КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ТҮСУШІГЕ ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР:

  • жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш,
  • жалпы орта (орта жалпы)оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа),
  • тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек,
  • 3х4 көлеміндегі екі фотосурет,
  • *086-У нысанындағы медициналық анықтама,флюорография, 063нысандағыалдын ала егукартасы,
  • жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесін тапсырады.

* Басқа қаладан келген талапкерлер флюорографияны С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ   емханасына   (Шевченко к-сі 126, Досмухамедова көшесінің қиылысы)  тіркейді.

Кешендi тестiлеу түсушiлердiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде орта бiлiм берудiң оқу бағдарламалары көлемiнде бес пәнбойынша тест тапсырмаларының саны-120:

1)Қазақстан тарихы –20

2)математикалық сауаттылық –20

3)оқусауаттылығы (оқу тілі)–20

4) әрбейіндік пән (химия және биология) –30

Әрбір бес жауаптан бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы –1 балмен, көптеген ұсынылған дұрыс жауаптардан бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бары 2 балмен бағаланады.

ҰБТ немесе кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл –140,

Өту баллы — кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл.

 

Құрметті ТАЛАПКЕР!!!

Шет тiлiнде берiлген құжаттардың қазақ немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН АУДАРМАСЫ болуы тиiс. (Қазақстан Республикасының нотариусы !!!)

Шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттар тұлғалар оқуға қабылданғаннан кейiн оқудың бiрiншi семестрi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен нострификациялау рәсiмiнен өтедi.

Нострификациялау рәсiмiнен өтпеген жағдайда студенттер оқудан шығарылады!!!