Жаңалықтар.

Жатақханадан орын бөлу мониторингі туралы ақпарат

       Қазіргі таңда университетіміздің 7 жатақханасында 2872 орын бар. Жатақханадан орын бөлу  мониторингінің 1 кезеңі   бойынша жұмыс комиссиясы 2015 жылдың мамыр айында басталды. Жұмыс комиссиясының отырысында жетім және мүгедек студенттер, көп балалы мен жағдайы төмен студенттердің  құжаттары қаралып, 424 студентке жатақханадан орын бөлінді.

 2 кезең бойынша тамыз айында жұмыс комиссиясы  — 532  бірінші курс студенттерін, 441 шетел студенттерін және   527 студентке (СҚЖ, қабылдау комиссиясында жұмыс жасаған студенттер, белсенді студенттер)  жатақханадан орын бөлінді.

2015 жылдың қыркүйек айында 1 кезеңнің критерилеріне сәйкес  қосымша 367 студентке орын бөлініп, 1-курс шетел студенттерін қоспағанда жалпы жатақханадан орын алғандар саны – 2291 студент. Ал қазіргі таңда жатақханаға мұқтаж студенттер саны – 544.

Биылғы оқу жылында университетімізге Үндістаннан студенттер оқуға түсті.

2015 жылдың 26 қазанында  1-курсқа  — 504 студент оның ішінде: 74 студент компанияларынан жалға алып тұрады жатақхана алды.

ҚазҰМУ жатақханаларында 1-курс шетел  студенттерінің 430 студенті тұрады. 2015 жылдың 30 қазанында NEO компаниясынан менеджерлері тиісті жатақханаларынан университетіміздің 30 студентін басқа орынға ауыстырады.

2015 жылдың 01 қараша күні университет жатақханаларынан 30 орын босатылып, кезекке сәйкес жатақханаға мұқтаж студенттер орналастырылатын болады.

Кезек тізімі бойынша ақпаратты университет kaznmu.kz  сайтынан көруге болады (ҚазҰМУ өмірі, ҚазҰМУ-дың, әлеуметтік-тәрбие жұмысы, жаңалықтар менхабарландыру).

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТІН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *