Хабарландыру.

Хабарландыру

Оқу үрдісін күшейту, қағамдық денсаулық сақтау саласында салалас пәндердің оқу бағдарламаларын біріктіру (интеграциялау), ғылым бірлігін қамтамасыз ету және Қазақстандағы медициналық жоғарғы оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында, Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанынан, Жастар Денсаулық Орталығының аясында 24-28 қаңтар аралығында Қазақстандағы медициналық жоғарғы оқу орындарының 5 студенттері үшін «Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері» тақырыбында Екінші Жылсайынғы Қысқы Мектеп оқуларын өткізгелі отыр.

Бағдарламада еліміздегі  Қазақстандағы медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттерімен денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша «Коммуникативті дағдылар және тұлғааралық қарым-қатынас»,  «Репродуктивті денсаулық. Жүріс-тұрыс тәуелділік факторларының алдын алу»; «Дұрыс тамақтану және семірудің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізуді жоспарлап отыр.

Мекен-жайымыз: Төлеби көшесі 94, 1-корпус (ректорат),  Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мәжіліс залы (118-каб.).


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *