Жаңалықтар.

Санжар Жапарұлы Асфендияров (1927-1928)

Ташкент қаласында 1889 жылы қазан айында әскери тілмаштың отбасында дүниеге келген. Ташкенттегі реальдық училищеде оқыды. 1912 жылы Императорлық әскери-медициналық академияны бітірді. 1913-1917 жылдары әскери дәрігер лауазымында қызмет етті.

1919-1920 жылдары Түркістан АКСР-ның денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. 1920-1921 жылдары Түркістан АКСР-ның жер шаруашылығының халық комиссары, Түркістан ОАК-нің төрағасының орынбасары болып сайланды.

1927-1928 жылдары Мәскеудегі Н.Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтында директор болып қызмет етті, кейін Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орны –педагогикалық институтта директор, ал 1930-1931 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина институтының директоры, 1931-1933 жылдары Қазақ АКСР-ның Халық ағарту комиссарының орынбасары, кейінірек  ұлттық мәдени ғылыми-зерттеу институтының тарих бөлімінің меңгерушісі, Қазақстандық қор төрағасының бірінші орынбасары, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

С.Ж.Асфендияров тарих мәселелерін зерттеу барысында, «Исламның пайда болу себептері» (1928 ж.), «Ислам және көшпелі шаруашылық» (1928 ж.), екі томдық «Деректемелер мен мәліметтердегі Қазақстанның өткен жылдары», «Ерте уақыттан бергі Қазақстан тарихы» (1935 ж.), қазақ мектептеріне арналған оқулық «Қазақтар тарихының очерктері»   (Қызылорда қ. 1935 ж.), «Қазақстандағы 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтеріліс» (1936 ж.) монографиясы және т.б. еңбектерін жариялады. Асфендияров С.Ж. барлық еңбектерінде қазақтардың  тарихы мен рухани мәдениетін қамтыды. Ол ең алғаш болып қазақ жүздерінің қалыптасу негізіне және дамуына сипаттама беріп, қазақ халқының өндірістік қатынастарын этномәдениетімен тығыз байланыстырып, оны объективті үрдіске жатқызды. Ғалым қазақ жүздерінің қалыптасуындағы саяси құрылысты орталықтануға бағыттаушылық және бірігушілік тенденцияларын аша білді. Барлығы ол 11 кітап және көптеген мақалаларын орыс, қазақ, өзбек тілдерінде шығарды.

С.Ж. Асфендияров КСРО Жоғарғы сотының шешімі бойынша 1958 жылы мамырда ақталды. Алматы қаласының бір көшесі 1962 жылдан С.Ж. Асфендияров атымен аталады.

Қасаболатов Есенғали Керейұлы (1931-1933)

Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Антоновск ауылында 1889 жылы қарашада дүниеге келген. 1915 жылы Саратов университетінің медициналық факультетін бітіріп, туған еліне оралып, дәрігер болып қызмет етті.

1920 жылы БК(б)П қатарына өтіп, әкімшілік жұмыстармен айналысты: революциялық комитеттің төрағасы, губерниялық денсаулық бөлімінің меңгерушісі, Орал губерниялық одақтың төрағасы.

1923 жылдан Қырғыз өндірістік бюро алқасының мүшесі, 1924 жылы қаржы Халық комиссариатының салық басқармасының меңгерушісі. 1927-1928 жылдары Қазмед сауданың төрағасы болды. 1929-1931 жылдары БК(б)П Астрахан қалалық комитетінің хатшысының қызметін атқарды.

1931 жылдың қырқүйек айынан 1933 жылға дейін Қазақ мемлекеттік медицина институтының директоры қызметін атқарды. Ұйымдастыру жұмыстарымен көп айналысты, ел-елге шығып қазақ жастары арасында үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп, оларды медициналық жоғарғы оқу орнына оқуға шақырды.

Ол Қаз ММИ-дағы директорлық лауазымын,  қоғамдық ғылымдар кафедрасымен қатар меңгеріп, политэкономия курсын жүргізді. 1931 жылы желтоқсанда Қасаболатов Е.К. алғаш рет медицина институтының Кеңесін құрды. Архитектор  А.И.Гагеллоның жобасы бойынша морфология ғимаратының (қазіргі анатомия кафедрасы) кешенді құрылыс жоспарын бекітеді.

1937 жылы Қасаболатов Е.К.  Қаз. КСР бас мұнай Өлкелік конторасының басқармасының екінші орынбасары  қызметін атқарады. 1937 жылдың  14 тамызында тұтқындалып, 1938 жылдың 26 ақпанында қаза болады.

КСРО-ның Жоғарғы сотының шешімімен Қасаболатов Есенғали Керейұлы 1957 жылы 7 желтоқсанда толығымен ақталды.

 

Мұхамбетова Харира Мұхамбетқызы (1933-1934)

Мұхамбетова Харира Мұхамбетқызы 1908 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Мортық ауданының  Мортық ауылында қолөнершінің отбасында дүниеге келген.

Революциядан кейін 1925 – 1927 жылдары әйелдер кеңесі құрамында сауатсыздықпен күрес жүргізуде белсенді еңбек етті. 1930 -1931оқу жылында Мұхамбетова  Мәскеу қаласындағы КСРО « Колхозцентріндегі » Жоғарғы колхоз мектебінің біржылдық курсын аяқтаған соң Қаз АКСР – ның  Жер ісі халық комисариатының орынбасары қызметіне тағайындалды.

1933 жылдың қараша айында Қазақ мемлекеттіқ медицина институтының директоры болып тағайыналды. Ректорлық қызметке кіріскен уақыттан бастап, Мұхамбетова Х.М. оқу ғимаратының комсомольская көшесі бойындағы құрылысын салуға кірісті.

Қазақстандағы алғашқы ғалым дәрігерлерді шақырып, олардың шығармашылығына барлық жағдайды жасады.1933 жылдың аяғында институтта жаңа клиникалық кафедралар базасында ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.

Мұхамбетова Х.М. ректорлық лауазымда 1жыл 13.11.1933 – 31.12.1934 жылдары еңбек етті.Әкімшілік және кафедра штаттарын жергілікті ұлттан тұрақтандыру мақсатымен Х.М.Мұхамбетованың бұйрығымен 1933 жылы желтоқсанда арнайы комитет құрылды, ал 1934 жылы алғаш рет КазММИ- де аспирантура құрылды. Ол 1933-1934 жылдары оқу базасын кеңейтуге бар күшін салды,институттқа 3 ғимарат салдырып кафедралар жаңа орындарға көшірілді.

1935 жылдың қаңтар айында Мұхамбетова Харира Мұхамбетқызы Семей педагогикалық институтына директор болып тағайындалады, кейін облыстық жоспар бөлімінде Қаз КСР ауыл шаруашылығы министрлігінде экономист лауазы – мында еңбек етті.

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ерен еңбегі үшін » медалімен, мақтау грамоталарымен, мадақтаулармен, сыйлықтармен марапатталған.

 

Зикеев  Виктор  Васильевич  (1934—1943)

Хирург,  медицина ғылымдарының докторы (1947), профессор (1948), Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1945), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947). ММУ-нің медицина факультетін 1919 жылы бітірген.

1946 жылы кандидаттық диссертациясын «Каузалгия және оның емі» деген тақырыпта қорғады. 1947 жылы «Жабық бас сүйек-ми зақымдануындағы ми тамырларының қысымы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Клиникалық және теориялық медицина мәселелеріне арналған 50 ғылыми еңбектің авторы. Медицина ғылымдарының 2 докторы мен 18 кандидатын дайындады.

ҚазММИ госпиталдық хирургия кафедрасында меңгеруші болды (1934-1956). 1934-1943 жылдары ҚазММИ-дың ректоры, Қазақ КСР денсаулық сақтау министрінің орынбасары (1950-1952), Қазақ КСР ДМ бас хирургі болды (1934-1949).

Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1939) және «Қазақстанның 15 жылдығы» (1935) белгілерімен марапатталған.

 

Зюзин  Василий Иванович  (1944—1964)

Фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1944), профессор (1944), КазКСР еңбек сіңірген дәрігері (1943), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947). 1925 жылы Дондағы Ростов  қаласында  Дон мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген. Дәрігерлік қызметте болып, кейін Солтүстік Кавказ туберкулезге қарсы институты аспирантурасында оқыды (1929-1932). 1933 жылы РСФР Денсаулық сақтау Халық комиссариаты шешімімен Алматы қаласындағы Қазақтың туберкулез ғылыми-зерттеу институтына директор болып сайланды. Сонымен қатар Қазақ мемлекеттік медицина институтында туберкулез ауруы бойынша доценттік курс жүргізді (1936-1943). 1937 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

1943-1951 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының директоры болды. 1944 жылы докторлық диссертациясын қорғады және профессор деген ғылыми атаққа ие болды. Кейінгі жылдары ҚазММИ-да туберкулез кафедрасында меңгеруші болды (1944-1964). Қазақ КСР ДМ Ғылыми Кеңесінде төраға болды. 120-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді, соның ішінде 3 монографиясы бар. Медицина ғылымдарының 3 докторын, 14 кандидаттарын дайындады.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі жетістіктері үшін», «Германияны азат еткені үшін», «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен  марапатталған.

 

Карынбаев  Сибұғатулла Рысқалиұлы (1963 – 1975)

Анатом, медицина ғылымдарының кандидаты (1947), профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігер (1950).

1929 жылы А.В.Луначарский атындағы Астрахань мемлекеттік медицина интитутына түсіп, оны 1934 жылдың 1-шілдесінде бітірген. ҚазММИ анатомия кафедрасының тұңғыш қазақ аспиранты болды. 1937 жылы аспирантураны бітірген соң, кафедрада ассистент лауазымында жұмыс істеуге қалдырылды.

1939 жылы Фин халық армиясына медициналық жәрдем беру полктік пунктінің бастығы лауазымында қызмет етуге РКҚА қатарына шақырылып, Карель мойнағында болған ақ финдерге қарсы шайқасқа қатысты. 1942 жылдың мамыр айында Қызыл Армия қатарына шақырылып, Солтүстік-Батыс майданда медициналық-санитарлық батальонда медициналық рота командирі (1942-1943), Воронеж және Степной майданында атқыштар полкінің аға дәрігері ретінде (1943-1944) қызмет етті. Сонан соң соғыс аяқталғанға дейін 1 Украин майданында медициналық-санитарлық батальон командирі болды. МСБ құрамында Австрия, Чехословакия, Венгрия, Румыния, Польша, Германия жерлерін басып өтті.

1947 жылы С.Р.Қарынбаев «Қан тамырларының тәжірибедегі реактивті өзгерістері» деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясын С.М.Киров атындағы Әскери медициналық академияның Ғылыми кеңесінде  (Ленинград қаласы) қорғады.

1947 жылдың тамызында Қазақ КСР денсаулық сақтау минстрінің орынбасары, кейін 1949 жылдың мамыр айы мен 1950 жылдың мамыр айы аралығында республиканың Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды, осы лауазымынан ҚазММИ-дың анатомия кафедрасының доценті қызметіне ауысты.

Республикаға жүздеген эшалон еріктілер келген тың игеру жылдарында С.Р.Қарынбаев қайтадан министр болып тағайындалды. Министр С.Р.Қарынбаевтың басшылығымен 1954-1965 жылдары ауылдарда медициналық қызмет құрылыстары өркендеп, олар дәрігер кадрлармен толықтырылып, тың жерлердегі індет ауруларының алдын алу бойынша күшті санитарлық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Профессор С.Р.Қарынбаев оқытушылық пен кафедра басшысы қызметін қатар жүргізіп, 1952-1954 жылдары және 1965-1975 жылдары екі рет ҚазММИ ректоры қызметін атқарды.

Наградалары: «Қызыл жұлдыз» ордені (1943), «II дәрежелі Отан соғысы» ордені (1944), «I дәрежелі Отан соғысы» ордені (1945),  Прага, Берлин қалаларын алғаны және азат  еткен үшін медальдары. ҰОС жылдары ұрыстарға қатысқаны үшін Жоғарғы бас қолбасшы И.В.Сталиннен төрт рет алғысхат алған және көптеген медальдардың иегері. Екі рет  «Құрмет белгісі» орденімен (1954, 1957) марапатталды, екі рет «Еңбек Қызыл Ту» орденін (1961-1966) алған. С.Р.Қарынбаев 1971 жылы «Ленин» орденімен, 1980 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

 

Сидоров  Семен  Михайлович (1954—1955)

Сот дәрігері, медицина ғылымдарының докторы (1945), профессор (1945), Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1960). 1931 жылы Омбы қаласындағы медицина институтын тәмамдаған.

1934 жылы «Бұлшық еттің сіресу (өлік) жылдамдығына анемияның әсері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1935 жылы Қазақстанға Қазақ мемлекеттік медицина институтына сот медицина кафедрасын ұйымдастыру үшін жіберілді. 1945 жылы «Сот медицинасы қатынасында адам мен жануарлардың түгін зерттеу» тақырыбында докторлық  диссертация қорғады. 1935 жылдан 1976 дейін АлММИ сот медицина кафедрасының меңгерушісі болды.

Сот медицинасы мәселесіне байланысты 140 жұмысы, сонымен қатар сот медицинасына байланысты оқу құралдары жарық көрді. 26 медицина ғылымының кандидатын дайындады. Республиканың сот медицинасының бас эксперті болған, Қазақстанның сот дәрігерлер Ғылыми қоғамының төрағасы болған, 1954-1955 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының ректоры.

Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және «Кеңес прокуратурасына 50 жыл», «КСРО жоғары мектебінде жұмыстағы үздік жетістіктері үшін» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Корякин Иван  Сергеевич(1955-1960)

Гигиенист, медицина ғылымдарының докторы (1949), профессор (1960), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1956).

1927 жылы Қазан мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірді. 1944 жылы «Қазақстанның облыстық қалаларын көгалдандыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Докторлық диссертациясын 1949 жылы «Қазақстан қалаларының санитарлық-эпидемиялық жағдайы және сауықтыру негіздері» тақырыбы бойынша қорғады.

И.С.Корякин 160 ғылыми еңбектің, соның ішінде 4 монографияның авторы. Ол медицина ғылымдарының 1 докторын, 21 кандидатын дайындады.

1938 жылдан бастап ҚазММИ-да қызмет істеді, коммуналдық гигиена кафедрасын (1946-1948), жалпы гигиена кафедрасын (1948-1968) басқарды, ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары, (1953-1955), 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін ҚазММИ-дың директоры қызметін атқарды.

И.С.Корякин Қазақстан Республикасы Басқарма бөлімінің төрағасы және гигиенистердің Бүкілодақтық ғылыми пленумының мүшесі.  1938-1941 жылдары ғалым хатшы, КСРО медицина ғылымдары Академиясы мәселелік комиссиясының мүшесі, «Ауыл гигиенасы» мәселелері бойынша Қазақ КСРО су ресурстары және ауа атмосферасын қорғау ұйымының мүшесі. Қазақ КСР ҒА өлкелік патология, физиология және хирургия институты біріккен Кеңесінің мүшесі. «Қазақстандағы денсаулық сақтау» журналының жауапты редакторы, «Гигиена және санитария» журналы редакция алқасының мүшесі болды.

«Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасымен, марапатталған.

 

Самарин Роман Иванович (1969 – 1987)

Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы (1960), профессор (1961), Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігер (1957).

Қазақ мемлекеттік медицина институтын 1941 жылы бітіріп, майданға аттанды. Генерал И.В.Панфиловтың 28-Гвардиялық дивизиясында кіші әскери дәрігер лауазымында қызмет етті. 1942 жылы ол бригада дәрігері, кейін санитарлық қызмет бастығы болды. Кеңес Армиясының бөлімдерімен бірге Румыния, Венгрия, Чехословакия, Австрияны басып өтті.

1946 жылы медициналық қызметтің майоры шенінде әскер қатарынан босатылды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау минстрлігінде емдеу-профилактикалық басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді (1946-1947), сонымен бір мезгілде ҚазММИ фармакология кафедрасына аспирант болып қабылданды (1946-1949).  1949 жылы  кандидаттық диссертациясын қорғады.

1946-1950 жылдары медицина институтындағы оқытушылық қызметімен бірге Қазақстан КП (б) ОК денсаулық сақтау секторының меңгерушісі, әкімшілік бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істеді.

Әлеуметтік гигиена кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалған (1959-1987). Медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін «Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің дамуы туралы очерктер» тақырыбындағы докторлық диссертациясын 1960 жылы қорғады. 28 кандидат, 3 медицина ғылымдарының докторын даярлады. 100-ге жуық ғылыми мақаласы, оның ішінде «Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің дамуы туралы очерктер» атты монографиясы жарық көрді. 1960-1963 жылдары АлММИ ректоры. Р.И.Самарин 73 жасында зейнетке шықты.

Наградалары. «Қазан  төңкерісі» ордені (1971), «II дәрежелі Отан соғысы» ордені (1945), «Қызыл жұлдыз» ордені (1945), «Құрмет белгісі» ордені (1957, 1961). Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет  грамотасымен марапатталған (1957, 1974).

 

Мәскеев Қуаныш Мүбаракұлы  (1975-1986)

Фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981). 1955 жылы ҚазММИ-ның емдеу факультетін бітірген.

1964-1975 жылдары КСРО ДСМ-нің Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент, доцент, туберкулез кафедрасында меңгеруші және ғылыми жұмыстар бойынша проректор қызметтерін атқарды.

1967 жылы кандидаттық диссертациясын, ал 1972 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 1975-1987 жылдары АММИ-ның ректоры болды. АММИ фтизиопульмонология кафедрасының меңгерушісі (1975-1996), 1996 жылдан кафедра профессоры.

150-ден астам ғылыми еңбектері, монографиялары, оқу құралдары жарық көрді. Оның жетекшілігімен 20-ға жуық медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары дайындалды.

Қазақстан фтизиаторларының ғылыми-медициналық қоғамы төрағасының орынбасары, Бүкілодақтық фтизиатрлар қоғамының, пульмонологтардың Бүкілодақтық ғылыми-медициналық қоғамының мүшесі және КСРО МҒА Президиумы жанындағы «Пульмонология мәселелері» комиссиясының мүшесі болды.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1981), «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен (1957), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен (1966), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1982) марапатталған.

 

Белозеров Евгений Степанович (1987-1995)

Инфекционист, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1975), Қазақ КСРО еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1990). Свердловск медицина институтының педиатрия факультетін 1961 жылы бітірген. Дәрігерлік қызмет атқара жүріп,  аспирантурада оқыған. 1966  жылы «Жұқпалы гепатитпен ауырған  науқастар ағзасында микроэлементтердің қарқындылығы» тақырыбында кандитаттық  диссертация, 1974 жылы докторлық  диссертация қорғаған.  1972-1978 жылдары Тюмень медицина институтының жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. 1978-1983  жылы Семей мемлекеттік медицина институтында проректор, 1983-1985 жылдары Курск медицина институтында проректор  болды. Ғалымның жетекшілігімен 100-ден аса докторлық және кандитаттық  диссертация қорғалған. 1985 жылдан 1995 жылға дейін Алматы мемлекеттік  медицина институтының ректоры, 1985-1987 жылдары жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. 300-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде монографиялар және медицина институты  студенттеріне арналған оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрген.  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Әл-Фараби атындағы сыйлықтың лауреаты.

 

Момынов Талғат Әшірұлы (1995-2008)

Дәрігер-фтизиатр. (1992) медицина ғылымдарының докторы, (1994) профессор, (2004) ҚР ҰҒА академигі. 1976 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1995 жылдан 2008 жылға дейін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина  университетінің ректоры, 2004-2008 жылдары ҚР ҰҒА медицина ғылымы және биология ғылыми бөлімінің төрағасы қызметтерін атқарған. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: туберкулез аурумен ауырған науқастар өкпелерінің меншікті дәнекер тінінің патологиялық үрдістерінің биохимиялық негіздерін зерттеу, туберкулез микробактериясының гендік молекулярлық аспектісінің тұрақтылығы. Ең ірі жетістіктері: өкпе туберкулезбен ауырған науқастардың өкпесінің меншікті дәнекер тінінің патологиялық үрдісінің биохимиялық негіздері туралы зерттеулері; туберкулез кезіндегі өкпе тінінің патологиялық бұзылудың механизімін және оның регенерация заңдарын анықтау; микробактерияларды инфекция кезіндегі ағзаның имунитеттік және биологиялық қорғану аспектілерін зерттеу.

230-дан астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 11 монография, 2 оқулық, «Өкпе туберкулезінің дифференциялдық диагностика» атты 2 томдық атласы, орыс-қазақ және ағылшын-қазақ тілдерінде медициналық сөздіктердің авторы. «Құрмет» ордендерімен және медальдарымен марапатталған. 2000 жылдан бастап ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2003 жылдан ҚР білім саласының құрметті қызметкері.

 

Ақанов Айқан Ақанұлы  (2008-2016)

Денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы (1992),  профессор (1994),  ҚР еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Мәдениет»  қайраткері.

1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.

Алматы облысы Кеген орталық аудандық ауруханасында терапевт-дәрігер, емхана меңгерушісі қызметтерін атқарған (1975-1978).

1978 жылдан Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу кардиология институтында ғылыми жұмыспен айналыса бастады. 1984 жылы Алматы шет тілдер институтын бітірді. 1986 жылы кандидаттық диссертация, 1992 жылы «ҚР ауыл тұрғындары арасында жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу және эпидемиологиясы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1994-1995 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылыми және медицина мамандары Басқармасының бастығы болды. 1996 жылы ҚР Президент аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне ауыстырылды. 1997 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі, 1998-1999 жылдары Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті төрағасының 1-ші орынбасары, 1999-2001 жылдары Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық Орталықтың бас директоры, 2001 жылы ҚР Премьер Министр Кеңесінің Денсаулық сақтау секторының меңгерушісі, 2002-2004 жылдары Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ұлттық Орталықтың бас директоры, 2004-2006 жылдары ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 1-ші орынбасары болды.  2006-2007 жылы қоғамдық Денсаулық сақтау жөніндегі ҒЗИ директоры қызметтерін атқарды. 2007-2008 жылдары Жапония, Нагасаки университетінің құрметті профессоры атағын  алды. 2008 жылдың сәуір айынан қазірге дейін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры. 1996-2000 жылдары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы.

400-ден аса ғылыми еңбектердің, оның ішінде 82 монографияның авторы. 17 ғылым кандидатын және 15 ғылым докторларын дайындады.

1951 жылы 28 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылында дүниеге келген.

Білімі:
1968 жылы Үлгілі малшы ауылында Абай атындағы орта мектепті тәмамдаған.

1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын және 1984 жылы Алматы шет тілдері институтын бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

1974-1975 жылдары – Текелі қ. №1 медициналық-санитарлық бөлімінің ординатор-дәрігері.

1975-1978 жылдары – Кеген аудандық емхананың терапевт-дәрігері.

1978-1987 жылдары – Кардиология ғылыми-зерттеу институтының кардиологиялық аурулар бөлімінің ғылыми қызметкері.

1987-1993 жылдары – Кардиология ғылыми-зерттеу институтының кардиологиялық аурулар бөлімінің жетекшісі.

1985 жылы КСРО Медицина ғылым академиясының Бүкілодақтық кардиология ғылыми-зерттеу орталығында «Эпидемиология и профилактика артериальной гипертонии среди мужчин 40-50 лет в промышленных районах Казахской ССР» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1992 жылы Қырғыз Республикасының (Бішкек қ.) кардиология ғылыми-зерттеу институтының «Эпидемиология и профилактика хронических неинфекционных заболеваний среди сельского населения Республики Казахстан» деген тақырыпта КСРО жоғары аттестациялық комиссиясының бекітуімен докторлық диссертация қорғады.

1993-1994 жылдары – Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығы директорының орынбасары.

1994 жылы профессор атағы берілді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым, білім және кадрларды басқару Басқармасының бастығы.

1995-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының әлеуметтік-мәдени дамыту бөлім Жетекшісінің орынбасары.

1996-1998 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің денсаулық сақтау Комитеті Төрағасының Орынбасары.

1996-1998 жылдары — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саясатын дамыту бойынша комиссия мүшесі.

1998-2001 жылдары – Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталықтың Бас директоры.

2001ж. қаңтар – 2001ж. қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесі әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімінің денсаулық сақтау секторының меңгерушісі.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

2001-2004 жылдары – Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталықтың Бас директоры.

2004-2007 жылдары — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары бойынша эксперті.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

2006ж. қазан – 2007 ж. – Қоғамдық денсаулық сақтау Институтының директоры.

2007ж. қазан – 2008ж. сәуір  – Visiting professor of Nagasaki University.

2008ж. сәуірінен – 2016 ж. — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры.

2010 жылдың 28 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мәдениет минстрінің бұйрығымен ректор А.А. Ақановқа «Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағы берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *