Бөлім туралы.

Бөлім туралы

Клиникалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жөніндегі проректор

Мырзабеков О.М.

Клиникалық жұмыс бойынша бөлім бастығы, м.ғ.к. Измайлова С.Х.

Жетекші маман Мадраимова З.А.

Бас маман Аюпова Р.Б.

Методист Жумагулова Д.

Бөлім методисті Асханова Г.Н.

 

Клиникалық жұмыс бойынша бөлім

Бөлім Университет ректорының бұйрығымен құрылған және Университеттің Жарғысы мен басқару құрылымына сәйкес ереже негізінде жұмыс жасайды.

Бөлімнің құрамына келесі құрылымдық бірліктер кіреді:

Басқару бөлімі;

Денсаулық пункті;

Медпункт.

Бөлім клиникалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жөніндегі проректорға тікелей бағынады, ол бөлімге қатысты басқару  міндеттерін жүзеге асыратын және бөлім қызметіне жетекшілік ететін жоғары лауазымды басшы болып табылады.

Бөлім атқарған жұмысы бойынша есеп береді:
бөлім қызметінің барлық сұрақтары бойынша ректор мен жетекші проректорға;
Университет қызметінің сәйкес бағыттары бойынша проректорларға;
білім беру үрдісін ұйымдастыруға байланысты және Ғылыми кеңес компетенциясына кіретін басқа сұрақтарға байланысты  Университеттің Ғылыми кеңесіне. Бөлім қызметінің негізгі мақсаты базалардағы клиникалық кафедралардың емдеу-кеңес қызметін  ұйымдастыруды үйлестіру және студенттерді медициналық қамтамасыздауды бақылау болып табылады.

Бөлімнің қызметі:

1)    Басқару бөлімі:

-клиникалық кафедралар мен клиникалық базалардың өзара қарым-қатынасы бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

-клиникалық кафедралар мен емдеу бөлімшелерінің емдеу-кеңес беру жұмысын сараптау;

-қажеттігіне қарай тәжірибелік денсаулық сақтауға емдеу-кеңес беру көмегін ұйымдастыру (көшпелі дәрігерлік бригадалар, профессор-оқытушылар құрамынан тұратын қайырымдылық кеңес беру қабылдаулары т.б.);

-Университеттің клиникалық кафедраларының емдеу-кеңес беру жұмысының көлемі бойынша жылдық есебін дайындау;

-клиникалық кафедралардағы профессор-оқытушы құрамының емдеу-кеңес беру жұмыстарының сапасына наразы  азаматтардың шағымдарын қарау;

-Университет студенттерінің медициналық қамтамасыздануын және Университет студенттеріне профилактикалық тексеру мен вакцина егу жұмыстарының жүруін бақылау.

2)     Денсаулық пункті:  

  • студенттерді өз бетінше қабылдайды;
  • иммунизация жұмыстарын ұйымдастырады;
  • студенттерді жатақханаға орналастырғанда медициналық тексеруден өткізеді (педикулезге, қотырға тексереді);
  • ПОҚ қатысуымен  1-2 курс студенттерін кешенді профилактикалық тексеруден өткізеді;
  • «Д» есепте тұратын студенттерді диспансерлік бақылауға алады және құнынан 50% жеңілдікте дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді (Қалалық студенттік емхана арқылы);
  • ФГТ 100% қамтуды ұйымдастырады;
  • Туберкулез анықталған студенттерді есепке алады, бақылайды және академиялық демалысқа жібереді, оларды емдеуді ұйымдастырады;
  • Материалдық (жылына 2 рет) көмек пен тамақтандыру талондарын (10 айға) ұйымдастырады және жатақхана қажет ететін студентерді арнайы бөлмелермен  қамтамасыздайды;

Медпункт: студентерге дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсетеді.

 

Университеттің профессор-оқытушы құрамы мен студенттеріне медициналық көмек көрсетудің және аурулардың алдын алудың тиімді  жүйесін құру мақсатында «Студент денсаулығы» және «ПОҚ Денсаулығы» бағдарламалары жасалды.

 

Келесі орталықтар ашылды және олардың базасына жоғары мамандандырылған медициналық көмек енгізілді 

 

1. Білім беру-клиникалық орталығы:

  • Ортаңғы құлаққа радикалды операция немесе тимпанопластика және протез қондырумен бірге жүретін дабыл қуысының эндоауральды ревизиясы;
  • Ортаңғы құлаққа радикалды операция немесе протез қондырып есту түтігін қалпына келтірумен бірге жүретін жеке-дара аттикоантротомия;
  • Септопластикамен бірге жүретін мұрын пердесінің кілегей асты резекциясы;
  • Риносептикопластика;
  • Латероплексиямен бірге жүретін мұрын астауларының кілегей асты вазотомиясы;
  • Торсылдақты алып тастайтын және табиғи жалғамалардың жүру жолдарын қалпына келтірумен бірге жасалатын эндоскопиялық микрогайморотомия;
  • Консервативті нейротропты терапия;
  • Кохлеоимплантация;
  • Ортаңғы құлаққа радикалды операция немесе дабыл қуысының ревизиясымен және нашар есту дәрежесі мен толық кереңдік кезінде протез қондырумен бірге жүретін эндоауральды жеке-дара аттико-антриотомиясы;
  • Эндолимфатикалық қапшықты дренаждаумен бірге  жаслатын саккотомия;
  • Әр түрлі модификациядағы стапедопластика (протез қондыратын тимпанопластиканың барлық түрі);
  • Тыртықтарды кесумен және есту сүйектерінің тізбегін мобилизациялаумен бірге жүретін дабыл қуысының эндоауральдық ревизиясы;

 

2.  ҚазҰМУ-дың  ішкі аурулар клиникасы ашылды,  оның базасына халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін келесі орталықтарды орналастыру ұсынылады:

 

Гепатология және гастроэнтерология орталығы;

Буындар аурулары мен остеопороз орталығы;

Қарқынды терапия және реанимация төсек орны бар геронтология орталығы. 

 

 

Қазіргі кезде  Қазақстанда қарт адамдар барлық халық санының  7,7% құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы эксперттерінің болжамы бойынша жақын жылдары Қазақстанда қарт адамдар саны 11% дейін артады деп күтілуде. Қарт адамдарға көрсететін медициналық көмекті жақсарту үшін Республикамызда геронтологиялық көмек жүйесін құру қажет.

 

  1. 3.      Республикалық стоматология  оқыту-ғылыми-клиникалық орталығы

Алғаш рет елімізде эктопротездеу орталығы ашылды. Жақ-бет аймағының патологияларын көп жылдар бойы зерттеудің арқасында экзопротездер (2 предпатент бар) дайындаудың технологиялары жасап шығарылды, 2010 жылы кандидаттық диссертация қорғалды.

 

Клиникалық кафедраларда  диагностиканың жоғары ақпаратты тәсілдері мен емдеудің жаңа көзқарастарын келешекте енгізумен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 

 

  1. №3 хирургиялық аурулар кафедрасы (каф.меңг.проф. А.С.Ибадильдин) №3 хирургиялық аурулар кафедрасында 5 ғылыми жұмыс орындалды.
  2. №1 хирургиялық аурулар кафедрасы (каф.меңг.проф. А.Ж.Нурмаков) №1 хирургиялық аурулар кафедрасында 9 ғылыми жұмыс орындалды.
  3. Акушерлік және гинекология кафедрасы (каф.меңг.проф. Г.К.Омарова) Ағымдағы оқу жылында  диагностика мен емдеудің жаңа 14 әдістерін енгізді.
  4. ЛОР-аурулары кафедрасы (каф.меңг.проф. Д.Е.Жайсакова) №5 ОҚКА базасында 5 ғылыми әдіс енгізілді.
  5. Дипломнан кейін хирургия бойынша білім беру кафедрасы (каф.меңг.проф. О.Д.Дайрбеков) Еліміздің 8 аймағында облыстық ауруханалар базасында кафедра қызметкерлері семинарлар, мастер-класстар жүргізетін, медицинаның жаңа технологиялары бойынша дәрістер оқитын интерндердің сабақтары қарастырылған. 
  6. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы бүгінгі таңда Қазақстанның  медициналық ЖОО ішіндегі жалғыз кафедра. Шекаралардың ашылуына және халықтың белсенді көшіп-қонуына байланысты бүгінгі таңда оның өзектілігі ерекше.

Университет ПОҚ мен студенттеріне медициналық бақылау және профилактикалық тексеру жүргізу мақсатында  санитарлық  кітапшалар мен ФГТ ҚазҰМУ-дың БКО-да өтуге міндетті.

 

 

Клиникалық жұмыс бойынша бөлімнің байланыс деректері  
Мекен-жайы:  050012, Алматы қ., Төле би көш., 94
Байланыс тел: 292-69-69,   ішкі нөмір: 309; тікелек нөмір: 292-60-14.
Орналасқан орны: ҚазҰМУ ректораты, 2-қабат, № 207 бөлме.

Электрондық мекен-жайы: [email protected]
Клиникалық жұмыс бойынша бөлім

Жұмыс кестесі: (дс-жм) 9.00-18.00
Түскі үзіліс: 13.00-14.00

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *