Орыс тілі кафедрасы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «МЫ ЭТОЙ ПАМЯТИ ВЕРНЫ»




29.04.2015

Орыс тілі кафедрасы

 

Ұлы  Жеңістің  70 жылдығына орай

«МЫ ЭТОЙ ПАМЯТИ ВЕРНЫ»

 

 

        2015 жылдың  24 сәуірінде аудиториялық ғимаратының  № 4  аудиториясында орыс тілі кафедрасының оқытушылары  ҚаА.Байбурина, аға оқытушылары: Л.С.Бекпентаева, З.Қ. Көкенова  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  «Мы этой памяти верны» атты  әдеби –музыкалды композиция ретінде  Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза болған және де Ұлы Жеңіске жеткен  соғыс пен еңбек ардагерлерін еске алу мерекелік  іс-шара өтті.  Аталмыш іс- шараға   1 курстың  ЖМ факультетінің  034, 028, 037, 010 топтары,   стоматология факультетінің  2 курс  020 топ студенттері  белсенді қатысты.

        Кіріспе сөзбен ҚазҰМУ студенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі  ректордың кеңесшісі, «Тағзым» қорының төрайымы проф. Ж.Ғ.Мұстафина шығып сөйледі. Баяндама сөзінде қонағымыз отандастарымыздың Жеңіске қосқан айтарлықтай үлесі жайлы әңгімелеп берді. Жастарға бейбітшілікті сақтап, Ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлерге тағзым етіп, ұмытпауын ұсынды.

        Зал тақырыпқұа сай безендірілген: атауы, түрлі атақты тұлғалардың  Жеңіске қосқан үлесі, жеңісі, ерлігі, батылдығы жайлы нақыл сөздері жазылып ілінген, түрлі түсті шарлар, аппаратурамен жабдықталған, экранда соғыс кезінде түсірілген деректі фильмдерден үзінділер көрсетілді. «Как казахстанцы уходили на войну», «Герои-казахстанцы в Великой Отечественной войне»  деген бейнематериалдар көрсетілді, ал «День Победы приближали и наши отцы» («Біздің әкелеріміз, аталарымыз да Жеңіске үлесін қосқан» деген кафедра ұжымының оқытушылары студенттермен бірге өздері әзірлеген жеке және мұрағат құжаттары арқылы сондай  бейнематериал ұсынды (кафедра меңг. проф. Ұ.А.Жанпейісітің  Ахметжан Жанпейсов туралы, каф. оқытушысы Қ.А.Байбуринаның әкесі Ақан Байбурин жайлы және т.б.).  Жанпейс Ахметжан Невель атыс дивизиясы артиллерия взводының командиры болған, ал  Ахан Байбурин  – реактив артиллериясының  324  гвардия  миномет дивизионның жауынгерлік арнайы взводтың, атақты «Катюшаның»  алғашқы  қазақ-командирі болған.  Кафедра меңгерушісі проф. Ұ.А.Жанпейіс  өзінің әкесі Ахметжан Жанпейсов  туралы есінде қалған соғыс күндері болған оқиғалары жайлы әңгімелеп берді.

        Аталмыш әдеби –музыкалды композицияда студенттер өнерлерін көрсетті: арнайы өлеңдер, патриоттық  әндер «Смуглянка» әніне би, Мұзафар Әлімбаевтың «41жылғы келіншек» туындысына сахналық қойылым және т.б.

       Бұл іс -шара жоғары деңгейде өтті, патриоттық сезімді оятуда, қалыптастыруда, Отанға деген  сүйіспеншілікті насихаттау тұрғысынан, айтарлықтай тәрбиелік мәні зор болды.