3Клиникалық базаларды (соның ішінде аймақтық) бақылау және мониторингі бойынша бөлім. Бөлім басшысы Мусина Аниса Калиевна. Қызметкерлер: бас маман – Асханова Г.Н., әдіскер – Усенбаева Г.И.Бөлім қызметінің негізгі мақсаты келесілер болып табылады:

  • берілген аймақтарда денсаулық сақтау жүйесін функционалдауды және дамытуды қамтамасыз ететін, билік органдары және Университет құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен қызметін координациялау және өзара тиімді қызметтестікті ұйымдастыру;
  • Университет тарапынан шарттарды және келісім мәтіндеріне қол қоюды келісу және ұйымдастыру;
  • Университет филиалдарына студенттердің және интерндердің оқу-өндірістік тәжірибесін жүргізуді бақылау, ұйымдастыру және жоспарлау;
  • Университет филиалдарымен дәрістер оқу, конференциялар, семинарлар және мастер-кластар өткізу;
  • ҚазҰМУ филиалдарымен телемедицина сеансын өткізу;
  • базалардағы және Университет емханаларындағы клиникалық кафедралардың қызметін бақылау.

Бөлім қызметінің негізгі міндеті:

  • Университеттің клиникалық базаларымен және өндірістік тәжірибе бойынша сыртқы құрылымдармен өзара қарым-қатынас;
  • Облыстық Денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық ұйымдардың, Университеттің клиникалық құрылымдық бөлімшелерін ақпараттық қамтамасыз етілуін модернизациялау және дамыту;
  • Университет емханаларында және базаларда клиникалық кафедра қызметін бақылау;
  • студенттердің және интерндердің оқу-өндірістік тәжірибесін жүргізілуін бақылау.