Кәсіби-өсу және жұмыспен қамту қызметі ректордың бұйрығымен (2011 жылғы 28 ақпанындағы №474л) университет бітірушілерінің кәсіби өсуіне мониторинг жүргізу әрі жұмыспен қамту мақсатында құрылған. 2013 жылы Бітірушілерді жұмыс орындарына бөлу және жұмыспен қамту бөлімі (2013 жылғы 02 қазандағы №4594л бұйрық), кейін Кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығы (2015 жылғы 21 қыркүйектегі №3557л бұйрық) болып қайта құрылды. 2016 жылдың 1 тамызынан бастап құрылымдық бөлімше Қабылдау, кәсіби-бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы болып қызмет етуде.

Басқарма қызметінің негізгі бағыттары:

  • Талапкерлерді бакалавриат мамандықтары бойынша оқуға қабылдау бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу («С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК бакалавриат мамандықтары бойынша талапкерлерді оқуға қабылдау» жыл сайын бекітілетін Қабылдау комиссиясы туралы ережеге сәйкес);
  • Талапкерлерге арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жүйесін ұйымдастырып енгізу және бітірушілердің жұмыспен қамтылуына жоғары кәсіби деңгейде жағдай жасау;
  • Кәсіби бағдар беру және университет бітірушілерінің жұмыспен қамтылуына жағдау жасайтын үрдістерді ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • Білім беру, денсаулық сақтау және халықты жұмыспен қамту бойынша ұйымдармен байланыстар орнату;
  • Университеттің кәсіби бағдар беру және бітірушілерді жұмыспен қамту сұрақтары бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін реттеу;
  • ЖОО-н бітірушілерінің ұтқырлықты көтеруге, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, «мектеп-ЖОО-жұмыс беруші» жүйесін жетілдіру және әлеуметтік серіктестер аясын кеңейту;
  • «Ашық есіктер күндерін» ұйымдастыру және өткізу;
  • «Бос орындар жәрменкесін» ұйымдастыру және өткізу;
  • Университет бітірушілерін жұмыс орындарына дербес бөлу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • университет бітірушілерінің кәсіби өсуі мен қозғалыс мониторингін жүргізу;
  • жұмыс берушілермен іскерлік байланыс орнату, университетті бітіруші мамандардың еңбек нарығындағы сұраныстарын білу.

Қабылдау, кәсіби-бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы жыл сайын ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері мен фармацевтикалық компаниялар, денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Бос орындар жәрменкесін» және бітірушілерді жұмыс орындарына дербес бөлуді өткізеді. Университет бітірушілері еңбек нарығында сұранысқа ие, бұған бітірушілеріміздің жұмыспен қамтылу көрсеткішінің жоғары  — 93 % (2017 ж.) болуы дәлел.

Қабылдау, кәсіби-бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының қызметкерлері:

Кусаинова Асель Туяковна басқарма жетекшісі
Суйеуова Галия Ержановна бас маман
Кашаганова Жамила Тугелбаевна маман
Абжанова Кулимкан Курмантаевна маман
Есімбекова Перизат Мұратбекқызы маман