Клиникалық фармакология институты (КФИ)

Ғылыми кеңестің (24.07.2013 жылғы № 2554 бұйрық) шешімімен тұжырымдалған Университеттің ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес құрылған.

Директор:м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі И.Р. Құлмағамбетов

Құрылымы мен құрамы:

Қазіргі таңда Институтта екі бөлімше бар: клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер бөлімі, сондай-ақ фармакологиялық зерттеулер зертханасы. Штаттық кесте бойынша барлығы 8 мөлшерлеме (соның ішінде 6-уы ғылыми) мөлшерлеме тағайындалған.

Институт қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Ғылыми-зерттеу: клиникаға дейінгі зерттеулер, дәрілік заттардың клиникалық зерттеулері, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларды зерттеу, фармако-экономикалық зерттеулер, фармако- эпидемиологиялық зерттеулер, фармако-генетикалық зерттеулер, ҒЗИ-дың медициналық орталықтар мен зерттеушілерге жаңа дәрілік заттарды іздеуге, зерттеу мен жасауға консультативтік көмегі, мультиорталықтық клиникалық зерттеулерге қатысу.

2014 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында төмендегі жобалар жүргізілді:

  • «Қазақстан Республикасындағы адамда жұқпалы-қабыну ауруларын туғызатын патогенді және шартты-патогенді микрофлораның таралуын және бактерияға қарсы препараттарға ерекше сезімталдығы мен резистенттілігін зерттеу» тақырыбы бойынша 2013-2015 жылдардағы іргелі зерттеулер жөніндегі ҚР БҒМ-нің гранты
  • ЖОО ішілік грант: «Іn vitro жағдайындағы фармакологиялық препараттардың улылығын бағалауға арналған жасушалық культуралдық тест-жүйені жасау мен тәжірибелік негіздемесі»
  • «Дорипенем-Элеас» дәрілік препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау» клиникалық сынағы
  • Микробиология және вирусология Институты базасында Розеофунгин А препаратының (өткір, орташа және созылмалы улылығы) клиникаға дейінгі зерттеулері орындалды.

Жарияланды: 2014 жылдағы мақалалардың жалпы саны: 8

  1. Білім беру: клиникалық фармакологияны ғылыми-әдістемелік оқыту; клиникалық фармакология жөніндегі мамандарды даярлау мен қайта даярлау; дәрілік заттарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі шетелдік сарапшы-мамандарды тарту; импакт-факторы бар рецензияланатын журналдардағы ғылыми зерттеулерді жариялау мен жоспарлау.
  2. Қашықтықтан оқытуға арналған (4,2 және 1 апталық) білім берудің дипломнан кейінгі деңгейде оқытудың бағдарламасы дайындалды.
  3. 2014 жылдың мамыр айы (014 бағдарлама бойынша), 2 апталық бағдарлама бойынша қашықтықтан оқыту (6 дәрігерді) өткізілді.
  4. 2014 жылдың мамыр-маусым айлары (014 бағдарлама бойынша), 4 апталық бағдарлама бойынша қашықтықтан оқыту (18 дәрігерді) өткізілді.

Семинарлар, конференциялар, тренингтер:

* Қазақ ҰМУ-де 2.12 мен 4.12.2013 жыл күндері өткізілетін «Университет күндері» аясында 4.12.2013 жылы «Қазақстан Республикасындағы клиникалық фармакологияның даму келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

* Республикалық ғылыми-практикалық конференция

“Қазақстанның халықтық және ғылыми медицинадағы дәрілік шөптер әлемі ”

* “Зерттеушілерге арналған оқыту бағдарламасы “ GCP тренингі

* “ PCV13 вакциналары ” тренингі

Ағымдағы жылдағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен менеджменті саласы бойынша оқытудан өткен қызметкерлер саны: 6

Ағымдағы жылы GСP (Good Clinical Practice) қалыбы бойынша оқытудан өткен қызметкерлер саны: 3

Ынтымақтастық:

* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым Комитетінің «Физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен мамандар даярлау және ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен әрекеттер туралы келісімшарт.

* Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен маман даярлау және ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен әрекет туралы келісімшарт жасалды.

Халықаралық ынтымақтастық (келісімдер мен нәтижелер):

  1. Кельн (Германия) Университетінің Клиникалық Зерттеулер Орталығымен тиісті клиникалық мәселелер бойынша университеттің дәрігерлері мен оқытушыларын даярлау саласындағы келісімшарт (ICH – GCP).

* 2014 жылдың ақпан-наурыз айлары, тиісті клиникалық практика мәселелері бойынша 4 дәрігерді оқыту өткізілді (ICH – GCP).

  1. Жаңа дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізу саласындағы мамандарды даярлау мәселесі жөніндегі ClinicalResearchTrainingCenter – Montreal-мен, (Сanada), ынтымақтастық туралы келісімшарт.

Таяудағы жоспарлар:

Клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу саласындағы шаралар:

  1. Әдістемелік тәжірибеге клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізуді енгізу
  2. Клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізуге арналған, жануарлардың әртүрлі тіндерінен алынған жасушалық өнімдерді жасау әдістемесін негіздеу, жасау және игеру
  3. Жасушалық өнімдер негізіндегі кейбір клиникаға дейінгі зерттеулерді зерттеуді практикаға енгізу.
  4. Ағза тіндеріне дәрілік заттардың енуі мен сіңуін зерттеу әдістемесін енгізу. Фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу әдістемесін меңгеру
  5. Клиникалық зерттеулерді жүргізу саласындағы клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу

Шаралар:

  1. Фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу әдістемесін игеру
  2. Биоэквиваленттілікті жүргізу әдістемесін игеру
  3. Клиникалық зерттеулердің 3 сатысын өткізу
  4. Клиникалық зерттеулердің 2 сатысын өткізу
  5. Фармако-экономикалық зерттеулерді жүргізу

Байланыстар:

Клиникалық фармакология Институты Қазақ ҰМУ-нің ішкі аурулар клиникасының базасында орналасқан.

Мекенжайы: Райымбек даңғылы, 50а

Байланыс телефоны: 338