ-дың құрметті қызметкері» атағының иегері, Университеттің күміс медалімен, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасында өткізілген неміс тілі оқытушылараның 5, 6, 7, 9, 10, 11 және 12-ші съездеріне қатысқан.

4Қазақ тілі кафедрасы

 Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Абдуллина  Зауреш Абдрахметқызы.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.А. Абдуллина 3 әдістемелік құрал, 3 типтік бағдарлама, 1 қысқаша түсіндірме сөздіктің авторы. Халықаралық, республикалық, шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларда өзінің зерттеу тақырыбына сай 40-қа жуық ғылыми мақалалары жарық көріп, сабақты оқытудың алдыңғы қатарлы озық әдіс-тәсілдерін қолдану туралы баяндамалар жасаған.

2008 жылы Қазақ Ұлттық Академиясы жанындағы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы» (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров,  М. Қабанбаев шығармалары бойынша) деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

 

5Орыс тілі кафедрасы

Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Бақтыбаева Аннель Тлеумагамбетовна.

А.Т. Бақтыбаева 2002-2005 жж. Қазақстанның талантты жас ғалымдарына арналған сыйлық лауреаты, 50-ден астам ғылыми мақаланың, 2 монографияның, орыс және қазақ тілдерін шет тілі ретінде оқытудың әдістемесіне арналған типтік бағдарламалардың авторы болып табылады. Қазақстандағы, алыс/жақын шетелдердегі халықаралық конференциялардың белсенді қатысушысы. Генезис, типология, қазақ халқының күлкі мәдениетінің эстетикасы, орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың заманауи технологиялары мәселелерін зерделеумен айналысады.

6Латын тілі модулі

  Модуль меңгеруші – аға оқытушы Татаренко Татьяна Дмитриевна.

Фармацевт және медицина саласында қандай маман иесі үшін латын тілі пәндердің ішінде ең маңызды пәндердің бірі. Медицина университетінде латын тілін оқытудың кәсіби мақсаты терминологияны сауатты меңгерген дәрігер дайындау, сонымен қатар студенттердің мәдени-білімді деңгейін көтеру, ой өрісін кеңейту болып табылады.

Модульде оқу үдерісіне тәжірибелік сабақтарды жүргізуде  TBL әдісі бойынша «Үштікте жұмыс «Ағзаларды білдіретін грек-латын дублеттері және жеке ТЭ» тақырыбы бойынша» инновациялық технологиясы енгізілген (енгізу акты №25   21.10.14).

ҚазҰМУ- да өтілетін халықаралық Ғылыми тәжірибелік конференцияларға және сырттай өтілетін конференцияларға модуль оқытушылары белсенді қатысады.   Әр жылы мақалалар баспадан шығарылады. Соңғы 5 жылда модуль оқытушылары 50-ден астам мақала басып шығарды.

Жаңалықтар