«Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша жеделтетілген оқытудың қысқартылған оқыту бағдарламасы бойынша

Ақпараттық хат

(қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып оқыту)

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтар бойынша жоғары білімі (техникалық және кәсіби) бар тұлғаларды қысқартылған мерзімде оқуға қабылдайды.

Жоғары білімі (техникалық және кәсіби) бар тұлғаларды оқуға қабылдау  талапкерлердің өтініші бойынша конкурс негізінде қабылданады.

Химия, технология, биология білімі бар «Фармация» мамандығына оқуға түсуші талапкерлерге оқу мерзімі 3 жыл, жалпы медицина (емдеу ісі) бойынша – 2,5 жыл, техникалық (орта білім) және кәсіби білімі барларға – 3,5 жыл.

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығына түсетін тұлғалар үшін жоғары білімі барларға оқу мерзімі — 2,5 жыл, техникалық (орта білім) және кәсіби білімі барларға – 3 жыл.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқуға түсуші жоғары білімі бар талапкерлер қабылдау комиссиясымен өткізілетін  «Фармация» мамандығы үшін «Фармация негіздері» пәнінен, ал «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы үшін «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы негіздері» пәнінен сұхбаттасу түрінде қабылданады. Жоғарыда атлған пәндерден емтихан сұрақтарының тізімі талапкерлерге арналған оқуға қабылдау емтиханын спецификациясында берілген.

Техникалық (орта білім) және кәсіби білімі бар талапкерлерді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқуға қабылдау жалпыбейінді  пән (биология) және бірбейінді пән (химия) бойынша қабылдау комиссиясы және  Ресбуликалық тестілеу орталығы жүргізетін кешенді тестілеу қорытындысы бойынша  жүргізіледі.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жоғары білімі (техникалық және кәсіби) бар талапкелер оқуға қабылдануы үшін  оқу ақысын тұлғалар өз қаражатынан немесе басқа қаржыландыру көздерінен өтей алады.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу ақысы ақылы білім беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерге сәйкес сәйкес оқу жылына арналған бекітілген тәртіппен анықталады. Оқуға төлем ақыны төлеу (ҚазҰМУ пайдасына жеке тұлғадан) университет есепайырысу счетіне банк кассасында қолма-қол ақша салу, банктық аударым арқылы жүзеге асыруға болады.